Атом саласының іргелі негіздері ұзақ мерзімді болашақта тұрақтылығын сақтайды. Сонымен қатар, уран өндірісі ядролық отын циклындағы барынша тартымды сегмент болып қала бермек.
Қазатомөнеркәсіп үшін ЖҰШ әдісімен игеру үшін қолайлы кен орындарына қолжетімділігі оған өндіріс көлемінің төмен өзіндік құны мен икемділігін қамтамасыз ете отырып, өндіру саласында табиғи бәсекелі артықшылық береді, ал тез дамып келе жатқан атом энергетикасының нарығына географиялық жақындығы сатуда бәсекелі артықшылықты қамтамасыз етеді.
Осы факторлар Компанияға уран бағасының әлеуетті қалпына келуі және сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің өзгеруі жағдайында пайда алуға және нарықтағы қолайсыз өзгерістерге тұрақты болып қалуға мүмкіндік береді.
2018 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Астана халықаралық қор биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында сәтті орналастырды. Бұл мүдделі инвесторлар үшін ядролық отын циклының бастапқы кезеңіне қаржы салуға мүмкіндіктер ашады.
2019 жылы мажоритарлық акционер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнды қағаздарын Лондон қор биржасы арқылы және Астана халықаралық қор биржасы (AIX) арқылы қосымша орналастырды. Қосымша орналастыру кезінде еркін айналымдағы акциялардың жалпы саны шамамен 18,8%-ға дейін өсті.
2020 жылы мажоритарлық акционер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнды қағаздарын Лондон қор биржасы арқылы және Астана халықаралық қор биржасы (AIX) арқылы қосымша орналастырды. Қосымша орналастыру кезінде еркін айналымдағы акциялардың жалпы саны 25% дейін өсті.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет