· «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС шығарған AFA 3G ТМ дизайнындағы жылу бөлетін құрамалардың (ЖБҚ) бірінші партиясы Қытайға жеткізілді және атом электр станциясымен қабылданды.
· Қазатомөнеркәсіп табиғи уранды Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы физикалық жеткізуді жүзеге асырды.
· S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіпке алғашқы ESG рейтингін берді.
· Қазатомөнеркәсіп PriceWaterhouseCoopers нұсқасы бойынша «ESG-ақпаратты үздік ашу» рейтингісінің көшбасшысы атанды.
· Қазатомөнеркәсіп COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері алғашқы Талдаушы күнін, сондай-ақ Компанияның Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі өндірістік объектілері мен кеніштеріне таныстыру турын өткізді.
· Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асырудың басталғаны туралы хабарлады.
· Ержан Мұқанов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
· Қазатомөнеркәсіп 2021 жылдың қорытындысы бойынша 227,4 миллиард теңге дивиденд төледі.
· Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы Мәжит Шәріповтың өкілеттігін тоқтату туралы шешімін жариялады.
· Қазатомөнеркәсіп БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды.
· Қазатомөнеркәсіп ANU Energy OEIC Ltd физикалық уранды сақтау қорына 24,25 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды, бұл ANU Energy инвесторларының бірлескен инвестицияларының 32,7% үлесін құрайды.
Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік орталығында, жекелеген еншілес және тәуелді ұйымдарында (ЕТҰ) SAP ERP интеллектуалды платформасы негізінде автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу бойынша жобасы ТМД-дағы SAP клиенттеріне арналған SAP ValueAward жыл сайынғы премиясының лауреаты атанды.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭЖХА) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-н АЭЖХА-ның Төмен байытылған уран (ТБУ) банкіне төмен байытылған уран жеткізушілердің бірі ретінде таңдады. Бұл таңдау әлемдік қауымдастықтың сенімді әрі танылған уран өнімдерін жеткізуші ретінде Компанияға көрсетілген жоғары сенімді аңғартады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның құнды қағаздары «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО/АІХ) мен Лондон қор биржасында (LSE) саудаға түсті. ІРО аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 15% акциясы шамамен 451 млн АҚШ долларына орналастырылды. Енді оның акционерлері арасында қазақстандық инвесторлар мен халықаралық жетекші қорлар бар.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың арасында алғашқы болып, қауіпсіздікті, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің амандығына басымдық беретін «Нөлдік жарақаттану» (Vision Zero) тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі жаһандық бағдарламаның ресми қатысушысы болды. Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығы әзірлеген бағдарлама өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау және қызметкерлердің кәсіби ауруларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовпен кездесті. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа компания жұмысының негізгі қорытындылары мен перспективалары жөнінде баяндады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа сайланған құрамына уран және атом саласындағы халықаралық мол тәжірибеге ие кәсіпқой мамандар ретінде танылған үш тәуелсіз директор - Джон Дудас, Нил Лонгфэллоу және Расселл Бэнхам енді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілі тұңғыш рет WNFM (World Nuclear Fuel Market – Дүниежүзілік ядролық отын нарығы) халықаралық қауымдастығы басшыларының құрамына енді. Бұл компанияның табиғи уран өндірісіндегі көшбасшы ретінде, әлемдік атом өнеркәсібін қолдауға белсенді ұмтылысын көрсетеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Yellow Cake Plc компаниясының акциялары сәтті орналастырылған соң 2018 жылғы 10 мамырда қол қойылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша міндеттемелерінің орындалатынын растайды. Келісімнің шарттарына сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 3100 тоннадан астам табиғи уранның алғашқы жеткізілімін қамтамасыз етті. Бұл UxC болжамы бойынша бастапқы көздерден өндірілген әлемдік өндірістің 5%-нан астамын құрайды.
Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бразилиялық «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) компаниясына табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тендерде жеңіп шықты. Келісім шарттарына сәйкес Қазатомөнеркәсіп белгіленген мерзімде уран жеткізіп берді.
Қазақстан Республикасында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылды. Көрмеге қатысу мақсатында әлемдік атом саласының көшбасшылары - «Казатомөнеркәсіп», «Росатом», «Cameco», «AREVA» компаниялары «Атом энергетикасының әлемі» павильонын құрды. Мұнда атом өнеркәсібі, қауіпсіздігі мен ядролық энергетиканың экологиялық қауіпсіздігі саласындағы барлық соңғы жетістіктер, сондай-ақ саланы дамыту келешегі көрнекі түрде көрсетілді.
2017 жылғы 21 сәуірде Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ» ҰАҚ арасында «Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-оқыту орталығын» құру туралы Келісімге қол қойылды. Орталықтың міндеті – Қазақстанның атом саласы үшін жоғары білікті мамандарды дайындау, соның ішінде шетел студентерін оқыту. Оқу орны Компания үшін қажетті бағыттар бойынша оқыту әдістері мен технологияларды жетілтірумен айналысатын болады.
2017 жылғы 10 сәуірде Астанада, Қазақстан Республикасы энергетика Министрі Қанат Бозымбаевтың, AREVA (Қазіргі уақытта – ORANO) Директорлар Кеңесінің төрағасы Филипп Варанның қатысуымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және AREVA арасында, екі компанияның Қазақстан Республикасында уран өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды келісімге қол қою ресми салтанаты өтті. Қазақстан мен Францияның мүдделерін қорғайтын осы келісім «КАТКО» БК» ЖШС (АРЕВА (51%) және Казатомпромның (49%) біріккен кәсіпорны) тиімді қызметті әрі қарай дамытуға және арттыруға арналған жаңа мүмкіндіктер ашады.
30 наурызда Компанияның директорлар Кеңесінің шешімімен Sumitomo Corporation - нан «SARECO» БК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 49% сатып алу құпталды.
Наурызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның аясында 2017-2019 жж. кезең ішінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 3 млрд. теңге көлеміндегі жиынтық соманы Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару жоспарлануда.
Қазақстан мен Моңғолия атом саласындағы ынтымақтасты дамытуға ниетті
Кездесулер барысында тараптар геологиялық барлау, уран өндіру және оны өңдеу сияқты атом өнеркәсібінің ынтымақтастық үшін өзара қызығушылық тудырып отырған бірқатар бағыттарын атады.
«Қазатомөнеркәсіп» қытайлық АЭС-ке арналған отын өндіретін зауыт салуға кірісті.
«Қазатомөнеркәсіп» және чехиялық «Uranium Industry» Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» пен ҚазҰТЗУ Атом мен баламалы энергетика және кадрларды даярлау саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» және «Росатом» ЯОЦ саласындағы өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы Меморандумға қол қойды.
Маркетинг қызметін нығайту үшін «TH Kazakatom AG» трейдингтік компаниясы құрылды.
Бизнесті трансформациялау аясында компанияға 2025 жылға қарай 130 млрд теңгеден астам экономикалық тиімділік алуға мүмкіндік беретін 26 жобаны іске асыру қолға алынды.
2024 жылға дейін қытайлық АЭС-тер үшін қазақстандық отын таблеткаларын жеткізу жөнінде қытайлық CGNPC-пен құжаттарға қол қойылды.
«Қазатомөнеркәсіп» пен Қытай компаниялары Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын одан әрі іске асыру және Қазақстан Республикасының атом саласына инвестициялар тарту мәселелерін талқылай отырып, атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтты.
«Қазатомөнеркәсіп» пен Cameco «Инкай» БК қайта құрылымдау және «Қазатомөнеркәсіптің» бірлескен кәсіпорнындағы үлесін 2018 жылы 40%-дан 60% - ға дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» пен ConverDyn UF6 нарығындағы бірлескен маркетинг туралы келісімге қол қойды.
Желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың ҚХР-на ресми сапары шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен CGNPC Бас директоры Чжан Шанминь Қазақстанда жылу бөлгіш құрастырмалар өндірісі зауытын жоспарлау және салу бойынша және Қазақстанда уран кенорның бірлесіп дайындау бойынша коммерциялық жағдай туралы Келісімге қол қойды. Жыл соңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің «Жергілікті мазмұнды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы атанды. Ұлттық атом компаниясы отандық тауар өндірушілерді қолдайтын үздік тапсырысшы болып табылды. |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «The Japan Atomic Power Company» және «Marubeni Utility Services, Ltd.» өзара түсіністік туралы үш жақты Меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптар атом энергетикасы саласында кеңес беруден бөлек ынтымақтастықты дамыту, қоғаммен өзара әрекет бойынша тәжірибе алмасу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сарапшылармен кездесу және техникалық семинарлар ұйымдастыру, сонымен қатар атом саласындағы мамандарды дайындау және біліктілігін жоғарылату көзделген.
Компанияның Трансформациялау бағдарламасына старт берілді.
«Қазатомөнеркәсіп» пен Centrus Energy Corp. қазақстандық табиғи уранды әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті жеткізуді жүзеге асыру бойынша өзара тиімді қатынастарды дамытуды қарастыратын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады. Кездесу барысында А. Жұмағалиев Елбасына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алдағы 10 жылға негізгі мақсаттарын анықтайтын, ұлттық атом компаниясының даму стратегиясын бекіту туралы хабарлады.
Күздің бірінші айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамы Асқар Жұмағалиевпен жылдағы Лондандағы Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтар (World Nuclear Association – WNA) симпозиумына қатысты.
Симпозиум шеңберінде Қазатомөнеркәсіп басшысы шетел әріптестерімен бірнеше екі жақты келіссөздер өткізді. Асқар Жұмағалиев «Cameco» президенті Тим Гитцелмен, «AREVA» бас орындаушысының вице-президенті Оливье Вонсонмен, «Uranium One» президенті Василий Константиновпен және басқаларымен кездесті.
Тамызда «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Венеға сапар жасады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіліктің (МАГАТЭ) Бас директоры Юкия Маманомен кездесу барысында ядролық сала мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі екі жақты ынтымақтастықтың кең көлемдегі мәселелері талқыланды. Және сонымен қатар Қазақстан Республикасында МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран Банкісін құрудың нақты мәселелері қарастырылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Директорлар кеңесінің мүшелеріне компанияны дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын таныстырды.
Құжат Компанияның миссиясын, жоспарларын және таяу жылдардағы жалпы даму бағыттарын айқындайды, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің тиімділігін арттырып, құнын ұлғайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық мақсаттарын белгілейді.
Шілдеде «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Ресей Федерациясына сапар барысында «Росатом» Мемлекеттік корпорацияның Бас директоры Сергей Кириенкомен кездесті, кездесу барысында атом энергиясы саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың кең спектрлі мәселелері талқыланды.
Маусымда атомдық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда халықаралық тәжірибені үйрену мақсатымен «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Жұмағалиев Асқар Қуанышұлының Біріккен Араб Әмірлігіне жұмыс сапарымен барды. А.Жұмағалиев «Барака» атом электр стансасының құрылысына барды және АЭС құрылысының барлық кезеңдерімен танысты. |
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2010 жылғы мамырда 5 жыл мерзімге және 6,25% сыйақы мөлшерлемесімен орналастырылған 500 000 000 АҚШ доллары сомасындағы еурооблигациялар шығаруды өтеді.
1 тоқсанның соңында «Орталық» ӨК» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Орталық Мыңқұдық» кен орнында 10 мың тонна уран өндірді, ал Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауыты алғашқы миллион тонна күкірт қышқылын өндірді.
Ақпанда «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысына Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде жасаған ұлттық атом компаниясының стратегиялық бастамасын ұсынды. Құжат, халықаралық кеңесшілермен дайындалған, компанияның операциялық және инвестициялық қызметінің тиімділігін, және сонымен қатар еңбек өніміділігін жоғарлатуды қарастырады
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Холдингінің жүйесіне кіретін кәсіпорындар 23 800 тоннадан астам уран өндірді, бұл компанияның уран өндіру бойынша әлемдегі жетекші орнын сақтауына мүмкіндік берді.
Жыл бойы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстанның атом саласы үшін стратегиялық маңызды келісімдер жасады:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қытайдың бас ядролық-энергетикалық корпорациясы (China General Nuclear Power Corporation – CGNPC) ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы келісімге қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қызылорда облысымен 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазанда «Волковгеология» АҚ кәсіпорында жаңашылдықты қолдаудың үздік жүйесі үшін «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» жыл сайынғы республикалық байқауының жүлдесіне ие болды. «Жылдың үздік жаңашылдық шешімі» номинациясындағы екінші орынды және ақшалай жүлдені «УМЗ» АҚ тантал өндірісінің жаңашылдары алды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Каппаров қарашада, Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компания-әріптестері және ҚХР мемлекеттік органдары басшыларымен келіссөз жүргізді, онда ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. |
Қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ делегациялары 39-шы Жылдағы Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтар (World Nuclear Association – WNA) симпозиумның жұмысына қатысты. Қазатомөнеркәсіп басшысы Нұрлан Каппаров отын циклі компаниялары үшін негізгі мүмкіндіктер мен қауіп-қатерге арналған, панельдік пікірталастың қатысушысы болды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өндірісінің өзекті мәселелері» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (ХҒТК) ұйымдастырылды, оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, алыс шетел мемлекеттерінен: Франция, Германия, АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбритания, Жапония және басқа мемлекеттердің уран саласының 250-ден астам мамандары қатысты.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Каппаров, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіліктің (МАГАТЭ) Бас конференциясының 58-ші сессиясы шеңберінде МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкиа Аманомен, АҚШ энергетика министрі Эрнест Монисоммен, «Росатом» Мемлекеттік корпорация башысы Сергей Кириенкомен, және сонымен қатар Үндістан, Франция және Қытай делегацияларымен кездесу өткізді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ны басқаруға Нұрлан Қаппаров келді.
Осы айда «Инкай» қазақстан-канадалық бірлескен уран өндіруші кәсіпорны кен орнын игеру басталғалы бері 10 000 тонна уран өндіруге қол жеткізді.
«Тау-кен компаниясы» ЖШС-ны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қосу жолымен қайта құрылымдау үдерісі аяқталды.
Осы жылдың көктемінде бірлескен қазақстандық-ресейлік уран өндіруші кәсіпорын «Бетпақ дала» ЖШС («ЮГКХ» ЖШС) Ақдала және Инкай кенорындары 20 000 тонна уранды өндірді. |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері реми делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің басшылығымен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІІІ Самиттің жұмысына қатысты. |
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 22,829 мың тонна көлемінде уран өндірілді.
Ұлттық атом компаниясы 2014 жылы Қазақстан Республикасының аумағында уранның ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған іздестіру-барлау жұмыстарын жалғастырды. Жыл бойы жалпы көлемі 452 946 қума метр 986 астам геологиялық барлау ұңғымалары бұрғыланды.
Осы жылдың көктемінде «Бетпақ Дала» ЖШС («ОТХК» ЖШС) қазақстан-ресей бірлескен уран өндіруші кәсіпорны Ақдала және Инкай кен орындарын игеру басталғалы бері 20 000 тонна уран өндірді.
Желтоқсан айында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тәуліктік өнімділігі 12 000 тонна теңіз суын тұщытатын жаңа дистилляциялық тұщыту қондырғысын іске қосты.
Қазақстан аумағында күн панельдері өндірісінің толық циклін құру аяқталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Каустик» АҚ акционерлерінің құрамына кірді.
Moody ' s Investors Service «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ эмитентінің рейтингін «Ваа3» деңгейінде растады.
«Уралск электрохимиялық комбинаты» ААҚ ірі ресейлік бөлу кәсіпорнының 25% қосу 1 акциясын «УБО» ЖАҚ бірлескен кәсіпорнының сатып алуы жөніндегі мәміле аяқталды. 2013 жылдың қараша айында 300 мың ЕРР көлеміндегі алғашқы өнім тұтынушыларға жөнелтілді.
«Қазатомөнеркәсіп» жыл уран нарығының көптеген ойыншылары үшін қолайсыздау болғанына қарамастан, осы шикізатқа деген әлемдік қажеттіліктің шамамен 20% - ын қамтамасыз етуді жалғастыра отырып, табиғи уран өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылық орнын сақтап қалды.
«Қазатомөнеркәсіп» АҚШ-тағы өкілдігін ашты, ол - компанияның үшінші шетелдік кеңсесі.
Жыл бойы 2300 астам барлау ұңғымасы бұрғыланды.
2012 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында «Astana Solar» ЖШС фотоэлектр модульдерін шығаратын зауытта реттеп-іске қосу жұмыстары басталды. Өндірістік желіні іске Қазақстан Республикасының Президенті қосты. «Astana Solar» ЖШС зауыты ірі КазPV жобаның ақырғы технологиялық тізбегі болып табылады, оның шеңберінде Қазақстанда жаңғыртылатын энергия көздерін шығаратын толығымен интегрирленген өнеркәсіптік желі құрылды.
25 желтоқсанда Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпорындарға елімізді индустриализациялаудың бас марапаттарын берді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2012 жылдың «Инновациялар көшбасшысы» деп танылды.
Ақмола облысының Степногорск қаласында «Summit Atom Rare Earth Company» (SARECO) бірлескен қазақстан-жапон кәсіпорны салған сирек жер металдарының (СЖМ) ұжымдық концентраттарының жаңа өндірістік кешенінің ашылу салтанаты өтті.
«Орталық» және «Катко» уран өндіруші кәсіпорындары арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шу кентінде алғашқы рет, құрылған сәтінен бастап, сапалы ауыз суы пайда болды. Суды тазалайтын контейнерлік жүйе оны пайдалануға қосуды қамтамасыз етеді, оның үзіліссіз және тиімді жұмысын баламалы коректендіру көздері қамтыйды – ол күн батареялары мен жел стансалары. Шу кенті 1962 жылы құрылған сәтінен бастап оның тұрғындары ауыз суға зәр болуда. Ең жақын артезиан құдығы кенттен 20 шақырым жерде орналасқан.
26 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен білім беру саласындағы меценаттарға құрмет көрсетілді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы ретінде Владимир Школьник «Болашаққа инвестициялар» атты бас номинациясының үздік меценатының бірі деп танылды және «Меценат» деген алтын медальге ие болды.
30 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Глубоковское ауданының Прапорщиково кентіндегі Киров орта мектебінің жылу-сорғыш қазандығы іске қосылды. Бұл «ҮМЗ» АҚ-тың еншілес кәсіпорыны - «Машзавод» ЖШС шығарған жылу-сорғыштық қондырғылар базасында білім беру саласына жылу берілетін бірінші нысан.
Шілде айында қазатомөнеркәсіпшілер тағы да марапатталды. Astana Mining & Metallurgy Үшінші Халықаралық таукен-металлургиялық конгресс (АММ-2012) шеңберінде «Золотой Гефест» сайысының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. «Жыл геологы» болып «Волковгеология» АҚ-тың «№7 геологиялық барлау экспедициясы» филиалының директоры Сергей Александрович Шепелев аталды. Ол ИНКАЙ кен орнын бірінші ашқан және құрметті жер қойнауын барлаушы. «Қазатомөнеркәсіп» холдингіне екінші марапатты «Жоғары технологиялар және институттар» ЖШС әкелді, ол «Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы болып танылды.
14 шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің 15-жылдық мерейтойын атап өтті. 15 жылда Компания жетістіктерге жету үшін үлкен іс атқарды. Қазатомөнеркәсіп барлық киыншылықтарды ойдағыдай жеңіп қана қоймай, саланың әлеуетін елеулі бір дәрежеде дамытып, Қазақстанды ең қуатты уран державасы атағына жеткізді.
«СКЗ-U» ЖШС зауытында күкірт қышқылы өндірісі басталды.
Жапондық халықаралық ынтымақтастық Банкімен (JBIC) жан-жақты стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Sumitomo Corp және Жапонның Мұнай, газ және металдар корпорациясы (Japan Oil, Gas and Metals National Corporation (JOGMEC) арасында Қазақстан Республикасында сирек кездесетін металдарды әзірлеу жобасы бойынша ниеттестік пен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Наурыз айында «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ «Сенім-2011» атты республикалық байқаудың бас жүлдесімен марапатталды. «ҮМЗ» АҚ екі номинацияның жеңімпазы аталды: «Қызметкерлер саны 250 адамнан асатын аумақтың үздік жұмыс беруші-компаниясы» және «Үздік HR-жоба».
27 наурызда «ҮМЗ» АҚ қоғамдық тындауларды өткізді, олардың тақырыбы – атом электр стансасы үшін жылу бөлгіш құрастырмаларды (ЖБҚ) шығару бойынша жаңа өндірісті салу болды. Жобаны талқылау үшін атқарушы билік өкілдері, қалалық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП, Өскемен қаласының қоғамдық ұйымдарының белсендірілері, ҮМЗ қызметкерлері жиналған болатын. Кездесуде жобаны іске асыруға қатысушы AREVA компаниясының мамандары қатысты. Тыңдаулардың қорытындысы бойынша хаттама рәсімделді, онда қатысушылардың «ҮМЗ» АҚ базасында жылу бөлгіш құрастырмаларды шығару бойынша олардың жалпы оң пікірі бекітілген. Жобаны мақұлдау және оны заңмен белгіленген тәртіпте экологиялық сараптамаға жіберу керек деп шешілді.
2012 жыл Компания тарихында белгілі күндерге толы болды. Ақпанда «Жоғары технологиялар институты» ЖШС 10-жылдық мерейтойын атап өтті. Осы мерейтойға «Уран саласының өзекті ғылыми және технологиялық мәселелер. Энергия ресурстарын үнемдеу» атты IV семинар өткізілді. |
Қазан айында Қазақстанның ең ірі уран өндіруші кәсіпорындарының бірі – «Таукент тау-химия комбинаты» ЖШС-гі 30-жылдығын атап өтті. ТТХК қызметінің 2004 жылға дейін негізгі түрі уранды өндіру және оның құрамындағы уран концентратының 30%-ға жуығын құрайтын сары кекаға дейін қайта өндеу болып табылатын. 2004 жылдан бастап уранды өндіруге оны қайта өндеу қосылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ТТХК базасында аффинажды зауытты салды, ол компанияның кен басқармаларына экспорттық өнімді шығаруды мүмкін етіп отыр – бұл құрамында осы металдың 87%-ға дейін құрайтын уран тотығы-шала тотығы. ТТХК осы кезде уранды күкірт қышқылы ерітінділерінен экстракция әдісімен алынған жоғары сапалы өнімді шығарады.
2011 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаты (СЕА) арасында Қазақстан Республикасында жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты бекітуге және сирек және сирекжер металдарын (СМжСЖМ) зерттеу мен өндеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған құжаттарға қол қойылды.
Қазатомөнеркәсіп және Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH неміс компаниясы Меморандумға қол қойды, бұл меморандум әлемдік деңгейдегі бірлескен Қазақстан-Германия инновацияларын, Қазақстан индустриясының атом, химия және металлургия секторларындағы озық технологиялары мен жаңа ғылымды көп көлемде қажетсінетін өндірісті құру жөніндегі ынтымақтастықтың шарттарын айқындайды. Құжатта нақты 9 жобаға қол қойылды, соның ішінде тұз қышқылын, натрий цианидті шығаратын, хлорид пен кальций гипохлоридін және өзге де химиялық өнімді шығаратын пилоттық қондырғыларды құрастыру да бар.
2011 жыл Қазатомөнеркәсіп үшін әлеуметтік әріптестік бағдарламасын іске асыру жағынан белгілі болды. 9 желтоқсанда «Парыз-2011» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурстың қорытындысы жарияланды. Қазатомөнеркәсіп «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясының жеңімпазы болып аталды. 2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың қантарына дейін өткізілген «Сенім-2010» сайысының қорытындысы бойынша «Таукен компаниясы» ЖШС (ТКК) «Жылдың аймақтардағы үздік жұмыс берушісі» номинациясында 1 орынға ие болды. «Волковгеология» АҚ Таукен ісінде және металлургияда үздікті айқындайтын «Золотой Гефест» атты номинациясының «Рационализатор.KZ» деген республикалық рационализаторлық шешімдер конкурсының жеңімпазы деп аталды. «Үлбі металлургиялық зауыт» АҚ «Кәсіпорында рационализаторлықтың үздік қолдау жүйесі» номинациясында «Рационализатор.KZ» деген республикалық рационализаторлық шешімдер конкурсының жеңімпазы деп аталды. |
Қазан айында Алматы қаласында Қазатомөнеркәсіп қолдауымен Тантал мен ниобийді зерделеу жөніндегі Халықаралық Орталығының 52-ші Бас Ассамблеясы өтті, ол тантал мен ниобий рыногі үрдісін, тантал-ниобий өнімін шығару технологиясын дамытуды, бөлек кен орындарында шикізатты өндіруді және жеткізулер сенімділігін талқылау жөніндегі пікірталастың ірі алаңы болып табылады. |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен жапондық Toshiba Corporation зерттеулер жүргізу, сондай-ақ сирек металдар және сирек металдық өнімдер мен материалдарды әзірлеу, өндіру және өткізумен шұғылданатын бірлескен кәсіпорын құрды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен AREVA тау-кен тобы арасында жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Каустик» АҚ-мен бірге жалпы құны 200 млн АҚШ доллары болатын химия саласындағы жаңа жобаларды ашуды жоспарлады.
Қазақстандық кремний негізінде күн батареяларын өндіру жобасын іске асыру үшін «Астана Солар» ЖШС құрылды.
«Қазатомөнеркәсіп» пен француздық AREVA Қазақстандағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ базасында ядролық отын өндіру зауытын құру туралы шартқа қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» қазіргі және компания үшін жаңа тұтынушылармен, атап айтқанда, Францияның Électricité de France (EDF) және АҚШ-тың бірқатар энергетикалық компанияларымен уран жеткізу жөніндегі бірқатар ірі келісімшарттар жасады.
«Қазатомөнеркәсіп» келісімшарттары бойынша тұтынушыларға өнім жеткізу көлемі 10,3 мың тонна уранды құрады, бұл әлем реакторларының қажеттілігінің шамамен 17% - ын құрайды.
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында уран өндіру көлемі 19,4 мың тоннаны құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 9% - ға жоғары.
Жаңа күкірт қышқылы зауытының құрылысы аяқталды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен AREVA арасында отын құрастыратын бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Француз Республикасының Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаты (CEIS) арасында күн энергетикасы (фотовольтаика) саласында бірлескен зерттеулер жүргізу туралы меморандумға қол қойылды.
2010 жылы «ҮМЗ» АҚ, China National Nuclear Company (CNNC) құрамына кіретін China Jianzhong Nuclear Fuel (CJNF) компаниясында уран отын таблеткаларына сертификациялауды жүргізуді ойдағыдай аяқтады. Сонымен, Қытайға уран отын таблеткаларын жеткізу бойынша ірі жобаға старт берілді, олар Қытайдағы АЭС ірі иесі - China Guangdong Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясы үшін отынды дайындап шығару үшін пайдаланатын болады.
NFI компаниясы жапондық АЭС үшін Үлбі металлургиялық зауыты («ҮМЗ» АҚ) шығарған уран диоксидінің ұнтақтарын сертификаттауды жүзеге асырды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 5 жылдық мерзімге, купондық мөлшерлемесі 6,25% болатын 500 млн АҚШ долларына дебюттік RegS/144А еурооблигацияларын шығарды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен жапондық Sumitomo Corporation компаниясы қатысуымен «SARECO» БК» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп -51%, Sumitomo Corporation - 49%) бірлескен кәсіпорны құрылды.
Қазақстанда сирек және сирекжер металдар негізінде жоғары дайындық дәрежесі бар өнім шығарылымы жөніндегі жаңа жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндірісті құру мақсатында, 2010 жылғы наурызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ пен Sumitomo Corporation жапондық компания арасында «SARECO» БК» ЖШС бірлескен кәсіпорын құрылды (Қазатомөнеркәсіп -51%, Sumitomo Corporation - 49%). «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Тошиба жапондық корпорациясы зерттеулерді жүргізу үшін, сондай-ақ сирекметалдық және сирекжер өнімін әзірлеу, өндіру, шығару және өткізу үшін бірлескен кәсіпорынды құру туралы келісімге қол қойды. |
Қазақстан Республикасында уран өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша 17,8 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 30% - ға жоғары.
Қазақстан Республикасы әлемдегі уран өндіру бойынша бірінші орынға шықты. 2009 жылғы 21 желтоқсанда жылдық жоспар орындалды. Табиғи уран өндіру 13,5 мың тоннаға жетті. |
AREVA мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында IFASTAR (Integrated Fuel Asia Star) бірлескен отын кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Toshiba Corp. және Sumitomo Corp. Қазақстан аумағында сирек және сирек жер металдар мен өнімдер саласында бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Тамыздың 31-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа күкірт-қышқыл зауытының ірге тасына капсуланы салу рәсімі өтті. Жоба шетелдік инвесторлардың - Marubeni Corp., TEPCO (Жапония), Uranium One (Канада) - қатысуымен жүзеге асырылуда. |
Солтүстік Хорасан кен орнының Хорасан-1 учаскесінде өндірістік қуаты жылына 3 мың тонна уранды құрайтын Қазақстандағы алғашқы кеніш ашылды. Өндірілетін өнімнің басым бөлігі Жапонияның атом энергетикасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында өндірістік қуаты жылына 750 тонна уран өндіретін «Иіркөл» жаңа кеніш ашылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қытай Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) Қытайда атом электр станцияларын салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Nuclear Power Corporation of India Limited (NPCIL) Үнді ядролық-энергетикалық корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасы әлемде уран өндіру бойынша бірінші орынға шықты. 13,5 мың тонна табиғи уран өндірілді.
Желтоқсан айында Үлбі металлургия зауытында сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтағын шығаратын цех ашылды. Жобалық қуаттылығы - жылына 72,9 тонна түрлі кластағы тантал ұнтағы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен қытайлық China National Nuclear Corp (CNNC) және China Guangdong Nuclear Power Co (CGNPC) энергетикалық корпорациялары арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімдерге қол қойылды. Келісімдер бірнеше бөліктен тұрады: Қытайдың атом энергетикасының мұқтаждары үшін табиғи уранды ұзақ мерзімді жеткізу, Қытай серіктестерімен бірлесіп Қазақстан аумағында уран кен орындарын әзірлеу, Қытай АЭС үшін отын өндіру және қызметтің жаңа бағыты – Қытайда АЭС салу.
Оңтүстік Қазақстандағы Мыңқұдық кен орнының «Батыс» учаскесінде жерасты шаймалау әдісімен уран өндіретін жаңа кеніш ашылды.
«Үлбі Конверсия» ЖШС канадалық Cameco корпорациясымен бірлескен кәсіпорын құрды. Болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 12 мың тонна уран гексафторидін (UF6) құрайды, бұл конверсия бойынша әлемдік қуаттардың шамамен 17% - ына сәйкес келеді. Қазатомөнеркәсіптің жаңа БК үлесі 51%, Cameco 49% тиесілі.
Ядролық отын циклы саласында француздың AREVA компаниясымен стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды. «Катко» бірлескен уран өндіру кәсіпорны (Қазатомөнеркәсіп – 49%, Areva - 51%) 2039 дейін кезеңде жылына 4000 тонна уран өндіретін болады, оны іске асырумен Areva компаниясы айналысады.
Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» ұзақ мерзімді рейтингін «BBB –« - ке дейін және қысқа мерзімді рейтингті «F3» - ке дейін көтерді.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы құрамындағы ең көне кәсіпорын - «Волковгеология» АҚ-ның құрылғанына 60 жыл толды. Геологиялық барлау бейініндегі кәсіпорынның барлық үлгідегі уран кен орындарын барлау мен зерттеуде бай тәжірибесі бар. Уран кен орындарын іздеу мен барлаудан бастап, оларды өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дейінгі ұлттық атом компаниясы қызметінің барлық түрлерін геологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
«Волковгеология» АҚ елімізде 1,5 млн.тонна уранның жиынтық қоры бар мықты минералдық-шикізат базасын құруға тікелей қатысты (әлемде уранның сенімді барланған қорының 19%-ына ие). Қазақстанда тұрақты радиоэкологиялық мониторингті жүзеге асырады.
Қазақстанда 2007 жылы 6,6 мың тонна уран өндіріліп, 2006 жылғы 5,2 мың тонна уранмен салыстырғанда өндіріс 25,7%-ға ұлғайды.
Қытайдың Гуандон ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) және Қытай Ұлттық атом корпорациясымен (CNNC) атом энергетикасы саласындағы қатынастарды дамытуға қатысты келісімдерге қол қойылды.
Ресей мен Қазақстан Халықаралық уран байыту орталығын (ХУБО) құрды. Негізгі мақсат -ядролық емес мемлекеттерге ядролық қаруды таратпау режимі тұрғысынан сыни технологияларға қол жеткізбей, байытылған уранды алуға мүмкіндік беру. Орталықты құруды АЭЖХА мамандары мақұлдаған.
«Қазатомөнеркәсіп» пен Жапонияның энергетика, сауда және қаржы саласындағы бірқатар жетекші компаниялары арасында атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіліп, 24 келісімге қол қойылды.
«The Kansai Electric Power Co. Inc.» компаниясының атом реакторлары үшін ядролық отын әзірлеу саласындағы ынтымақтастыққа ниетпен «Қазатомөнеркәсіп» пен жапонның «The Kansai Electric Power Co. Inc», «Nuclear Fuel Industries, Ltd» және «Sumitomo Corporation» компаниялары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Toshiba компаниясы Westinghouse иелік ететін холдинг компанияларындағы қатысу үлесінің 10 пайызын 540 миллион АҚШ долларына «Қазатомөнеркәсіпке» берді.
Үлбі металлургиялық зауыты бериллий қоласынан лента өндіретін «Yingtan Ulba Shine Metal Materials Company Limited» бірлескен кәсіпорын құру туралы Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd. (ҚХР) келісімге қол қойды.
NEXI сақтандыру компаниясы «Қазатомөнеркәсіпке» компанияның кез келген мәмілелерімен 10 жыл мерзімге сауда-инвестициялық сақтандыру желісін ашты.
Қытай АЭС-тері үшін ядролық отын дайындау, сондай-ақ Қытайдың дамушы атом энергетикасын ресурстық жабдықтау саласында Гуангдон ядролық-энергетикалық корпорациясымен (China Guangdong Nuclear Power Holding, CGNPC) «Стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы» келісім жасалды.
«Cameco» корпорациясымен Қазақстан Республикасының аумағында конверсиялық кәсіпорын құру ниеті туралы хаттамаға қол қойылды.
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда 6,6 мың тонна уран өндірілді, өткен жылмен салыстырғандағы өсім – 25,7%.
Степногорск қаласында күкірт қышқылы зауыты іс бастады.
Қуаты 1000 тонналық «Шығыс Мыңқұдық» кеніші іске қосылды.
«КАТКО» БК-ның «Оңтүстік Мойынқұм» жерасты шаймалау кеніші өнеркәсіптік пайдалануға өтті.
Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіпке» алғаш рет Эмитенттің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді «ВВ+» рейтингін және шетел валютасындағы «В» қысқа мерзімді рейтингін берді. Рейтинг болжамы – «Позитивті».
Moody ' s Investors Service Қазатомөнеркәсіпке шетел валютасындағы «Baa3» эмитентінің рейтингін берді. Рейтинг болжамы – «Тұрақты».
«Заречное» уран өндіруші кәсіпорны өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
Атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы бекітіліп, оның шеңберінде «Ақбастау» уран өндіру БК, «Уран байыту орталығы» БК және «Атом станциялары» БК құрылды.
Ядролық-отын циклының түрлі салаларындағы жапон компанияларымен ынтымақтастық кеңейді. Жапония нарығына уранды бірінші рет жеткізу жүзеге асырылды. «Әппақ» қазақстан-жапон уран өндіруші кәсіпорны құрылды Қытай компанияларымен ынтымақтастық нығая түсті. Ядролық энергетиканың түрлі салаларында бірлескен жұмыс туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Қытайлық әріптеспен келісімге қол жеткізілді және Қытайда бериллийлі қоладан прокат өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.
Степногорск тау-кен химиялық комбинатының аумағында Молибден байыту фабрикасы салынды.
Еуропалық 11 банктен 3 жыл мерзімге 150 млн АҚШ доллары көлемінде синдикатталған қарыз алынды.
Жапонның Mizuho банкінен 10 жыл мерзімге 60 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз алынды.
Компания кенішті басқарудың жаңа тұжырымдамасын енгізе бастады.
«Қазатомөнеркәсіпті» қайта құрылымдаудың екінші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданды.
Жыл соңында Степногор таукен-химия комбинаты Қазатомөнеркәсіптің сенімді басқаруына берілді. Сол кезде комбинаттағы өндіріс жұмыс істемейтін. Бір жылдан соң СТХК өндірістік қызметі тұрақталды. Өз шикізаты есебінен уран тотығы-шала тотығын шығару жоспары орындалып, 503 тонна уран өндірілді. |
2004 жылғы қыркүйекте Лондонда өткен Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың симпозиумында Қазатомөнеркәсіп жаңа кең ауқымды «2010 жылға қарай 15 мың тонна уран» бағдарламасын таныстырды.
Степногорск тау-кен химиялық комбинаты «Қазатомөнеркәсіптің» басқаруына берілді.
Оңтүстік Мойынқұм учаскесінде «КАТКО» БК уран кенішінің тәжірибелік өндірісі іске қосылды.
Таукент тау-кен химиялық кәсіпорны жанынан тауарлық десорбаттардан уранды тікелей экстракциялау технологиясы бар аффинаж зауыты пайдалануға енгізілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қайта құрылымдаудың бірінші кезеңі өткізілді. Уран өндіру жөніндегі барлық өндірістік функциялар жаңадан құрылған «Тау-кен компаниясы» ЖШС-на берілді.
Қытайдың еркін экономикалық аймағында бериллий өнімдерін сату үшін «Ulba-China» еншілес кәсіпорны құрылды.
Лондондағы Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың симпозиумында «Қазатомөнеркәсіп» жаңа ауқымды «2010 жылға қарай 15 мың тонна уран» бағдарламасын жариялады.
Была проведена первая стадия реструктуризации АО «НАК «Казатомпром». Все производственные функции по добыче урана переданы вновь образованной компании ТОО «Горнорудная компания».
В свободной экономической зоне Китая для реализации бериллиевой продукции создано дочернее предприятие “Ulba-China”.
В Лондоне, на симпозиуме Всемирной ядерной ассоциации Казатомпром объявил новую масштабную программу – «15 тысяч тонн урана к 2010 году».
Ақдала кенішінде алғаш рет U-тәрізді сорбциялық-десорбциялық контур іске асырылды.
Табиғи уранды жеткізуге Қытаймен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды.
Компания жалпы өндірістің 29% бақылауымен бериллий өнімі бойынша әлемде екінші орынға және тантал индустриясында төртінші орынға шықты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазатомөнеркәсіпке» Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын дағдарыстан шығаруды сеніп тапсырды.
2002 жылы кен қатпарларын ашудың ұяшық жүйесі алғаш рет қолданылды. Өндірудің барлық технологиялық үдерісін толық автоматтандыру жүзеге асты. Қазатомөнеркәсіп әрбір кен орнын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін кеніштердегі уран кендерін жинақтауды өзгертудің математикалық бағдарламасын жасап шықты.
«Волковгеология» АҚ бұрғылау станоктары паркін ұлғайту және ұңғыма салудың жаңа технологиясын енгізудің бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Осы бағдарламаның енгізілуіне байланысты бұрғылау станоктары паркі 2003 жылғы 17-ден 2007 жылы 63-ке жетті.
2001 жылы Торонтада өткен Дүниежүзілік ядролық отын нарығы конференциясында Қазатомөнеркәсіп өз болжамдарына сүйене отырып алда болатын уран тапшылығы туралы мәлімдеме жасады. 2001 жылғы наурызда уран нарығында ең төменгі баға тіркелгеніне қарамастан Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайту басталды.
Қазақстанда 2001 жылдың наурызында уран нарығындағы ең төмен баға белгіленгеніне қарамастан, өндіру көлемі ұлғая бастады.
Жаңадан ашылған Оңтүстік Мойынқұм мен Ақдала жерасты шаймалау кеніштері алғашқы өнімдерін берді.
«Қазатомөнеркәсіп» алғаш рет Қытайдың уран нарығына шықты.
Екі жыл ішінде, 1999-2000 жылдары Қазатомөнеркәсіп мамандарының ғылыми серпіні арқасында компания технология бойынша 20 жылдық артқа қалудан шығып, тантал өндірісін жолға қоя білді. Өндірісті заманауи сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын және ниобий өнімдерін шығаруға бағыттап қайта ұйымдастыру бағдарламасы жасалды.
Жасалған технологияның арқасында бериллий өндірісі тұтастай бейбіт өнім шығаруға қайта бағытталды, карботермикалық әдіспен мыс-бериллий лигатурасын алу технологиясы игерілді. Американың «Браш Веллман» компаниясымен ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды.
2000 жылы Қазатомөнеркәсіп құрылғалы бері алғаш рет жыл қорытындысы бойынша таза табыс алынды. Компания өндірісті жаңарту мен кеңейтуге қомақты инвестиция сала бастады. Қызметкерлердің жалақысы 25%-ға өсті. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға төлемдер 60%-ға ұлғайды.
2000 жылы Компания қазақстандық уранды АҚШ пен Еуропада сатуға қойылған шектеуді толық алып тастауға қол жеткізді. Нәтижеде табиғи уранды экспорттаудың географиясы кеңейе түсті.
2000 жылдың өзінде Қазатомөнеркәсіп табиғи уран өндірісі бойынша әлемде 1997 жылғы 13-орыннан 6-орынға көтерілді.
«Қазатомөнеркәсіп» құрылғаннан бері алғаш рет жыл қорытындысы бойынша таза табыс алынды.
Компания қазақстандық уранды АҚШ және Еуропа нарықтарына сатуға шектеулерді толық алып тастауға қол жеткізді.
«Қазатомөнеркәсіп» табиғи уран өндіру бойынша әлемде 6 орынға шықты.
Үлбі металлургиялық зауытында уран-эрбий және уран-гадолинийлі отын таблеткаларын шығару технологиясы әзірленді және енгізілді, реактивті отын циклінің скраптарын қайта өңдеу бойынша учаске құрылды.
2000 жылы ҮМЗ АҚШ-тың «Дженерал Электрик» компаниясы үшін керамикалық сортты уран диоксиді ұнтақтарының ресми сертификатталған жеткізушісі болды.
Бериллий өндірісі бейбіт өнім шығаруға толық бағдарланып, карботермиялық әдіспен мыс-бериллий лигатурасын алу технологиясы игерілді.
Америкалық «Браш Веллман» компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды.
«Қазатомөнеркәсіп» мамандарының ғылыми серпілісінің арқасында компания технология бойынша 20 жылдық артта қалуды еңсеріп, тантал өндірісін іске қосты.
Қазіргі заманғы жоғары сыйымдылықты тантал конденсаторлық ұнтақтары мен ниобий өнімдерін шығаруға баса назар аудара отырып, өндірісті қайта құрылымдау жөніндегі бағдарлама әзірленді.
ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1997 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясын құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет