Басқарма төрағасының блогы

Қымбатты достар!,

Сіздермен жеке блог парақшасында хабарласу мүмкіндігіне қуаныштымын.

Қарбалас жұмыс күндері нақты мәселелер жөнінде әңгімелесудің сәті түсе бермейді. Алайда, енді сіздердің хаттарыңыз бен сауалдарыңызға жауап беруге, ұсыныс-тілектеріңізді қабылдауға мүмкіндік жеткілікті. Бұл парақша сіздермен ашық әңгімелесу үшін ашылды, сондықтан мұндағы ақпарат алмасудың өзара тиімділігі және жемісті болуы өте маңызды.

2017 жыл компания үшін ерекше жыл – Қазатомөнеркәсіптің құрылғанына 20 жыл толды. Басып өткен жолымыз тағылымды тәжірибе жинауға, нағыз кәсіби мамандардың мықты ұжымын қалыптастыруға көмектесті. Атом өнеркәсібінің барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне амандық, береке мен бірлік тілеймін!

Төл саламызда табыстар, жасампаз істер, жаңа асулар мен ғылыми жаңалықтар көп болсын. Олар жайлы блог беттерінде сіздермен міндетті түрде бөлісетін боламын.

Сұрақ қою