«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) басқару органы - Директорлар кеңесі. Ол Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасайды. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғам Жарғысында (Жарғысында жасалған өзгерістермен), Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінде және Директорлар кеңесі туралы ережесінде көрсетілген тәртіпте қабылданады. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі бiр мезгiлде төрттен артық заңды тұлғаның директорлар кеңесіне мүше бола алмайды, сонымен қатар екіден артық директорлар кеңесіне төраға бола алмайды.
Нил Лонгфэллоу 1958 жылы дүниеге келген. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның азаматы.
Лонгфэллоу мырза инженер-электрик, Ядролық Институттың мүшесі және Өлшеу және бақылау институтының мүшесі.
Ол еңбек жолын Ұлыбританияда электротехника саласында бастаған.
1991 жылы British Nuclear Fuels Limited компаниясына қосылып, Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отынды қайта өңдеу зауытына жетекшілік етті. 2007 жылы басқарушы директор орынбасары болып тағайындалды.
2009 жылы Нил Лонгфэллоу Westinghouse Electric компаниясына қосылып, Springfields Fuels Limited басқарушы директоры және Еуропалық отын бизнесінің вице-президенті лауазымдарын атқарды.
2013 жылы Лонгфэллоу мырза Costain PLC қосылып, Ұлыбританияда ядролық, мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыратын директор болды.
2015 жылдан бастап Лонгфэллоу халықаралық атом өнеркәсібі секторында тәуелсіз консалтинг қызметін көрсетеді.
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесінің Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.
Расселл Бэнхам 1954 жылы дүниеге келген. Австралия азаматы.
Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің коммерция бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Ол Австралия мен Жаңа Зеландияның Дипломды бухгалтерлер институтының мүшесі және Австралия директорлар институтының түлегі.
Еңбек жолын 1974 жылы Австралияның Andersen компаниясында аудитор ретінде бастады. Ол жерде 2002 жылға дейін жұмыс істеп, Аудиторлық серіктес дәрежесіне дейін жетті. 2002 - 2007 жылдары Австралияның Брисбен қаласындағы Ernst and Young компаниясында кеңесші қызмет бөлімінің бастығы. 2007 жылы Бэнхам мырза Deloitte CIS аудит қызметінің басшысы және Алматы қаласындағы «Deloitte CIS» атқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
2011 - 2014 жылдары аралығында Мәскеудегі Deloitte CIS компаниясының «Энергетика және ресурстар» бөлімінің меңгерушісі.
2014 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі әртүрлі компаниялардағы тәуелсіз директор.
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесінің Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.
Марк Кэшер 1970 жылы дүниеге келген. Америка Құрама Штаттарының азаматы болып табылады.
Кэшер мырзаның жеке капитал мен инвестицияларды басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
1992 жылы Кэшер мырза Тафтс Университетін бітіріп, кеңестік зерттеу саласындағы бакалавр дәрежесін алды. 1997 жылы Джорджтаун университетінде бизнес әкімшілендіру саласындағы магистр дәрежесін алды.
Кэшер мырза өзінің мансабын 1997 жылы AIG Capital Partners компаниясында (атауы кейінірек PineBridge Investments деп өзгертілді) тікелей инвестициялар саласындағы кіші қызметкер ретінде бастады. 2010 жылдан 2015 жылға дейін Pinebridge Investments Russia, Ltd Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2013 жылы Кэшер мырза Sapiens Advisors компаниясының негізін қалады.
2018 жылдан 2021 жылға дейін Марк Кэшер «Ұлттық банк» Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ тәуелсіз директоры қызметін атқарды, оның негізгі міндеті ҰИК -те активтердің балама класстарына инвестиция салу.
Қазіргі уақытта Кэшер мырза ақпараттық қауіпсіздік қызметтерін ұсынатын және енгізетін Softline Digital Lab директорлар кеңесінің мүшесі және Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылады.
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес, тәуелсіз директордың өлшемшарттарына сәйкес келеді
Жанәділ Ернар Бейсенұлы 1984 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
2006 жылы Алматы қаласындағы ҚМЭБИ бухгалтерлік есеп және қаржы факультетін бакалавр дәрежесінде бітірді. 2009 жылы Манчестер университетінде магистр дәрежесін алды.
Жанәділ мырза өзінің мансабын 2006 жылы «PricewaterhouseCoopers» ЖШС-те кеңесшісі болып бастаған. 2010-2016 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, ал 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық бақылаушысы болып жұмыс істеді. 2017 жылы ол «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. 2018 жылдан 2021 жылға дейін Жанадил мырза «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы қызметін атқарады.
Нұрбаева Нәзира Нұртөлеуқызы 1975 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
1994-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыды. Қосымша 1996 жылы Wisconsin Richland университетін бизнес әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Алматы қаласындағы ҚМЭБИ-дің басқарушы кадрлар үшін MBA курсынан өтті.
Нәзира Нұртөлеуқызы өзінің еңбек жолын 1997 жылы Қазақстандағы «PricewaterhouseCoopers» ЖШС филиалында салық бөлімінде ассистент позициясында бастады. 1998-2003 жылдар аралығында «PricewaterhouseCoopers» ЖШС филиалында салық және заң қызметтері бөлімінде жұмыс істеді. 2003 жылы ол «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис» ЖШС-те салық бойынша аға кеңесші қызметін атқарды. 2004-2014 жылдар аралығында «PricewaterhouseCoopers» ЖШС-де салық және заң қызметтері бөлімінде аға менеджер лауазымында болды, ал 2014 жылы «PricewaterhouseCoopers» ЖШС-де салық және заң қызметтері бөлімінің директоры лауазымына тағайындалды.
2020 жылдың маусым айынан бастап Нәзира Нұртөлеуқызы салық және заң қызметтері бөлімінде «Делойт TFC» ЖШС серіктесі ретінде жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) қызметін басқарады, Қоғамның Басқармасын басқарады, даму стратегиясын қалыптастырады, халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары мен бағыттарын және Қоғамның кадрлық саясатын анықтайды. Бас және басқарушы директорлардың қызметін үйлестіреді және бақылайды. ҚР-ның мемлекеттік, құқық қорғау, сот органдарында, халықаралық ұйымдарда Қоғам қызметінің барлық мәселелері бойынша Қоғам мүдделерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1964 жылы туылған.
1988 жылы Обнинск атом энергетикасы институтын «Атом электр станциялары мен қондырғылары» факультетін «Инженер - жылу энергетигі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.
1992 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитеті болып қайта құрылған Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2008 жылғы желтоқсаннан 2013 жыл аралығында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры болып, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Атом энергиясы агенттігінде жұмыс істеді.
2013 жылғы тамыздан 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы еңбек жолын 2015 жылғы қыркүйектен ЯОЦ жобалар департаментінің директоры лауазымынан бастады. 2017 жылғы шілдеде «ЯОЦ жөніндегі басқарушы директоры лауазымына, 2021 жылғы қаңтарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.
2021 жылғы 3 қыркүйектен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет