| (AIX)    USD 42.94   %0      KZT 19410   %0     

Қазатомөнеркәсіп атом саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруда

31 қаңтар
Қазатомөнеркәсіп атом саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруда

31 қаңтарда Өскемен қаласында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес ұйымы) мен ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстанның атом саласын дамыту жолындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы мәлімдеді.

Меморандум бастамаларды қарау және нақты жобаларды іске асыру үшін екі жақтан да ғалымдар қатысатын жұмыс тобын құруды көздейді.

Атап айтқанда, тараптар Үлбі металлургия зауытындағы өндірістік циклге Ядролық физика институтының әзірлемелерін енгізу, бериллий және бериллидтерден (титан, хром, тантал, молибден және т.б.) ядролық реактордың ірі компоненттері мен жаңа зерттеу реакторы үшін пластиналы жылу бөлетін құрамаларды жасау мүмкіндігін талқылады.

Үлбі металлургия зауыты – әлемде танымал уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорынның бір өнеркәсіптік алаңында үш ірі өндірісі жұмыс істеп тұр. Олардың сынақ, ғылыми орталықтары, жобалау-конструкторлық институты, бірқатар қосалқы өндірістері, жылу бөлетін құрамаларды өндіретін еншілес кәсіпорны «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС мен атом және тау-кен өнеркәсібіне арналған стандартты емес жабдықтар шығаратын «Машзауыт» ЖШС-і бар.

«Біздің кәсіпорындарымыздың жұмысы толығымен бейбіт атомды пайдалануға негізделген. Зауыт аумағында АЭХА Төмен байытылған уран банкі ашылды. Сондай-ақ, біздің зауытта Ұлттық ядролық орталықтың сәулеленбеген жоғары байытылған ядролық материалының жекелеген партиясын төмен байытылған ядролық материалға қайта өңдеу жобасы жүзеге асырылды. Біз жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауытты – серпінді инновациялық жобаны іске қостық, бұл Қазатомөнеркәсіптің АЭС-ке арналған отын өндірушілер нарығына қатысушылардың шектеулі тобына кіруіне мүмкіндік берді. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз бен біріккен ғылыми әлеуетіміз нақты нәтижесін беріп, отандық экономикаға зор үлес қосатынына сенімдімін», - деп атап өтті «Үлбі металлургия зауыты» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бежецкий.

Ядролық физика институты – Қазақстанның атом саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер мен кадрлар даярлайтын жалғыз орталық. Бүгінде 600-ден астам маманды біріктіріп отырған орталықтың кең ғылыми-техникалық базасы, ВВР-К зерттеу реакторы, оқу орталықтарының, бөлімдердің, зертханалардың, техникалық қызметтердің дамыған құрылымы бар.

«Ядролық физика институты – Қазақстан Республикасының радиациялық және ядролық технологиялар саласындағы жетекші ұйымы, ол сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының пулына кіруге ұмтылады. Соңғы жылдары ол Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары арасында халықаралық басылымдардағы жарияланымдар саны бойынша бірінші орында келеді. Мұндағы ядролық және радиациялық қондырғыларда жоғары білікті кадрлар жұмыс істейді, соның арқасында ҒЗТКЖ жоғары сапалы деңгейде жүргізіледі. Институттың іс-тәжірибе базасын кеңейту жоспары бар. Атап айтқанда, медициналық радиоизотоптар өндіру және ғылымда қолдану үшін жаңа үдеткіштер құру, ядролық құзыреттерді сақтау және арттыру үшін жаңа зерттеу реакторын салу жоспарланған», - деді «Ядролық физика институты» РМК бас директоры Саябек Сахиев.

Үлбі металлургия зауыты базасында Қазатомөнеркәсіптің технологиялық мүмкіндіктері мен Ядролық физика институтының ғылыми-эксперименттік мүмкіндіктерін біріктіру Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы ғылыми қызметті ілгерілету үшін жаңа көкжиектер ашады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру