«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқарудың басым мақсаты - тиімді және ашық бизнесті құру арқылы компанияның ұзақ мерзімді құнын ұлғайту, акционерлермен және инвесторлармен сенімді және тиімді қатынастарды сақтау.
Ұлттық атом компаниясы өзінің қызметінде әділдік, мөлдір және жауапкершілік принциптеріне негізделе отырып, корпоративтік басқарудың жоғарғы стандарттарына ұмтылады, оны сақтау заманауи корпоративтік мәдениетті, этикалық норма мен құндылықты енгізуге және сонымен қоса компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару құрылымы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ органдары арасындағы өкілеттікті бөлуді нақты айқындайды. Акционерлер мен Компанияның мүддесі мен құқығын қорғауды Директорлар кеңесі қамтамасыз етеді, сонымен қоса ол Компанияның қызметіне толық жауапты. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атқарушы органы - Басқарма Төрағасы басқаратын Басқарма.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған Компанияның Директорлар кеңесіне тәуелсіз және объективті ақпараттарды ұсыну мақсатында Компанияның Директорлар кеңесіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелік тәсілді енгізу жолымен тәуелсіз және шынайы ақпарат ұсыну мақсатында Ішкі аудит қызметі құрылған, ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және есеп береді. Ішкі аудит қызметінің жұмысына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да корпоративтік хатшы, корпоративтік құрылым щеңберіндегі жұмысты үйлестіреді, еншілес және тәуелді ұйымдардың және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылары арасындағы өзара тиімді ықпалдастықты қамтамасыз етеді.
2017-2018 жж. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жаңа Корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау әдістемесі бойынша корпоративтік басқару жүйесінің диагностикасы жүргізілді. Диагностика тәуелсіз PwC кеңесшілерін тарта отырып, өткізілді
2019 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасын жүргізу мақсатында шаралар қабылдады. Қажетті процедуралар өткізілгеннен кейін, KPMG компаниясы диагностика жүргізетін тәуелсіз кеңесшілер болып анықталды.
2019 жылы корпоративтік басқару диагностикасы бұрынғыдай «Самұрық-Қазына» АҚ әдіснамасы бойынша жүргізілді
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да корпоративтік басқару жүйесін, оның ішінде жыл сайынғы корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау нәтижелерін ескере отырып, жетілдіру жөніндегі іс-шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылып отырады.
Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жыл ішіндегі Корпоративтік басқару рейтингі ВВВ құрайды
Сонымен қатар, 2021 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың ірі акционері - «Самұрық-Қазына» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару рейтингін анықтау мақсатында корпоративтік басқару диагностикасын жүргізуге тәуелсіз кеңесші «PricewaterhouseCoopers» тартылды. Диагностика нәтижелері бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-қа «А» – Корпоративтік басқару рейтингі берілді. Бұл бағалау «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі жүйелері жұмысының тиімділігі артуының дәлелі болып табылады. Айтарлықтай сапалы өсім акционерлердің құқықтарын сақтау, Директорлар кеңесі мен атқарушы органның қызметі, сондай-ақ ашықтық пен ақпаратты ашу процестері бойынша қол жеткізілді
Іскерлік этиканың принциптерін сақтау және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік этика кодексі ережелерінің бұзылуы бойынша дауларды тиімді реттеу Комплаенс қызметіне жүктеледі.
Бұдан басқа, компанияда Омбудсмен институты бар. Омбудсменнің рөлі оған жүгінген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге Кодекс ережелері бойынша кеңес беру, Кодекс ережелерінің бұзылуы бойынша дауларды қарауға және оларды реттеуге қатысуға бастамашы болу, және сонымен қатар Компания қызметкерлерінің іскерлік этика қағиадаларын сақтаудан тұрады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде 2010 жылы Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) енгізілді.
Тәуекелдерді басқару «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ТБЖ бойынша бекітілген ішкі құжаттар негізінде, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет