| (AIX)    USD 42.94   %0      KZT 19410   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 450 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие келісіміне қол қойды

20 қаңтар 2015
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 450 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие келісіміне қол қойды

2015 жылғы 19 қаңтар күні Лондон қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен халықаралық банктер арасындағы 450 000 000 АҚШ доллары сомасындағы несие келісіміне қол қойды. Несиені Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Citibank N.A. London Branch, Deutsche Bank AG London Branch, Mizuho Bank Ltd. және Sumitomo Mitsui Banking Corporation банктері беретін болды. Қазақстанның ұлттық атом компаниясы жылдық мөлшерлемесі 2% + Libor болған қарызды 4,5 жыл мерзімге алып отыр.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұл несие қаржысын төлеу мерзімі 2015 жылғы мамырда аяқталатын өзінің еурооблигацияларын қайта қаржыландыруға жұмсайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2010 жылы 500 миллион долларлық дебюттық еурооблигацияларын шығарғаны мәлім. Бес жылға есептелген құнды қағаздың сыйлық мөлшерлемесі – 6,25%. Еурооблигациялар шығарылымынан түскен қаржының басым бөлігі табиғи уран өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

Пікір қалдыру