
2024 жылғы 16-18 мамыр күндері Алматы қаласында «Уран және сирек металдар өнеркәсібінің дамуы» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Қазақстан Республикасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының атынан әлемнің әртүрлі елдеріндегі әріптестеріне атом энергетикасын қауіпсіз дамыту саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндіктер ашады, саланың бар минералдық-шикізаттық, технологиялық, зияткерлік және экономикалық әлеуетін жұмылдыру, тиімді пайдалану және арттыру бойынша ауқымды жұмыс бағдарламасын жүзеге асырады.
Конференцияның мақсаты – әлемнің ядролық индустрия компанияларының ғылыми-техникалық интеграциясына жәрдемдесу.
Алдағы конференцияда атом саласының өзекті мәселелері жеті негізгі секцияда қаралатын болады:
1-секция. Геология, геотехнология және тау кен-дайындық жұмыстары
2-секция. Уран өндіру және өңдеу технологиялары
3-секция. Реакторға дейінгі ядролық отын циклінің технологиялары мен өзекті мәселелері
4-секция. Сирек, сирекжер металдарын және олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары
5-секция. Атом саласындағы кәсіпорындардың қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару, өндірістік қауіпсіздікті басқару
6-секция. Тұрақты даму, соның ішінде экология, әлеуметтік сала және корпоративтік басқару (ESG) мәселелері, атом саласының жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері
7-секция. Атом саласындағы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру
Маңызды күндер:
2024 ж. 10 сәуір - Конференцияға қатысу туралы өтінімдерді және жинаққа арналған баяндамалар мәтіндерін (MS Word форматында) қабылдаудың аяқталар күні
2024 ж. 5 мамыр - Баяндамалардың таныстырылымдарын (MS Power Point форматында) қабылдаудың аяқталар күні
Қатысу ережелері мен тезистерге қойылатын талаптар туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады:
Конференцияны өткізумен байланысты сұрақтар бойынша:
Айдана Аманова, ғылыми-техникалық жобалары департаментінің бас менеджері
Тел.: +7 (7172) 45 84 44 іш. 10108, ұялы тел. + 7 747 804 3586
Email: aamanova@kazatomprom.kz