| (AIX)    USD 40.26   %   -1.54 KZT 21045   %   -1.34

Біз туралы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші. Қазатомөнеркәсіптің акциялары «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Лондон қор биржасында 2018 жылдың қарашасынан бастап сатылымда.

21554
қызметкер
36
Еншілес, тәуелді және өзге де ұйымдар
40%
2023 жылғы әлемдік уран өндірісіндегі үлесі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның акционерлік капиталының 85,08% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі, 14,92% «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында еркін айналымда.

Қазатомөнеркәсіп уран мен оның қоспаларының, АЭС-қа арналған ядролық отынның, арнайы жабдық пен технологиялардың экспорты мен импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие. Бұл мәртебе компанияға Қазақстан Республикасының Үкіметімен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуды қамтитын артықшылықтарды пайдалануға және сәйкесінше, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өндіруді жүзеге асыруға жарамды жоғары сапалы табиғи уран кен орындарына қол жеткізуге басымдық береді.

Қазатомөнеркәсіп тек Қазақстан Республикасы аумағында уран өндіреді және уран қоры 300 мың  тоннаға жуық саладағы ірі ресурстық базаға ие. 

Компанияның барлық уран кен орындары экономикалық тиімді және экологиялық тұрғыдан барынша зиянсыз ЖҰШ әдісімен өндіру үшін жарамды, бұл өндіруші активтерді ұзақ мерзімді пайдаланумен бірге, Қазатомөнеркәсіпке уран өндірісінің анағұрлым төмен құнымен жетекші әлемдік өндірушілердің қатарында қалуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Қазатомөнеркәсіп өзінің дәстүрлі өндіру және сату көлемдерін ұлғайту стратегиясын нарыққа бағыттап қайта қарап шықты және екпінді көлемнен өнім өткізілетін құнға ауыстырды.

Жер асты ұңғымалы шаймалау әдісі

Қазатомөнеркәсіпті холдингтің тиімді жұмысы үшін қажет корпоративтік басқару саласындағы озық практиканы қолданатын және кең тәжірибеге ие мықты әрі білікті менеджерлер командасы басқарады. Директорлар кеңесінің құрамында уран өндірісі саласы мен жалпы атом өнеркәсібіндегі халықаралық тәжірибесі мол, мінсіз іскерлік беделге ие үш тәуелсіз директор бар.

Пікір қалдыру