Еншілес және тәуелді компаниялар

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-нің бас директоры - Медео Рустам Қолыбекұлы

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы 1997 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары құрамына кіреді.

Жалғыз акционері: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

Үлбі металлургиялық зауыты тарихының есеп беру нүктесі бірінші өнімі торий оксалатын алу күні – 1949 жылғы 29 қазанда басталады.

«ҮМЗ» АҚ» - атом электр стансалары үшін уран диоксидінен отын таблеткаларын және, атом, электрондық, аэроғарыштық, металлургиялық өнеркәсіп пен қызметтің басқа да салалары қажеті үшін құрамында бериллий, тантал және ниобийі бар өнімді шығару бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі.

«ҮМЗ» АҚ-ның өндірістік қызметінің ерекшелігі – қоршаған ортаға ең төмен ықпал етуі. Негізгі технологиялық процестерді аппаратуралық рәсімдеу негізгі компоненттерді - уран, бериллий, тантал, ниобийді барынша шығарып алуға мүмкін етеді және олардың қоршаған ортаға түсуіне аса жоғары шектеу қояды.

070005, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Абай даңғ., 102