| AIX

Инвесторларға

Қазатомөнеркәсіпке не үшін инвестициялау қажет

Қазатомөнеркәсіп  ең ірі уран өндірушісі, сонымен қатар  табиғи уранды сату нарығында көшбасшылық орынын иеленіп отыр, ал табиғи уран әлемдегі атом электр станциялары өндіретін көміртексіз электр энергиясын түрлендірудің көзі болып табылады.

Табиғи уран планета үшін таза атом энергиясын түрлендіруден бұрын өндірудің және өңдеудің бірнеше кезеңдерінен өтеді. Соның ішінде уран өндірісі ядролық отын циклындағы барынша экономикалық тұрғыдан тартымды сегмент болып табылады. Казатомөнекәсіп өндірістің өзіндік құны төмен  ең ірі уран өндіруші бола отырып, сонымен қатар табиғи әлемдік нарығында ең ірі жеткізуші.

Біздің жоғары бәсекелестілігіміздің ерекшелігі тек қана  өндірістік шығындардың төмендігі мен экономикалық тиімділікпен ерекшеленетін және экологияға мейлінше аз ықпал ететін жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өндіру технологиясын қолданумен ғана емес, сондай-ақ сатылым құрылымымен және жылдам дамып келе жатқан ядролық нарықтарға географиялық жақындығымен дәйектеледі.

Аталмыш факторлар нарықтағы жағымсыз өзгерістерге төтеп беруге, және жарқын болашақта уран бағасы қалпына келген жағдайда, сондай-ақ сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі реттелген кезде біздің позициямыздың нығайуына септігін тигізеді.

Біздің активтеріміздің ауқымды портфеліне Қазақстанда орналасқан 14 уран өндіруші кәсіп орындарына активіне біріккен 26 жұмыс учаскесінде өндіріс жұмыстарын жүргізеді, және Компания салыстырмалы түрде көп капитал салмай-ақ өз ресурстық базасын ұлғайта алады.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде Қазатомөнеркәсіп, Қазақстандағы барлық уран кен орнын игерудің басымдыққа ие құқы заңмен бекітілген.

Пікір қалдыру