Әр ғаламдық депозитарлық қолхатқа (ҒДҚ) бір акция сәйкес келеді.
ҒДҚ мен акциялар бағасы Қазатомөнеркәсіптің интернет-ресурсының басты бетінде және Акциялар мен ҒДҚ котировкалары бөлімінде қолжетімді. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің ҒДҚ бағасын Лондон қор биржасында KAP тикері (бірегей сәйкестендіргіш, биржалық ақпаратында қысқаша атауы) арқылы ҒДҚ үшін және AIX биржасында акциялар үшін KAP және ҒДҚ үшін KAP.Y тикерлерін қолдана отырып таба аласыз.
Акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттар (ҒДҚ) бағалы қағаздар биржасында сауда-саттыққа қатыса алатын брокер арқылы сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін. Акцияларды сатып алу-сату комиссиялары брокерге байланысты, сондықтан әр түрлі болады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ Қазатомөнеркәсіптің 75% акцияларына иелік етеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының 25% еркін айналымда. Бағалы қағаздар нарығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын сатып алған инвесторлардың арасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының 5 және одан да көп пайызына ие акционерлер жоқ.
Акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттар (ҒДҚ) екі халықаралық қор биржасында листингке енгізілген: AIX (Astana International Exchange) және LSE (London Stock Exchange). Акциялар мен ҒДҚ AIX-те, ал LSE-де тек ҒДҚ сатылады.
Ақпарат біздің интернет-ресурстағы Дивидендтер бөлімінде қолжетімді.
Дивидендтер мөлшері Қазатомөнеркәсіптің бекітілген Дивидендтік саясатына сәйкес, өткен қаржылық жыл ішіндегі шоғырландырылған еркін ақша ағыны (FCF) негізінде есептелінеді.
Дивидендтер мөлшерін есептеу әдістемесі Қазатомөнеркәсіп интернет-ресурсының Дивидендтер бөлімінде қолжетімді.
ЖДҚ бойынша дивидендтерді теңгемен АҚШ долларына айырбастауды жүргізуге байланысты қолданылатын комиссияларды шегере отырып, теңгенің / АҚШ долларының нарықтық бағамы бойынша депозитарлық банк жүзеге асырады.
Қазатомөнеркәсіп «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ жүйесінде көрсетілген акционерлердің және / немесе номиналды ұстаушылардың банктік шоттарына дивидендтер аударады. Акционерлер дивидендтерді төлеу туралы ақпаратты сервистік брокерден алуына болады.
«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының байланыс деректері
Бас кеңсе:
050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28
Жалпы телефондар: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Факс: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Электрондық пошта: ccmail@kacd.kz, csd@kacd.kz
Байланыс орталығы: 8 800 080 86 68 (Қазақстан Республикасындағы қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 355 47 61, +7 777 150 94 22 (тек WhatsApp),
АЖЖ күндері біздің Инвесторлар күнтізбесінде Қазатомөнеркәсіптің интернет-ресурсында жарияланады. Сонымен қатар, АЖЖ хабарламасы Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңға сәйкес жарияланады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және жеке өзі немесе өзінің өкілі арқылы дауыс беруге құқығы бар.Егер акционер жеке өзі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға мүмкіндігі болмаса, онда ол қарастырылған мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат негізінде, сондай-ақ бюллетень беру арқылы (сырттай дауыс беруді немесе көзбе-көз жасырын дауыс беруді өткізу кезінде) өзінің өкілі арқылы дауыс беруге құқылы. Акционер өз өкілі арқылы акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы белгіленген тәртіппен сенімхатқа негізделген жағдайларда дауыс немесе бюллетеньді (сырттай не дауыс беру құпия түрінде өткізілетін жағдайда) беруге құқылы.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар шартқа сәйкес құқығы бар тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруіне сенімхат талап етілмейді.
АЖЖ дауыс беру нәтижелері туралы ақпарат біздің интернет-ресурстағы Акционерлердің жалпы жиналысы бөлімінде орналастырылады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін корпоративті басқару - біздің басты басымдық. Директорлар кеңесінің төрт тәуелсіз мүшесі миноритарлық акционерлердің мүдделеріне өкілдік етеді. Олардың бірі Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Миноритарлық акционерлерге Қазақстан Республикасының Аксионерлік қоғам туралы заңға сәйкес белгілі кепілдіктер ұсынылған. Сонымен қатар, компания ашықтық қағидаттарын ұстанады және акционерлер мен барлық мүдделі талаптарға ақпаратты уақтылы ашады.
Қаржылық нәтижелер туралы ақпаратты жариялау күндері Инвесторлар күнтізбесінде көрсетіледі.
Қаржылық есептілік және басқа есептер біздің интернет-ресурстағы Есептер мен нәтижелер бөлімінде қолжетімді.
Тоқсан сайын операциялық қызметтің нәтижелері және ҚАӨ қызметінің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау (OFR - жылына екі рет шығарылады) уран сегментінің өнімдерін өндіру мен сату көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтиды. Бұл есептерді біздің интернет-ресурстағы Есептер мен нәтижелер бөлімінде таба аласыз.
Біздің Миссиямыз - Тұрақты даму қағидаттарына сәйкес Компанияның барлық мүдделі тараптары үшін ұзақ мерзімді құндылықтарды құра отырып, уран кен орындарын игеру және қосылған құн тізбегінің компоненттерін дамыту.
Біздің пайымымыз - Жаһандық атом өнеркәсібі үшін артықшылыққа ие Серіктес болу.
Біздің стартегиялық мақсаттарымыз:
Осылайша, біз бағаны және нарықтық шарттарды ескере отырып, құнды сақтауға назар аударамыз. Нарықтағы ағымдағы жағдайды және табиғи уран нарығындағы өнімдердің артып келе жатқан артығын ескере отырып, біз оны сұранысқа сәйкес келтіру үшін өндірісті қысқартуға стратегиялық және жауапты шешім қабылдадық. Бұл шаралар басқа шикізат салаларында мүлдем қалыпты және уранды өндірудің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге біздің ұстанушылығымызды атап көрсетеді, бұл өз кезегінде бүкіл әлемде таза, құрамында көміртегі жоқ электр энергиясын өндірудегі маңызды элемент болып табылады.
Уран - химиялық элемент (U) және күміс-ақ металл. Жер қыртысында кең таралған. 238U уран изотопы радиоактивті емес, бірақ 235U изотопы радиоактивті, бірақ оның табиғи урандағы мөлшері төмен (0,7%). Отын таблеткалары мен ұнтақтарды қоса алғанда, барлық ҚАӨ өнімдері (мөлшері 3-5% 235U) аз ғана радиоактивті болып келеді.
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерге радиациялық әсердің орташа мөлшері табиғи радиациялық фонды қоса алғанда, 1,55 мЗв құрады. Бұл ретте 2018 жылы компания кәсіпорындарының қызметін жүзеге асыру орындарындағы табиғи радиациялық фонның көрсеткіштері жылына 0,3-тен 1,2 мЗв/ж құрады. Табиғи радиациялық фонды шегергендегі орташа доза 2018 жылы 0,76 мЗв/жыл болды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, рұқсат етілетін доза 5 жыл ішінде орта есеппен 20 мЗв / жыл құрайды, бірақ жылына 50 мЗв-дан аспауы керек.
Біздің уран электр энергиясын өндіретін атом станцияларына отын ретінде бейбіт мақсатта пайдаланады, сонымен қатар изотоптар ядролық медицинада және басқа да коммерциялық мақсаттарда қолданыла алады.
Уранды жерасты ұңғымлы шаймалау әдісі (ЖҰШ) алғаш рет 1960-шы жылдары қолданылған. ЖҰШ әдісі, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, өндірістің өзіндік құнын төмендетеді, қоршаған ортаға аз теріс әсерін тигізеді және өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Пайдалы қазбаларды өндірудің дәстүрлі әдісі - жерасты қабатынан кен алу, ал ЖҰШ әдісі уранды кен массасынан алу үшін технологиялық ұңғымалар желісі арқылы өтетін реагенттерді қолданады, ол арқылы жер қабатын бұзылмайды және қалдықтардың үйінділерінің болмауын қамтамасыз етеді. Қазатомөнеркәсіп өзінің барлық кенорындарында уран өндірүді ЖҰШ әдісімен жүзеге асырады. Толық ақпаратты ҚАӨ Интернет-ресурсынан төмендегі сілтеме бойынша алуға болады:
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет