| AIX

Инвесторларға

Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі уран өндіруші



Атом саласының іргелі негіздері ұзақ мерзімді болашақта тұрақтылығын сақтайды. Сонымен қатар, уран өндірісі ядролық отын циклындағы барынша тартымды сегмент болып қала бермек.

Қазатомөнеркәсіп үшін ЖҰШ әдісімен игеру үшін қолайлы кен орындарына қолжетімділігі оған өндіріс көлемінің төмен өзіндік құны мен икемділігін қамтамасыз ете отырып, өндіру саласында табиғи бәсекелі артықшылық береді, ал тез дамып келе жатқан атом энергетикасының нарығына географиялық жақындығы сатуда бәсекелі артықшылықты қамтамасыз етеді.

Осы факторлар Компанияға уран бағасының әлеуетті қалпына келуі және сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің өзгеруі жағдайында пайда алуға және нарықтағы қолайсыз өзгерістерге тұрақты болып қалуға мүмкіндік береді.

2018 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Астана халықаралық қор биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында сәтті орналастырды. Бұл мүдделі инвесторлар үшін ядролық отын циклының бастапқы кезеңіне қаржы салуға мүмкіндіктер ашады.

2019 жылы мажоритарлық акционер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнды қағаздарын Лондон қор биржасы арқылы  және Астана халықаралық қор биржасы (AIX) арқылы қосымша орналастырды. Қосымша орналастыру кезінде еркін айналымдағы акциялардың жалпы саны шамамен 18,8%-ға дейін өсті.

2020 жылы мажоритарлық акционер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнды қағаздарын Лондон қор биржасы арқылы  және Астана халықаралық қор биржасы (AIX) арқылы қосымша орналастырды. Қосымша орналастыру кезінде еркін айналымдағы акциялардың жалпы саны 25% дейін өсті.

Жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірісінің ~24%-ын иемденетін жетекші уран өндіруші
Іргелі көрсеткіштерінің тартымдылығы
ЖҰШ технологиясына негізделген өндірістің төмен өзіндік құны мен икемділігі
Жаһандық клиенттік база және сатылым құрылымының сенімділігі
Өндіріс қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мол тәжірибе
Тұрақты қаржылық көрсеткіштер, қалыпы ақша ағыны және акционер табысына қатысты міндеттемелер
Мықты әрі тәжірибелі басқару командасы
Өнеркәсіптің әлеуетті өсуі жағдайында өзінің мүмкіндіктерін ядролық отын циклінің басқа да тізбегінде бірнеше кезеңмен дамытуға тиісті мүмкіншілігін иелену
Клиенттер мен серіктестер
Пікір қалдыру