Ғылыми қызмет

Қоғамда және оның ЕТҰ-да ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметпен 500-ге жуық қызметкерлер айналысады, оның ішінде 8 ғылым докторлары және 54 ғылым кандидаттары. Қоғамда ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық институт («ЖТИ» ЖШС), сондай-ақ кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бөлімшелері («ҮМЗ» АҚ ЦНИЛ, «Волковгеология» АҚ ЦОМЭ) бар.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және еншілес кәсіпорындары әзірленген технологиялар мен жабдықтар бойынша 300-ден астам қорғау құжаттары патенттерінің және бірлескен патенттерінің иесі болып табылады, сондай-ақ аталған көрсеткіш бойынша республикада өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында 1 орынды иеленеді.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін Компанияда «Ғылыми-технологиялық қызметті басқару» саясаты әзірленген, оған сәйкес ғылыми зерттеулер келесі бағыттар бойынша төрт ғылыми орталықтармен біріктіріледі:

1) Геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары – «Волковгеология» АҚ базасында;

2) Өндірістік ерітінділерді өндіру және қайта өңдеу, СРМ ілеспе шығару – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС базасында;

3) ЯОЦ жоғары технологиялары, СМ алу және қайта өңдеу – «ҮМЗ» АҚ ЦНИЛ базасында;

4) Білімді басқару, зияткерлік меншікті коммерциялау, ғылыми-техникалық қызметті жалпы үйлестіру – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылымды үйлестіру басқармасы базасында. 

2017 жылы ендірілді:

  • «Жалпақ» кен орнын тәжірибелік өңдеу үшін өнімділігі жылына 150 тн уран құрайтын уранның өнімдік ерітінділерін қайта өңдеу бойынша мобильді кешен пайдалануға берілді. Мобильді кешенді пайдалану тәжірибелік пайдалануға капиталдық шығындарды айтарлықтай төмендетуге және оның өндірісінің өзіндік құнын 15%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Уран өндірісі бойынша мобильді кешен Компания мамандарымен әзірленді және ҚР инновациялық патенттерімен қорғалады.
  • Ұңғымалардың тікелей сүзгі бөліктеріне химиялық өңдеу өткізу және РВР өткізу үшін жылжымалы қондырғы әзірленді және өндіріске енгізілді. Жылжымалы қондырғы технологиялық ұңғымалардың тікелей сүзгі бөлігіне реагенттер-декольматанттардың химиялық ерітінділерінің әр түрлі түрлерін қайта айдау, даярлау және берудің қауіпсіз жағдайларын жасауға, реагенттерді мақсатты пайдалану есебінен олардың шығындарын (сәйкесінше – РВР құнын) қысқартуға мүмкіндік береді, ал оның бірегейлігі мен икемділігі тәулігіне өңделетін ұңғымалар санын арттырып, РВР тиімділігін арттыратын болады.
  • Шығарылып жатқан бірегей сирек металдар негізінде өнім ассортиментін кеңейту мақсатында «ҮМЗ» АҚ-да ғылыми зерттеулер жүргізілді және әлемдік масштабта жаңа бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өнімнің тәжірибелік партиялары алынды: 

- танталдан және құрамында тантал бар қорытпалардан медициналық имплантаттар;

- аддитивті (3D) технологияларға (3D-принтинг үшін шығын материалы) арналған сирек металдар мен олардың қорытпаларының ұнтақтары;

- МРТ магниттік-резонанстық томографтар өндірісі үшін асқын өткізгіш сым.