| (AIX)    KZT 18910   %   0.64 USD 41.28   %   0.12

Қызмет түрлері

Қазатомөнеркәсіп өзінің еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге 14 тау-кен активіне біріккен Қазақстан Республикасының аумағындағы 26 жұмыс учаскесінде өндіріс жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстанның минералдық-шикізат базасы

Уран өндірудің жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісі алғаш рет 1960 жылдары қолданылып, 2017 жылы әлемдік уран өндірісінің 50%-ын құрады.

Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда ЖҰШ әдісінің қоршаған ортаға теріс ықпалы аз және ол өндірудің барынша төмен өзіндік құнын, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

Табиғи уран динамикасы

 

Өзінің негізгі бәсекелестерінен айтарлықтай асып түсетін Қазатомөнеркәсіп – 11,9 мың тонна өнімділікпен (2021 жылы әлемдік уран өндірудің 24%-дан астамы) ЖҰШ әдісімен уран өндіруде даусыз көшбасшы.

ЖҰШ әдісімен өндіруге жарамды Қазақстан Республикасының қолайлы геологиялық жағдайы Қазатомөнеркәсіпке бірегей бәсекелестік артықшылық береді.

Қазатомөнеркәсіп уран өндіруді 100% ЖҰШ әдісімен жүргізеді.

  • Өзінің негізгі бәсекелестерінен айтарлықтай асып түсетін Қазатомөнеркәсіп – 11,4 мың тонна өнімділікпен (2018 жылы әлемдік уран өндірудің 20%-дан астамы) ЖҰШ әдісімен уран өндіруде даусыз көшбасшы.

Жер асты ұңғымалы шаймалау әдісі

Қазатомөнеркәсіптің ЖҰШ әдісімен уран өндіру мен техникалық инновацияларды енгізу тәжірибесі ЖҰШ әдісін қолданатын кеніштерде құрылыс басталғаннан кейінгі 18 ай ішінде коммерциялық өндіріске қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ал дүниежүзілік практикада ЖҰШ әдісімен уран өндіретін кенішті іске қосудың орташа кезеңі шамамен 3 жылды құрайды.

Уран өндірудің барлық процестері автоматтандырылған және компанияның тұрақты бақылауында, ал Қазатомөнеркәсіп кеніштеріндегі техникалық жабдықтар OHSAS 18001 және ISO 14001 сияқты қауіпсіздік пен қоршаған орта стандартарына толық сәйкес келеді.

1,000 тонналық уран
Қазатомөнеркәсіп ЖҰШ әдісі қолданылатын, жылдық өнімділік қуаты 1000 тонналық әлемдегі тұңғыш кенішті әзірлеп, өнеркәсіптік пайдалануға енгізді.
Пікір қалдыру