| (AIX)    USD 40.9   %   -1.92 KZT 21185   %   0.17

Қызмет түрлері

Ядролық отын циклының (ЯОЦ) өнімдері

Бүгінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атынан  «ҮМЗ» АҚ  уран өндірісі  әлемдік нарықта өнім өндіру және жеткізу бойынша мынадай құзыреттерге ие:
- ресейлік конструкциядағы реакторларға арналған отын таблеткалары;
- жеңіл сумен жұмыс істейтін реакторларға арналған отын таблеткалары, соның ішінде француздық Framatome компаниясы жасаған реакторларға арналған AFA 3G типті отын.
Бұдан басқа, «ҮМЗ» АҚ-та уран оксиді ұнтақтарын өндіруде қолданылатын технология құрамында ураны бар материалдарды кең ауқымды өңдеу арқылы 235U-де 5%-ға дейін байытылған керамикалық сортты уран диоксиді ұнтағын алуға мүмкіндік береді.

2021 жылдың қарашасында «ҮМЗ» АҚ базасында атом электр станциялары үшін ядролық отын – Жылау бөлетін құрамалар (ЖБҚ) өндіретін «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты іске қосылды. Зауыт Қытайдың CGNPC ядролық корпорациясымен бірлесіп салынған. Бұл АЭС-ке арналған ядролық отын шығаратын Қазақстан Республикасындағы жалғыз өндіріс орны және алдағы 20 жыл бойы Қытайда кепілдендірілген сату нарығына ие. Зауыттың қуаттылығы төмен байытылған уран бойынша жылына 200 тоннаны құрайды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның инновациялық өндірісінің іске қосылуы Қазақстанға АЭС үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту және осы бағыттағы басқа елдермен ынтымақтастық перспективаларына жаңа мүмкіндіктер ашты.
Бірінші ЖБҚ партиясы Қытайдағы атом электр станциясына 2022 жылдың желтоқсанында жеткізілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты жылдық өндіріс жоспарын толық орындап, жобалық қуатына шықты. Одан кейінгі жылдары «Үлбі- ЖБҚ» ЖШС зауыты осы өндірістік қуатты сақтап қалуды жоспарлап отыр.

2013 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны «Уран байыту орталығы» АҚ арқылы 2043 жылға дейін жылына 2,5 миллион СВБ көлемінде уранды байыту бойынша қызметтерге қол жеткізе алады. Уран байытудың көрсетілген нұсқасын Қазатомөнеркәсіп «Үлбі- ЖБҚ» ЖШС өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Үлбі металлургиялық зауытын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Төмен байытылған уран (ТБУ) банкі үшін алаң ретінде таңдады. ТБУ банкі - жалпы көлемі шамамен 90 тонна болатын UF6 түріндегі төмен байытылған уранның физикалық қоры, стандартты жеңіл су реакторы үшін ядролық отынды жасауға жарамды, әлемдегі ең көп таралған атом энергетикалық реактор түрі.
МАГАТЭ ТБУ банкін құрудың мақсаты уранды байыту технологиялары жоқ МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерді ядролық отынды өндіру үшін шикізаттың кепілді жеткізуімен қамтамасыз ету болып табылады. Осы шикізатты жеткізуде үзіліс болған жағдайда тұтынушы елдер Банкте сақталған ТБУ материалын пайдалана алады.
ҮМЗ алаңы МАГАТЭ өлшемшарттарына барынша сәйкес келетіні бойынша таңдалды: инфрақұрылымның және білікті персоналдың болуы, сенімді физикалық қорғаныс жүйесі, көлік инфрақұрылымы және қолжетімділік. Бұған қоса, зауыт 20 жыл бойы МАГАТЭ-нің кепілдіктеріне бағынады.

2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп, «ҮМЗ» АҚ  және Cameco Согр. Қазақстан тарапына уранды өңдеу және конверсиялау технологияларын пайдалану құқығын беру туралы келісім жасасты.
2020 жылғы 28 қаңтарда технологиялар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атына берілді.                                                                                                                                                     
Қазіргі уақытта «ҮМЗ» АҚ-да зауытында алынған уранды өңдеу технологиясын енгізу мүмкіндігін бағалау үшін зауытта «600 ғимарат. Қайта жаңарту. Қуаттылығы жылына 6000 тонна уран U-уран оксидін өңдеу өндірісі». инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.

Пікір қалдыру