| (AIX)    USD 42.94   %0      KZT 19410   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аудит бойынша әріптесті мақұлдағанын хабарлайды

28 ақпан 2019
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аудит бойынша әріптесті мақұлдағанын хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит комитеті 2019 жылғы 18 ақпанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өзектендірілген Саясатын бекіту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, Қоңыратбаев Азамат Шахмарданұлын Қоғамның 2019 жыл ішіндегі қаржылық есептілігінің тәуелсіз аудиті аяқталған мезетке дейін аудит бойынша әріптес ретінде мақұлдау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды.

2019 жылғы 19 ақпанда Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Саясаты (бұдан әрі – Саясат) бекітілді. Өзектендірілген Саясатқа аудит бойынша әріптесті ротациялауға қатысты аудит бойынша әріптес осы позицияда жалпы алғанда жеті жылдан аспайтын уақыт болуы үшін, қатарынан бес жыл жұмыс атқарғаннан кейін осы позицияда қалу кезеңін қосымша екі жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер аудит сапасы мен ротация кезеңінің мәселесі бойынша иекемділік дәрежесін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыстар бойынша хабарласыңыз:

Инвесторлармен қарым-қатынасқа байланысты сұрақтар бойынша

Cory Kos, Инвесторлармен жұмыс істеу басқармасынынң басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланысқа және БАҚ сұранымдарына қатысты сұрақтар бойынша

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы

Қазатомөнеркәсіп – жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 2017 жылы 20%-ын құраған табиғи уран өндірумен әлемдегі аса ірі уран өндіруші. Топ саладағы уран қорларының  аса ірі резервтік базасына ие. 

Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 13 уран өндіруші кәсіпорындарға біріктірілген жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен 26 кен орнында өндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы бола отырып, Компания әлемдегі уран өндіру саласының барлық дерлік жетекші ойыншыларымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Топтың негізгі клиенттері – атомдық өндіруші қуаттардың операторлары, ал Топ өнімдері үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уранды және уран өнімдерін ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сонымен қатар споттық нарықта өзінің штаб-пәтерінен тікелей немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, THK арқылы сатады.

Пікір қалдыру