| (AIX)    KZT 18250   %   -0.33 USD 41.18   %   -0.05

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер бойынша ұсынымдар және директорлар кеңесі отырысының нәтижелері\

19 сәуiр
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер бойынша ұсынымдар және директорлар кеңесі отырысының нәтижелері\

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) 2024 жылғы 18 сәуірде Астана қаласында өткен Компанияның директорлар кеңесінің кезекті отырысының нәтижелері туралы хабарлайды. Директорлар кеңесі бірқатар шешімдер мен ұсынымдар қабылдады, оның ішінде Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу мерзімдері мен форматы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивидендтер төлеу мөлшері мен мерзімдері және 2023 жылғы интеграцияланған жылдық есепті бекіту туралы.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – «Жиналыс») «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-48, 50-52-баптарына сәйкес бетпе-бет форматында өткізу туралы хабарлайды. Жиналысты шақырудың бастамашысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесі (2024 жылғы 18 сәуірдегі № 7/24 хаттама) болып табылады.

Жиналыс 2024 жылғы 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+5) Қазақстан Республикасы, Z05Т1Х3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, 3 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Акционерлерді тіркеу 2024 жылғы 23 мамырда жиналыс өтетін жерде жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 00 минуттан 10 сағат 20 минутқа дейін (GMT+5) жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізілімі 2024 жылғы 23 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT+5) жасалады.

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2024 жылғы 24 мамырда жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+5) бастапқы жиналыс өтпеген жерде, сол күн тәртібімен ашылады. Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты-жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 00 минут (GMT+5). Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты-жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 20 минут (GMT+5).

Алдағы жиналыс туралы хабарлама «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға және Қазатомөнеркәсіптің жарғысына сәйкес Компанияның интернет-ресурсында да қолжетімді болады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. 1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы.
  2. 2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нысанын айқындау туралы.
  3. 3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
  4. 4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту туралы.
  5. 5. 2023 жылғы шоғырландырылған таза табысты бөлу тәртібін бекіту туралы, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  6. 6. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2023 жылғы іс-қимылдарына акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат.
  7. 7. "Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.
  8. 8. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2025, 2026 және 2027 жылдардағы шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептіліктерінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 43-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жиналыстың күн тәртібіне Компанияның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын өз бетінше немесе басқа акционерлермен бірлесіп иеленетін акционерлер немесе Компания акционерлеріне мұндай толықтырулар туралы Жиналыс өткізілетін күнге дейінгі 15 күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда директорлар кеңесі ұсынған толықтырулар енгізілуі мүмкін.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Компанияның нақты орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей акционердің сұрауы бойынша танысуға дайын және қолжетімді болуы тиіс.

Акционердің сұрауы бойынша Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұралған күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде жіберілетін болады, құжаттардың көшірмелерін дайындауға және құжаттарды жеткізуге арналған шығыстарды акционер көтереді. Компания акционерлерінен сұрау салу Компанияның нақты орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Жиналысты өткізу тәртібі

  • Жиналысқа қатысатын акционерлер немесе олардың өкілдері (бірлесіп «акционерлер») Жиналыс басталғанға дейін тіркеуден өтуі тиіс. Акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы керек. Акционерлердің өкілдері жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өздерінің өкілеттіктерін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүдделерін сенімхатсыз білдіру құқығын растайтын құжатты ұсынуы қажет.
  • Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар депозитарлық банктің (Citibank N. A.) қызметтерін депозитарий ретінде пайдалана отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында өз дауыс беру құқығын іске асыра алады. Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында депозитарлық банк (Citibank N. A.) арқылы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-да бенефициарлық иелеріне қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру және басқа ақпаратты ұсынған жағдайда депозитке салынған акцияларға қатысты бенефициарлық иелердің атынан дауыс беруге құқылы.
  • Тіркеуден өтпеген акционер кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
  • Жиналыс кворум болған жағдайда мәлімделген уақытта ашылады.
  • Жиналыста жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады және дауыс беру нысаны – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша) айқындалады.
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және жиналыста дауыс беруге құқығы бар әрбір адамға жиналысты өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыс беру кезінде жиынтық дауыс беруді қоспағанда, «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
  • Төрағаның күн тәртібі мәселесін талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөз сөйлеу Жиналыс регламентінің бұзылуына әкеп соқтыратын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, кедергі жасауға құқығы жоқ.
  • Жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жарияланады.
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес Жиналыс хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде жасалады және қол қойылады.

Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылғы дивидендтері бойынша ұсынымдар

2023 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштердің негізінде директорлар кеңесі 2023 жылға төленетін 1 213,19 теңге сомасында бір қарапайым акцияға (бір ЖДҚ бір қарапайым акцияға тең) дивиденд мөлшерін ұсынды. Осылайша, дивидендтердің жалпы сомасы Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес бос ақша ағынының 75% мөлшеріндегі төлем пайызын ескере отырып, шамамен 314,65 миллиард теңгені құрайды. Жиналыс мақұлдаған жағдайда 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу 2024 жылғы 17 шілдеден бастап акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2024 жылғы 16 шілдедегі жай-күй бойынша жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минут (GMT+5) басталады.

Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылғы интеграцияланған жылдық есебі

Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған, Ұлыбритания қаржы реттеушісінің ақпаратты ашу және қызметтің ашықтығы бойынша талаптарына DTR 4.1.3 (UKLA's Disclosure and Transparency Rules), Қазақстан қор биржасының (KASE) және Astana International Exchange (AIX) биржасының талаптарына, сондай-ақ есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың (GRI) орнықты даму саласындағы есептілік стандарттарына және орнықты даму саласындағы есепке алу стандарттары жөніндегі кеңеске (SASB) сәйкес дайындалған интеграцияланған жылдық есебін (бұдан әрі – ИЖЕ) бекітті. Қор биржаларының листингтік ережелерінің талаптарына сәйкес ИЖЕ мәтіндік нұсқасы Компанияның интернет-ресурсында 2024 жылғы 30 сәуірден кешіктірілмей жарияланатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Қазбек Шәймердинов, Корпоративтік хатшының міндетін атқарушы

Тел: +7 7172 45 80 70

Email: kshaimerdinov@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің  директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Асқар Атағулин, IR департаментінің  директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі  www.kazatomprom.kz. сайтында қол жетімді

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері - Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарықта тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Неғұрлым толық ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «болжаймыз», «ниет етеміз», «мүмкін», «болжау», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады» сияқты сөздер қолданылатын, бірақ олармен шектелмейді, «болуы мүмкін», «қажет», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары мәлімдемелер кіруі мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру