«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – атом электр станциялары үшін уран және сирек металдар, ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. Әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың біріне қол жеткізе отырып, біз әлемдік атом энергетикасының сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жыл сайын өзі жұмыс істейтін өңірлерде инфрақұрылымды дамытып, жергілікті тұрғындарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырады.
2025 жылы Қазатомөнеркәсіп спорт алаңдарын салуды, елді мекендерді абаттандыруды, білім беру мекемелері үшін оқу жабдықтарын сатып алуды, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы қаржылық көмек көрсетуді, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы шеңберінде экологиялық іс-шараларды қолдауды қоса алғанда, әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымды едәуір жақсартуға ықпал еткен жобаларды іске асырды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11,419 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 6,746 млрд теңге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттық міндеттемелер болса, 4,673 млрд теңге сыртқы әлеуметтік бағдарламалар. Бұл Компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының өңірлерді қолдауға және негізгі әлеуметтік бастамаларды іске асыруға қосқан үлесін көрсетеді.
Осындай іс-шаралар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуді қамтамасыз ете отырып, жергілікті халық пен қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етеді.
Инвестициялар көлемінің бағыты
Өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту – 3 256,5 млрд тенге
Денсаулық сақтау – 729,7 млн тенге
Білім – 263,3 млн тенге
Қайырымдылық – 289,3 млн тенге
Спорт – 118,4 млн тенге
Мәдениет – 16,2 млн тенге

Достық үйі
Қызылорда қаласы
2,3 млрд теңге

Күрес залы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кейден ауылы
115,6 млн теңге

16 пәтерлі тұрғын үй құрылысы
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы
386,4 млн теңге

Орталық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы
4 125,9 млн теңге
Жобаны аяқтау 2027 жылға жоспарланған

Сапалы ауыз сумен қамту жобасы
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау, Қарақұр, Қызылқанат, Бабата елді мекендері
224,5 млн теңге
Жобаны аяқтау 2027 жылға жоспарланған

«Шиелі-Тайқоңыр» автомобиль жолының 13 шақырымдық учаскесін күрделі жөндеу, жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстары
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
2,6 млрд теңге
«IZBASAR» жас мамандарды дамыту бағдарламасы
2020 жылы қандай да бір еңбек тәжірибесі жоқ жоғары оқу орнын (бакалавриат) бітіргеннен кейін еліміздің жас мамандарына өзін танытуға, өз әлеуетін ашуға және іске асыруға мүмкіндік беруге бағытталған «IZBASAR» дарынды жастарды дамыту бағдарламасы құрылды.
Жоба тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен Корпоративтік орталықта және Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында бес айлық үш ротацияны, сондай-ақ кәсіби және жеке құзыреттерді дамыту үшін оқытуды қамтиды.
Жыл сайын қатысуға 1000-ға жуық өтінім келіп түседі. Бағдарламаны іске асыру барысында оған 57 жас маман қатысты, оларға 100 тәлімгер көмек көрсетті.
«Murager» білім беру гранттарын беру бағдарламасы
2023 жылы іске қосылған «Murager» бағдарламасы Қазатомөнеркәсіптің (Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары) қатысатын өңірлердің жергілікті жастарын қолдауға және техникалық мамандықтарды танымал етуге бағытталған.
Гранттар уран өндіру саласы үшін бейінді бағыттар бойынша Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарының 1-3 курс талапкерлері мен студенттеріне беріледі. Оқыту бір академиялық жылға қаржыландырылады, үлгерімі сәтті болған кезде ұзарту мүмкіндігі бар.
Бағдарлама өтеусіз және шығындарды өтеу немесе пысықтау бойынша міндеттемелерді көздемейді. 2026 жылы жоғарыда аталған облыстардың түлектеріне барлығы 61 грант бөлінді.
«Sana» кәсіптік бағдарлау бағдарламасы
«Sana» кәсіптік бағдарлау бағдарламасы 2020 жылдан бастап іске асырылуда.
Sana миссиясы – оқушыларды кәсіптік бағдарлау шеңберінде Қазатомөнеркәсіптің оқыту және ақпараттық іс-шаралары арқылы жеке құзыреттіліктер мен көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалды интеллектті қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету.
Жыл сайын «SANA» кәсіптік бағдарлау бағдарламасының іс-шаралары шеңберінде Қазатомөнеркәсіп сарапшылары 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау дәрістерін, шеберлік сыныптарын және викториналарды өткізу үшін шалғайдағы кенттерді қоса алғанда, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының мектептеріне барады.
2025 жылы іс-шаралар Алматы мен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің 5000-ға жуық оқушыларын қамтыды. Өскемен мен Шығыс Қазақстан облысында 1 350 оқушыны қамтитын 58 іс-шара өткізілді.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет