| (AIX)    USD 37.65   %0      KZT 18700   %0     

Қызмет түрлері

Сирек металдар

Сирек металдар (СМ) және олардың қосындылары электроника, аспап жасау, машина жасау және металлургия, атом энергетикасы және медицина сияқты көлемді салаларда олардың қолданылуы күні ілгері белгіленетін бірегей кешенді физика-химиялық қасиетке ие.

Тантал, ниобий және бериллий өндірісі Үлбі металлургиялық зауыты негізінде ұйымдастырылған және әлемдегі ірі өндірістердің бірі болып табылады.

Тантал-ниобий өндірісі

Тантал-ниобий өндірісі  Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылған.

Ол  ТМД аумағындағы жалғыз және әлемде тантал-ниобий қосылған шикізатты  қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар  аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Өнімдердің негізгісі болып тантал құймаметалдары мен ұсақ тіліктер үшін металл табылады.

Алғашқыда тантал қызу шамы үшін сымды дайындау үшін қолданылды. Дегенмен өзінің бірегей қасиеттілігінің арқасында: иілгіштік, мықтылық, тоттануға беріктік, тығыз қорытылу, жоғары коэффициентті жылу бергіштік, организмнің тірі талшықтарымен «сиысу» қабілеттілігімен, металл электроника, химия, машина жасау, ядорлық энергетика, металлургя және медицинада қолданысын тапты.

Олардан химиялық өндіріс үшін тоттануға берік аппаратуралар, элетрондық шамдар саймандарын, жартылай өткізгіш құралдар үшін электрлік конденсаторлар, жасанды талшықтар өндірісінде фильерлер, зертханалық ыдыстар, металдар мен қоспаларды қорыту үшін тиглдер, жоғары температуралық пештерге қыздырғыштар, ядорлық-энергетикалық жүйе үшін жылу ауыстырғыштар дайындайды. Хирургияда осы металды сүйектерді, нервтер мен тігіс жасауды бекіту үшін пайдаланады.

Тантал өнімдері

  • Екі және үш дүркін  электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N және 4N5 тантал, металдары
  • Вакуумдық-доғалық қайта балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймакесектері
  • Танталдан жасалған қоспалауыштар
  • Жазық тантал илемі (пластиналар, табақтар, лента, фольга);
  • Дөңгелек тантал илемі (шыбықтар, сым)
  • Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
  • Тантал өнімдері (түпқоймалар, қақпақтар, құбыр дайындамалары, ыстық аймақ  элементтері, отбақырлар, дискілер және т.б.)

Бериллий өндірісі

Бериллий өндірісі Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылған.  Әлемдегі үш кәсіпорынның бірі, кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар.

Кәсіпорында  дайындалған технологиялық сызба, бериллий қосылған шикізаттың  қандай да болса түрін  қайта өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Теңдессіз технологиялық жабдықтар кәсіпорынға бериллий мен оның құймаларының негізінен алынған бұйымдардың кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік жасайды. Гидростатикалық және газостатикалық нығыздағыш қондырғылар  изотоптық қасиеті бар өнім алуды қамтамасыз етеді.

700-800°C Бериллий құймалары, алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанымен, көптеген арнайы болаттардан мықты. Өзінің мықтылығын олар 700-800 градус Цельсия температурасына дейін сақтайды.

Бериллий негізіндегі конструкциялық материалдары бір мезгілде жеңілдікке,мықтылыққа, тоттануға беріктікке және жоғары температураға төзімділікке ие. Бериллий құймалары, алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанымен, көптеген арнайы болаттардан мықты. Өзінің мықтылығын олар 700-800 градус Цельсия температурасына дейін сақтайды. Берриллий өндірістің әртүрлі салаларында: электроникада, машина жасау, мұнай және газ өндірістерінде, ядорлық энергетика, медицина, аэроғарыштық салаларында қолданады. 

Бериллий өнімдері:

  • металды бериллий - құймалар
  • алюмо-бериллий  лигатурасы
  • мыс-бериллий лигатурасы
  • никельбериллий  лигатурасы
  • металды керамикалық  бериллий – бұйымдар мен дайындамалар.

Ниобий өнімдері:

  • Ниобий құймкесектері
  • Ниобийден жасалған қоспалауыштар
  • Жазық ниобий илемі (пластиналар, табақтар, лента, фольга)
  • Дөңгелек ниобий илемі (шыбықтар, сым)
  • Ниобий ұнтақтары
  • Ниобий өнімдері (түпқоймалар, қақпақтар, құбыр дайындамалары, ыстық аймақ  элементтері, отбақырлар, дискілер және т.б.)
Пікір қалдыру