| (AIX)    KZT 12980   %0      USD 27.44   %0     

Сатып алулар

Хабарламалар

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2023 жылғы 12 сәуірде Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Жасыл орам» БО, Т5 блогында жабдықталған асхана үй-жайын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша конкурс өтетінін хабарлайды. Конкурс бағаны көтеру сауда-саттық әдісімен өткізілетін болады.

Жоғарыда көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдер күн сайын жұмыс күндері сағат 09:00 минуттан 18:00 минутқа дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14-30-ға дейін) 2023 жылдың 11 сәуірін қоса алғанда Астана қаласы, «Жасыл орам» БО, Т5 блогы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылымы, мекенжайы бойынша 1-қабатта қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімге дейін, жалдау төлемінің құны 1 650 000 (бір миллион алты жүз елу мың) теңгені құрайтын бастапқы құнынан төмен болмайтын ұсынысты көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім (өтінім нысаны қоса беріледі) ұсынуы қажет. Өтінім бірінші басшының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 45-81-46, 8 701 758 14 84 телефондары арқылы Спабеков Әмірхан Қамысбекұлына хабарласуға болады.

Шарттың жобасы мен техникалық ерекшелігі қоса беріледі.

Пікір қалдыру