«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне жетекшілік етеді, Қоғам Басқармасын басқарады, даму стратегиясын қалыптастырады, халықаралық ынтымақтастықтың перспективасы мен бағыттарын және Қоғамның кадрлық саясатын анықтайды. Бас және басқарушы директорлардың қызметін үйлестіреді және бақылайды. Қоғам қызметінің барлық мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік, құқық қорғау, сот органдарында, халықаралық ұйымдарда Қоғамның мүддесін білдіреді.

Қазақстан Республикасының азаматы. 1979 жылы туған.
2001 жылы Middle East Technical University «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2007 жылы The London School of Economics and Political Science экономикалық дамуды басқару саласындағы магистрі дәрежесімен, 2015 жылы Harvard University мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Туркуаз компаниялар тобында Маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары болып бастады.
2003-2009 жылдары «Демир Қазақстан Банкі» АҚ-та және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-та жұмыс істеді. 2009-2010 жылдар аралығында Юсупов Мейіржан мемлекеттік қызметте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келді, ал 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.
2020-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, 2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы қазанға дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2023 жылғы 2 қазаннан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қоса атқарылатын жұмыс жоқ.
Функционалдық міндеттері:
Бизнесті дамыту стратегиясының негізгі басымдықтарына сәйкес және нарық талаптарын ескере отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қаржылық қызметін басқарады, инвестициялық саясатты қалыптастыруға, компанияның қаржылық тұрақтылығын қолдау, пайданы барынша арттыру және стратегиялық көрсеткіштердің нысаналы мәндеріне қол жеткізу үшін инвестициялық портфельді басқаруға жауап береді, жұмысты жақсарту және оңтайландыру жөніндегі жобаларды бақылайды, бөлімдерге қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз етеді, Басқармаға, Директорлар кеңесіне, мемлекеттік органдарға ұсынады, инвесторларға және басқа да мүдделі тараптарға Компания қызметінің барлық аспектілері бойынша толық, сенімді, сапалы қаржылық және басқарушылық ақпарат беріледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндірістік блогы мен стратегия және халықаралық даму блогын кросс-функционалдық үйлестіруді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының азаматы. 1982 жылы туған.
2003 жылы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді, 2007 жылы University of East Anglia (Ұлыбритания) «Қаржы және экономика» магистрі, 2018 жылы Мәскеу мемлекеттік болат және қорытпалар институтын «Тау-кен ісін басқару» магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы әкімдігінің Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде мемлекеттік қызметте бастаған. 2007-2009 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жұмыс істеді. 2009-2019 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Корпоративтік хатшы, корпоративтік басқару департаментінің директоры, Экономика және жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2019-2020 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Кейін Kazakhstan Investment Development Fund MC Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылғы сәуірден 2024 жылғы тамызға дейін Kazakhstan Investment Development Fund MC Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2024 жылғы тамыз айынан 2024 жылғы желтоқсанға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.
2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.
2024 жылғы желтоқсан айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Экономика және қаржы жөніндегі бас директор болып тағайындалды.
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Функционалдық міндеттері:
Компанияның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, экономикалық қосылған құнды барынша арттыру, Компанияның өндірістік активтерін әртараптандыру, жаңғырту және тиімді басқару мақсатында уран өндіру мен барлауды тиімді басқару, есеп беретін активтерді, бейінді еншілес және тәуелді ұйымдарды (бұдан әрі – ЕТҰ) басқару бағыттары бойынша өндірістік блоктың жалпы нәтижесіне жауапты болады.
Ғылыми әзірлемелердің санын көбейту бойынша жұмысты қамтамасыз етеді, жетекші әлемдік және республикалық ғылыми орталықтармен стратегиялық одақтар құруға, Қоғамның зияткерлік және кадрлық ғылыми әлеуетін арттыруға жәрдемдеседі.
Компанияның декарбонизация бағдарламасын бақылауды және іске асыруды жүзеге асырады.
Компания мен оның ЕТҰ өндірістік қауіпсіздігі саласында, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыстардың орындалуын жүзеге асырады және бақылайды.
------------------------------
Қазақстан Республикасының Азаматы. 1986 жылы туған.
2007 жылы қаржы бакалавр дәрежесімен Алматы экономика және статистика академиясын, 2014 жылы - құқық бакалавр дәрежесімен Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2017 жылы – Ресей Федерациясының Президенті жанындағы «Іскерлік әкімшілендіру мастері» (МВА)» біліктілігімен Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, 2022 жылы -«Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін бітірді.
Атом саласында еңбек жолын 2011 жылы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп жолдары» филиалының материалыдқ-техникалық қамтамасыз ету инженері лауазымынан бастады. 2018-2022 жылдар аралығында «KAP Logistics» ЖШС (бұрын «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС) бас директоры, ал 2022 жылғы желтоқсаннан бастап «Ақбастау» БК» АҚ бас директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылғы маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.
2023 жылғы 29 маусымнан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Функционалдық міндеттері:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Компания) және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) Даму стратегиясын әзірлеуге, іске асыруға жауапты, Компания мен ЕТҰ-дағы жұмыстарды үйлестіру және қызметтің барлық блоктары мен бағыттарын біріктіру арқылы стратегиялық мақсаттар мен бастамалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы және әлеуетті акционерлермен (инвесторлармен), сондай-ақ басқа да мүдделі тараптармен тиімді корпоративтік коммуникациялар құру мақсатында инвесторлармен және инвестициялық қоғамдастықпен (IR) өзара әрекеттесуді ұйымдастырады, үйлестіреді және қамтамасыз етеді.
Активтерді тиімді басқаруды, Компанияның активтерін стратегиялық және операциялық басқару процесін ұйымдастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді.
Компания мен ЕТҰ-да тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың бірыңғай тиімді жүйесін ұйымдастырады.
GR-қызмет шеңберінде стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және қарым-қатынасты орнатады, Компания мен ЕТҰ-ның корпоративтік дамуын кешенді басқаруды және оған басшылықты жүзеге асырады.
-------------------------------------
Қазақстан Республикасының азаматы. 1988 жылы туған.
2011 жылы «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша Hult International Business School (Ұлыбритания), 2022 жылы Назарбаев университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Еңбек жолын 2011 жылы «Қамқор Менеджмент» ЖШС-те Инвестициялық саясат департаментінің бас менеджері болып бастаған.
Атом саласындағы мансабын 2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-та Корпоративтік басқару департаментінің менеджері, содан кейін Бизнесті дамыту департаменті Біріктіру және қосу (M&A) бөлімінің бастығы болып бастады. 2019-2020 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес өндіруші кәсіпорнында «КАТКО» БК» ЖШС атқарушы директордың орынбасары лауазымын атқарған.
2021 жылғы шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сату департаментінің директоры лауазымына қабылданды. 2023 жылғы маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Коммерция жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы 29 маусымнан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.
2024 жылғы 22 сәуірден бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры – Басқарма мүшесі болып табылады.
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Функциональдық міндеттері:
Компания мен ЕТҰ-ның сатып алу процестері мен корпоративтік дамуын кешенді басқаруды және басшылықты жүзеге асырады.
PR-қызмет шеңберінде стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
Ұйымдастырушылық, басқарушылық, технологиялық, техникалық, операциялық өзгерістерді жоспарлауға және іске асыруға жауап береді, оның ішінде оңтайландыру жобаларының портфелін және басқа да АТ жобаларын басқарады, Компания мен ЕТҰ қызметінің ақпараттық-технологиялық бағытын дамытуды қамтамасыз етеді, Корпоративтік орталық пен ЕТҰ операциялық қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына бастамашылық етеді және бақылайды.
Адам ресурстарын басқаруға жауап береді, оның ішінде HR функциясының стратегиялық басымдықтарын, персоналдың қатысу деңгейі мен тиімділігін айқындайды.
--------------------------
Қазақстан Республикасының Азаматы. 1985 жылы туған.
2010 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру шебері (МВА)» біліктілігі бар.
Сағындықов Дархан 2010-2022 жылдар аралығында сатып алу және коммерция саласында түрлі лауазымдарда, оның ішінде «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» ЖМ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ басшылық қызметтерінде жұмыс істеді.
2022-2023 жылдар аралығында Бухарест қаласында KMG International (Rompetrol) сатып алу тобының директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әкімшілігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
2024 жылғы 1 наурыздан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі.
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Функционалдық міндеттері
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Компания) даму миссиясы мен басымдықтарын іске асыру шеңберінде маркетинг және сату стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды қоса алғанда, Компания мен еншілес және тәуелді ұйымдардағы (бұдан әрі – ЕТҰ) сатуды басқаруға жауапты болады, сондай-ақ өткізу функциясын трансформациялауды, трейдинг компаниясының қызметін ұйымдастыруды қоса алғанда, негізгі стратегиялық бастамаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
-------------------------------------
Қазақстан Республикасының азаматы. 1987 жылы туған.
2010 жылы «Халықаралық қатынастар саласындағы бакалавр» дәрежесімен Ресей Халықтар достығы университетін, 2012 жылы - Заңтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы «Іскерлік әкімшілендіру мастері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігімен Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы «РОТОР» ЖШС-да заңгер болып бастады.
Еңбек жолын «Транстелеком» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-та сатып алу және логистика саласында жалғастырды. 2014-2020 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ-та Департамент директоры және Атқарушы директоры ретінде жұмыс істеді. 2021 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы ақпанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алуды әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы сәуірде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Коммерциял жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.
2024 жылғы 24 сәуірден бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет