Мәмілелер туралы ақпарат

Ірі мәмілелер

  • Жылдық ірі сыйлықақы ставкасы 500 000 000 АҚШ доллары болатын және өтеу мерзімі 2015 жылғы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еурооблигацияларының 2010 жылғы мамырдағы шығарылымы (бұдан әрі – «Облигациялар»). Облигациялар бойынша купондық сыйлықақылар жартыжылдық негізде 2010 жылғы 20 қарашадан бастап әр жылдың 20 қарашасы мен 20 мамырында төлеуге жатады. Облигациялар RegS/144A атаулы нысанындағы ережемен 100 000 АҚШ доллары атауымен және 1 000 АҚШ долларына тең үлкен атаумен шығарылған.
  • 2010 жылғы қарашада Табиғи газды сатып алу-сатуға арналған ұзақ мерзімдік келісімшарт жасасылды. Мәмілеге қатысушылар Сатушы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және сатып алушы ретінде CGNPC Uranium Resource Company болып табылады. Шарттың талаптарына және жеткізу мерзіміне сәйкес Сатушы Сатып алушыға 2011 – 2025 жылдар кезеңінде табиғи газ концентратын жеткізеді.
  • Табиғи уранды сатып алу-сатуға арналған ұзақ мерзімдік келісімшарт 2010 жылғы желтоқсанда жасалды. Мәмілеге қатысушылар Сатушы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Сатып алушы ретінде Қытай Ядролық Энергетика Өнеркәсібі Корпорациясы (CNEIC) болып табылады. Шарт жеткізілімінің талаптары мен мерзімдеріне сәйкес 2011-2020 жылдар кезеңінде Сатушы Сатып алушыға табиғи уран концентратын жеткізеді.

Біз мүдделі болып отырған мәмілелер

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2010 жылы 58, 2011 жылы 91 мәміле жасасты. Оларды жасасуға Компаия мүдделі болды. Мәмілелерде Қоғам атынан өкіл немесе делдал ретінде Қоғамның аффилирленген тұлғалары қатысады, атап айтқанда:

  • табиғи уранды сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер;
  • уран өнімінің экспорты бойынша қызмет көрсетуге арналған мәмілелер;
  • ҒЗЖ сатып алу жөніндегі мәмілелер;
  • арнаулы жүктерді теміржол көлігімен алып жүруді жүзеге асыру үшін екі жолсерігі бар жүк вагонын жалға алу қызметтерін сатып алу жөніндегі мәмілелер;
  • арнаулы жүктерді теміржол, автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыруға арналған бос 20 футтық теңіз контейнерлерін жалға алу қызметтерін сатып алу жөніндегі мәмілелер;
  • қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ дүние-мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау, құқыққа қайшы қол сұғу кезінде қорғау жөніндегі қызметтерді сатып алу жөніндегі мәмілелер;
  • кеңсе және қойма үй-жайларын жалға алу қызметтерін сатып алу жөніндегі мәмілелер;
  • Интернет желісіне қолжетімділікті сатып алу жөніндегі мәмілелер;
  • жеделдік, төлемдік және қайтарымдылық жағдайларында кредит беру жөніндегі мәмілелер, сондай-ақ кепілді және кредиттік келісімдерге түзетулер енгізу туралы келісімдер.

2010 жəне 2014 жылдар кезеңіндегі мəмілелер серпіні