Бағдарлама туралы
Бағдарлама 2015 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ белгілеген қағидаттарды іске асыру мақсатында басталды. Бастапқыда Бағдарлама «Самұрық-Қазына» моделінің негізінде бизнес-процестерді стандарттауға және біріздендіруге баса назар аударды.
Жобалар қоржынын іске асыру барысында 2017-2019 жылдары қызметтің әр түрлі функционалдық бағыттары бойынша мақсатты бизнес-процестерді бейімдеу және енгізуге қатысты ауқымды жұмыстар: өндіріс, жөндеу, сатып алулар, қаржы, басқарушылық есеп, адам ресурстарын басқару, тәуекелдерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік, деректерді басқару, стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау, тиімділікті басқару, орта мерзімді жоспарлау және ақпараттық технологияларды басқару жүргізілді.
Цифрлық трансформация қоржынына Қазатомөнеркәсіп пен оның ЕТҰ-ның негізгі бизнес-міндеттерін шешуге бағытталған бірқатар жобалар мен іс-шаралар кіреді. Сондай-ақ, іске асыру ауқымынан Қор компаниялары тобында кумулятивтік әсерге қол жеткізуге бағытталған синергетикалық сипаттағы жобалар мен іс-шаралар бар.