| (AIX)    USD 37.95   %0      KZT 18400   %0     

Сатып алулар

Хабарламалар

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылымы мекенжайы бойынша орналасқан «Зеленый квартал» БО, Т5 блогындағы жабдықталған асхананың үй-жайын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі конкурстың 2024 жылғы 24 шілдедегі басталғаны туралы хабарлайды. Конкурс бағаны көтеру әдісімен өткізілетін болады.

Жоғарыда көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдер күн сайын жұмыс күндері сағат 09: 00 минуттан 18: 00 минутқа дейін (түскі үзіліс сағат 13: 00-ден 14-30-ға дейін) 2024 жылғы 30 шілдені қоса алғанға дейін Астана қаласы, «Жасыл орам» БО, Т5 блок, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс, 1 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді растайтын құжаттармен (өтінім нысаны қоса беріледі) және айына жалдау төлемінің құны бойынша ұсынысты көрсете отырып, ҚҚС есептемегенде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгені құрайтын бастапқы құнынан төмен болмауға тиіс. Өтінім бірінші басшының қолымен және мөрмен расталады (бар болса).

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 45-81-46, 8 701 758 14 84 телефондары арқылы хабарласуға болады, Спабеков Әмірхан Қамысбекұлы.

Шарт жобасы және техникалық ерекшелік қоса беріледі.

Пікір қалдыру