| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 2023 жылғы қаржылық нәтижелері

15 наурыз
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың 2023 жылғы қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» , «ҚАӨ» немесе «Компания») 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

«2023 жылы әлемдік уран нарығында экологиялық таза энергетикаға көшуге және геосаяси тұрақсыздыққа назар аударудың артуына байланысты айтарлықтай құбылмалылық байқалды. Осыған қарамастан, тұрақты төмен көмірсутекті энергия көзі ретінде атом энергетикасына сұраныс айтарлықтай өсті, бұл уранның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына жетудегі маңызды рөлін көрсетеді. Бұл ретте реактордың түріне қарамастан атом электр станцияларына уран қажет. Қазақстан, өз кезегінде, бүкіл әлем бойынша энергетикалық қажеттіліктер үшін отынды қамтамасыз ете отырып, әлемдік уран өндірісінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді, - деді Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Компания энергетикалық қауіпсіздік күн тәртібінің бөлігі болу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Сақталып отырған геосаяси белгісіздік пен тәуекелдер, сондай-ақ нарықты бифуркациялау туралы жалғасып жатқан әңгімелер жағдайында Қазатомөнеркәсіп табиғи уранды сенімді жеткізуші ретінде өзінің көшбасшылық позициясын ұстап тұруға қабілетті және ESG талаптарына сәйкес келетін тәуекел деңгейі төмен юрисдикцияда бола отырып, энергетикалық компаниялардың оларды жеткізу көздерін әртараптандырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайын.

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы ерекше қаржылық тұрақтылықты көрсетті, бұл оның нарықтағы стратегиялық позициясын және жоғары операциялық тиімділігін көрсетеді. Уран бағасының жылдық өсу қарқыны орташа болып, 20% - дан сәл асса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Компания түсімінің өсуі айтарлықтай –43% құраса, түсім 1,4 трлн теңгеге жетті. Жалпы және операциялық пайда өткен жылмен салыстырғанда іс жүзінде 50% өсімді көрсетті.

Мұндай әсерлі нәтижелер өткен жылдағы нарықтық жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын, сондай-ақ Компанияның өндіріс құны ең төмен өндіруші және әлемдегі ең ірі уран жеткізушісі ретіндегі күшті позицияларын көрсетеді және 20 мыңнан астам кәсіпқойлар тобының еңбегінің нәтижесі болып табылады. Компания өндірістік құнын ұстап тұру, өзінің операциялық тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шығындарды оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Ұлттық оператор бола отырып, Қазатомөнеркәсіп әрдайым жаңа кен орындарын барлау және өзінің ресурстық базасын толықтыру үшін одан да көп күш-жігер жұмсауды жалғастырады. Компания геологиялық барлау жұмыстарының ауқымды бағдарламасын іске қосуға және болашақ ұрпақ үшін қорларды толықтыруды қамтамасыз етуге және нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған аумақтарды бағалау жөніндегі өз жұмысын күшейтуге бағытталған».

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

(егер өзгеше көрсетілмесе, миллиард теңгемен)

2023

2022

Өзгеріс

Топтың шоғырландырылған кірісі

1 435

1 001

43%

Операциялық пайда

681

456

49%

Таза пайда

580

473

23%

Түзетілген таза пайда

580

465

25%

Меншік иелеріне жатқызылатын акцияға шаққандағы таза пайда (базалық және сұйылтылған) теңге / акция 1

1 616 

1 342

20%

Түзетілген EBITDA көрсеткіші2

829

631

31%

EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне пропорционалды)3

639

495

29%

Операциялық қызметтен түскен ақша ағындары 4

432

284

52%

1 Компанияның меншік иелеріне тағылатын, шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінген, ең жақын бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген кезеңдегі пайда ретінде есептеледі

2 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық мақалаларды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеу: салыққа дейінгі пайда-қаржылық кірістер + қыржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық бойынша таза (пайда)/шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір және жалқы оқиғалар.

3 Бұрын « EBITDA түзетілген өлшемі (қатысу үлесіне пропорционалды). EBITDA түзетілген көрсеткішіндегі бақыланбайтын үлесті шегергенде «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС және «Хорасан - U» БК» ЖШС және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардың таза кірістегі үлесін және уран сегментінде (EBITDA - ны қоспағанда, «Буденовское» БК» ЖШС әр есепті кезең ішінде аз әсер ететіндіктен) жұмыс істейтін бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың түзетілген EBITDA көрсеткішінің үлесін шегергендегі түзетілген EBITDA көрсеткіші ретінде есептеледі.

4 Табыс салығы мен төленген сыйақыны қамтиды.

Қызметтің қаржылық жағдайы мен нәтижелерін талдау және шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін және аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті талдауда 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы Қазатомөнеркәсіп қызметінің нәтижелері, сондай-ақ 2024 жылға арналған күтулер туралы егжей-тегжейлі түсіндірмелер ұсынылды. Төменде қолданылатын аббревиатуралар, сілтемелер мен нұсқаулар қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелерін талдауда көрсетілгендей қолданылады. Осы баспасөз-релизін біздің www.kazatomprom.kz корпоративтік интернет-ресурсымызда қолжетімді  құжаттармен бірге оқу керек.

Геосаяси оқиғалар

Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты 2023 жыл ішінде санкциялық тізімдер, сондай-ақ тыйым салынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізімдері бірнеше рет жаңартылды.

Қазатомөнеркәсіп санкциялық тәуекелді бағалау және мониторингілеу, оны іске асыру салдарын барынша азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Тәуекелдерді бастапқы бағалауға және санкциялық бағдарламалар мен тізімдердің кейінгі жаңартуларына сүйене отырып, Компания ықтимал теріс салдарларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасады, ол жаңа тәуекелдердің анықталуына немесе санкциялық бағдарламалар мен тізімдердің өзектілігіне қарай, бизнеске қолайсыз әсердің алдын алу мақсатында жаңартылып отырады.

Қазіргі уақытта Украинадағы оқиғалар Топтың қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ. Топтың кірісінің көп бөлігі АҚШ долларымен алынады, сонымен қатар қаржыландыру АҚШ долларымен тартылады, бұл валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің табиғи әсерін тудырады.

Ресейлік банктерге қатысты белсенді халықаралық санкциялық процестерге байланысты Топқа осындай контрагенттермен және/немесе олардың еншілес компанияларымен қызмет көрсету немесе өзара әрекеттесу орынсыз. Компания қолданыстағы санкцияларға жатпайтын банктер бойынша бос қаражатты қайта бөлу бойынша шаралар қабылдады.

Топтың Ресей Федерациясының резиденті «Уранды байыту орталығы» АҚ-мен уранды қайта өңдеуге шарты бар. Қаржылық есептілік күнінде Топ осы келісім бойынша қызмет көрсетуді жалғастырады деп болжайды. Бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді, санкциялық режимдерді сақтауға байланысты тәуекелдер мен жоспарларға талдау жасалады.

Топ тауарларды Ресей аумағы арқылы экспорттайды, бұл Ресей аумағы арқылы транзитпен де, тауарларды теңіз кемелерімен жеткізумен де байланысты тәуекелдерді тудырады, логистикалық шектеулер импорттың құнын арттыруы мүмкін. Компания санкциялардың дайын өнімді тасымалдау мүмкіндігіне ықтимал әсерін үнемі қадағалап отырады. Топтың қаржылық есептілігі күні Топтың өнімін түпкілікті сатып алушыларға жеткізуге байланысты Топ қызметіне шектеулер жоқ. Сондай–ақ, Қазатомөнеркәсіптің Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша уран транзитіне рұқсаты бар, оны Компания 2018 жылдан бастап қандай да бір себептермен солтүстік маршруттың қолжетімсіздігі тәуекелін нивелирлеу мақсатында сәтті қолданады.

Желтоқсан айының соңында АҚШ Өкілдер Палатасы 2028 жылдың басынан бастап ресейлік байытылған уран өнімдерін (БУӨ) импорттауға тыйым салатын H.R. 1042 заң жобасын енгізді. Тыйым, ол қабылданған жағдайда, ол бекітілгеннен кейін 90 күннен кейін, жергілікті атом станцияларын отынмен қамтамасыз етуде мәселелер туындаған жағдайда, 2028 жылға дейін мүмкін болатын ерекшеліктермен күшіне енеді. Заң жобасы АҚШ Сенатында мақұлдануға тиіс. Ол мақұлданған жағдайда, бұл Қазатомөнеркәсіпке ешқандай әсер етпейді, өйткені Қазатомөнеркәсіптің негізгі қызметі табиғи уран өндіру болып табылады. Қазатомөнеркәсіп немесе оның БК серіктестері тарапынан табиғи уран жеткізіле ме, жоқ па, табиғи уран конверсиялық кәсіпорындарға жеткізілгенге дейін өзінің қазақстандық шығу тегін сақтайды. Ағымдағы тәуекелдерді бағалау бағдарламасы аясында басшылық Ресейге қарсы санкциялардың Топ қызметіне әсерін талдайды. Бүгінгі күні cанкциялар Топтың қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ, дегенмен Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың күшеюінен туындаған нарықтық белгісіздік уранның спот бағасының, ұлттық валюта бағамының және Компанияның бағалы қағаздарының бағамдарының айтарлықтай құбылмалылығына әкелді.

ESG саласындағы өзгерістер

2023 жылы Компанияда директорлар кеңесі бекіткен "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ның 2023-2030 жылдарға арналған орнықты даму саласындағы бағдарламасы («Бағдарлама») әзірленді. Құжаттың мақсаты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді белсенді басқару есебінен акционерлік құнның өсуін қамтамасыз ету және мүдделі тараптардың барлық топтарының мүдделері үшін ұзақ мерзімді перспективада қосымша құндылық жасау үшін тұрақты даму қағидаттарына сәйкес Компанияның даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламада Қазатомөнеркәсіптің 2030 жылға дейінгі негізгі мақсаттары, міндеттері мен нақты нысаналы көрсеткіштері бар, олар үш құрамдас бөлік – экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша топтастырылған.

ESG қағидаттарын қызметтің негізгі салаларына одан әрі енгізу және тұрақты даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдану мақсатында Компания есепті кезеңде директорлар кеңесі бекіткен «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-да ESG практикасын жетілдіру жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыс жасады.

Экологиялық тұрақтылықты ілгерілету шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің 2023-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, ол Топтың бірыңғай саясатын және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы орта мерзімді кезеңге кешенді тәсілді айқындайды. 2023 жылдың қазан айында директорлар кеңесі «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ су ресурстарын басқарудың 2023-2030 жылдарға арналған стратегиясын бекітті. Бұл стратегиялық құжат Компанияның өндірістік қызмет процесінде суды ұтымды және ұқыпты пайдалануға деген ұмтылысын көрсетеді.

Тұрақты даму тәжірибесін үнемі жетілдірумен қатар, Компания үшін тәуелсіз ESG бағалары мен рейтингтерін алу басымдыққа ие. 2023 жылғы желтоқсанда Сorporate Sustainability Assessment сауалнамасы негізінде S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіпті өткен жылғы бағалау деңгейінде бағалады. 2023 жылы Қазатомөнеркәсіп алғаш рет CDP (Carbon Disclosure Project) климаттық рейтингі шеңберінде «Климаттың өзгеруі» («Сlimate Change") бағыты бойынша деректерді ашып, өзінің алғашқы климаттық рейтингін «В» («басқару») деңгейінде алды. Мұндай бағалау Компания қызметінің қоршаған ортаға әсерін дұрыс басқаруды қамтамасыз ететін экологиялық менеджменттің болуын көрсетеді. Айта кету керек, Азия өңірі бойынша CDP орташа бағасы – «С», «Металлургия және өндіру» саласының «металдарды өңдеу» секторы бойынша – «В-«. Осылайша, Компания өз саласы мен өңірі бойынша орташа бағадан асып түсті, бұл Қазатомөнеркәсіптің қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және болдырмау және «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын іске асыру жөніндегі күш-жігерін растайды.

Тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін қолдай отырып, 2023 жылы Компания алғаш рет БҰҰ-ның жаһандық шартына қатысты прогресс туралы есеп дайындады және БҰҰ-ның «SDG Ambition» жаһандық шартының бағдарламасына қатысты. Сондай-ақ ашықтық деңгейін арттыру мақсатында қаржылық емес ақпаратты ашу практикасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылды. Өткен жылдан бастап Қазатомөнеркәсіптің интеграцияланған жылдық есебіндегі ақпарат GRI және TCFD қатар SASB стандарттарына сәйкес ашылады.

Еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік көрсеткіштерҚоршаған ортаны қорғауды, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, өндірістік қауіпсіздік Қазатомөнеркәсіп қызметінің басымдықтары болып табылады. Компания өндірістік қауіпсіздіктің өнеркәсіптік бағдарламаларын басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отырады және «нөлдік жарақатқа» ұмтылады.

Компания кәсіпорындарындағы өндірістік қызмет еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қазақстандық және халықаралық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі, оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі кешенді шаралар іске асырылады. Халықаралық стандарттарға (ISO 45001) сәйкес келетін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйесінің сыртқы аудитінің нәтижелері енгізіліп, жыл сайын расталады, барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылар арасында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2023 жылы қабылданған өндірістік қауіпсіздік шаралары Холдинг кәсіпорындарында елеулі өнеркәсіптік апаттардың (бақыланбайтын жарылыстарды, қауіпті заттардың шығарындыларын немесе ғимараттардың бұзылуын қоса алғанда) алдын алуға мүмкіндік берді. 2023 жылы Компания еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларға шамамен 12,47 млрд теңге (2022 жылы 8,08 млрд теңге) жұмсады. Айта кету керек, биыл бұл сома өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 1,3 млрд теңге көлемінде шығындарды қамтиды.

Төмендегі кестеде 2023 және 2022 жылдардағы нәтижелер көрсетілген.

Көрсеткіш

2023

2022

Ауытқу

Өнеркәсіптік апаттар 1

LTIFR (1 миллион адам-сағатқа) 2

0,15

0,51

36%

Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және Near-Miss туралы есеп беру

36 145

36 913

(2%)

Жазатайым оқиғалар саны 3

4

3

(33%)

Өлім жағдайлары

0

1

(100%)

1 Бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың бұзылуы ретінде анықталады.

2 Миллион сағаттық жоғалған уақытты талап ету жылдамдығы (LTIFR).

3 Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі ретінде айқындалады, оның нәтижесінде өндірістік жарақат, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы, оны еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуға не өлімге әкеп соқтырған.

2023 жылы Компанияның кәсіпорындарында бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттар шығарындылары, ғимараттардың қирауы және өлімге әкелетін өндірістік жарақаттарды қоса алғанда, ірі өнеркәсіптік апаттардың алдын алуға мүмкіндік беретін өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі белсенді іс-шаралар жалғасты.

Еңбекті қорғау мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған тұрақты жұмысқа қарамастан, 2023 жылы төрт жазатайым оқиға тіркеліп, бес жұмысшы зардап шекті. Жазатайым оқиғаларға мыналар жатады: тайғақ бетке құлаудың екі жағдайы және химиялық күйік алудың екі жағдайы, олардың бірі топтық түрде (екі жұмысшы зардап шекті).

Әрбір жазатайым оқиғадан кейін мұқият арнайы және ішкі тергеулер жүргізілді, негізгі себептер анықталды, алдын алу шаралары әзірленді және болашақта ұқсас жағдайларды болдырмау үшін процедуралар өзгертілді. Алынған тергеу нәтижелері іс-шарадан сабақ алу және олардың процестерін сәйкесінше түзету үшін Топ кәсіпорындарының назарына жеткізілді. Компания жұмыскерлердің өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне қатысуы мен хабардарлығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Кіріс, таза пайда, EBITDA көрсеткіштері

Топтың шоғырландырылған кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 43% - ға ұлғайып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 434 635 млн теңгені құрады (2022 жылы 1 001 171 млн теңгені құрады). Бұл өсу негізінен байланысты:

  • U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуімен;
  • клиенттердің қосымша сұраныстарына, сондай-ақ жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттарға байланысты U3O8 іске асыру көлемінің ұлғаюымен;
  • «Үлбі-ТВС» ЖШС-нің 2023 жыл ішінде ТВС жеткізу көлемінің ұлғаюына және ҮМЗ сирек металдарынан жасалған өнімді сатудан түсетін кірістердің ұлғаюына сәйкес БУӨ және басқа уран өнімдерін сатудан түсетін кірістердің өсуімен (таблеткаларды сатуды және толлинг қызметтерін көрсетуді қоса алғанда).

2023 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 680 812 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 49% - ға ұлғайды (2022 жылы 455 962 млн теңгені құрады), негізінен 2023 жылы жоғарыда көрсетілгендей кірістің ұлғаюына байланысты.

2023 жылғы таза пайда 580 335 млн. теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 23% - ға ұлғайды (2022 жылы 472 963 млн.теңгені құрады). Өсім, негізінен, жоғарыда айтылғандай, 2023 жылы операциялық кірістің өсуіне байланысты.

EBITDA түзетілген көрсеткіші 2023 жылы 828 623 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 31% - ға ұлғайды (2022 жылы 630 898 млн теңгені құрады), ал EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 639 407 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 29% - ға ұлғайды (2022 жылы). 2022 жылы 495 357 млн теңгені құрады). Өзгерістер негізінен шоғырландырылған деңгейдегі операциялық кірістің жоғарылауынан, сондай-ақ БК мен қауымдастырылған компаниялардағы EBITDA көрсеткішінің жоғарылауынан туындады, бұл көбінесе U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты.

2023 жылы операциялық ақша ағындары 432 225 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда негізінен 283 859 млн теңге мөлшерінде едәуір ұлғайды:

  • U3O8 нарықтық спот бағасының ұлғаюына, сату көлемінің өсуіне және жеткізу кестесінің өзгеруіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуіне байланысты 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы сатып алушылардан және своп-мәмілелер бойынша операциялардан түсетін ақшалай түсімдердің 246 449 млн теңгеге ұлғаюы;
  • бюджеттен 50 546 млн теңге сомаға ҚҚС қайтаруды азайту;
  • басқа төленген салықтардың өсуіне байланысты, негізінен Қазақстан Республикасының аумағында топішілік сату көлемінің ұлғаюы нәтижесінде есептелген қосылған құн салығы сомасының ұлғаюына және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ұлғаюына байланысты 39 573 млн теңге сомасына нивелирлеу;

салық салуға дейінгі пайданың ұлғаюына байланысты төленген табыс салығының 28 667 млн теңгеге ұлғаюы.

Сатудың өзіндік құны

Сатудың өзіндік құны 2023 жылы 671 862 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 41% - ға ұлғайды (2022 жылы 475 097 млн теңгені құрады), бұл негізінен шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар өндірген уран құнының ұлғаюына және сатып алынған уран құнының өсуіне байланысты, cондай-ақ 2023 жылы U3O8 іске асыру көлемінің ұлғаюымен.

2023 жылы шикізат пен материалдардың құны 364 841 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 39% - ға ұлғайды (2022 жылы 261 825 млн теңгені құрады), бұл бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған уран құнының өсуіне байланысты (оны сату кезінде уран, сату құны негізінен шикізат пен материалдарды басым споттық бағамен және тиісті қолданылатын жеңілдіктермен сатып алу құнымен ұсынылады). Шикізат пен материалдар құнының өсуіне инфляциялық қысым мен спот бағасының өсуі нәтижесінде шикізат пен материалдарды, соның ішінде U3O8 сатып алу бағасының өсуі де әсер етті.

Сату бойынша шығыстар

2023 жылы іске асыру бойынша шығыстар 28 851 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда едәуір өсті. Өсім негізінен сату көлемінің ұлғаюына және ТХКБ пайдалана отырып тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

Жалпы әкімшілік шығыстардың ұлғаюы мемлекет алдындағы 11 357 млн теңге сомасына өтемақыны және төмендегі түсіндірмелерге сәйкес «Орталық «ПД» ЖШС екінші қатысушысына 4 679 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлеу бойынша есептелген резервті қамтиды.

2017 жылдың қазан айында Топ 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзіммен «Жалпақ» кен орнында уранды барлауға келісімшарт алды. 2018 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі минералдық ресурстарды бағалау үшін шарт бойынша зерттеу қызметінің мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті. Алайда, Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі жұмыстарды бағалау жөніндегі жобаны бекітпеді; сондықтан тәжірибелік өндіру 2020 жылдың сәуірінде тоқтатылды. 2018 жылғы маусым мен 2020 жылғы сәуір аралығында «Жалпақ» кен орнында реттелмеген өндірілген уранның көлемі 162,45 тоннаны құрады. 2023 жылғы 15 тамызда «Орталық «ПД» ЖШС төлем күніне бағамдық айырманы ескере отырып, өндірілген уранның реттелмеген көлемі үшін мемлекетке 11 404 млн теңге мөлшерінде өтемақы төледі.

Осы төлемге байланысты Компания сондай-ақ «Орталық» ПД» ЖШС екінші қатысушысына өтемақы төлеу бойынша резервті 2021 жылғы «Орталық» ПД» ЖШС қатысу үлесінің 49% -ын  сатып алу-сату шартының кейбір талаптарының осы жағдайға қолданылуына байланысты өтемақы төлеу ықтималдығының туындауына байланысты 4 679 млн теңге мөлшерінде есептеді.

Өтімділік

Топ өтімділікке деген қажеттіліктерін өз міндеттемелерін уақытында өтеу үшін жеткілікті қолма-қол ақшаның тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін, қолайсыз шығындардың пайда болуына жол бермей және Топтың беделіне қауіп төндірмей, қаржылық міндеттемелерін орындау үшін басқарады.

(миллион теңгемен)

2023

 2022

Өзгеріс

Қаражат  және олардың баламалары

211 912

169 536

25%

Мерзімді депозиттер

8

930

(99%)

Барлық ақша

211 920

170 466

24%

Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома

115 004

84 665

36%

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мерзімді депозиттерді қоса алғанда, ақша қаражаттары мен олардың баламалары 2022 жылғы 170 466 млн теңгемен салыстырғанда 24% - ға ұлғайып, 211 920 млн теңгені құрады.

Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома Топқа қолжетімді, өтімділіктің қосымша көзі болып табылатын, 12 айға дейінгі мерзімде өтеуге жататын, негізінен сауда дебиторлық берешегінің түсу мерзімдерімен байланысты кассалық алшақтықтарды уақытша жабу үшін пайдаланылатын жаңартылатын корпоративтік кредиттік желілер арқылы ұсынылады.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың жаңартылатын несие желілері бойынша жалпы лимиті 253 миллион АҚШ долларын құрады, оның барлық көлемі пайдалануға қолжетімді болды (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жаңартылатын несие желілері бойынша лимит 235 миллион АҚШ долларын құрады).

Борыштық левередж коэффициенттері

Келесі кестеде 2023 және 2022 жылдардағы қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін Компания басшылығы қолданатын негізгі коэффициенттер келтірілген. Таза қарыз / түзетілген EBITDA коэффициенті бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні 1,0-ден төмен.

(миллион теңгемен)

2023

2022

Өзгеріс

 Кредиттер мен қарыздардың жиыны (кепілдіктерді қоспағанда)

86 377

138 444

(38%)

 Барлық  ақша балансы

(211 920)

(170 466)

24%

 Таза қарыз

(125 543)

(32 022)

<(200%)

 Түзетілген EBITDA көрсеткіші*

828 623

630 898

31%

 Таза қарыз / түзетілген EBITDA көрсеткіші (коэффициент)

(0,15)

(0,05)

<(100%)

* Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық мақалаларды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеу: салыққа дейінгі пайда-қаржылық кірістер + қыржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық бойынша таза (пайда)/шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір және жалқы оқиғалар.

Уран сегментінің өндірістік көрсеткіштері

 

 

2023

2022

Өзгеріс

Өндіріс көлемі U3O8 (100% негізде)

тонна

21 112

21 227

(1%)

Өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне пропорционалды) 1

тонна

11 169

11 373

(2%)

Сату көлемі U3O8 (шоғырландырылған)

 

18 069

16 358

10%

    Компанияның сату көлемін қоса алғанда 2,3

 

14 915

13 572

10%

Топтың дайын өнімнің қалдықтары (U3O8)

тонна

7 242

9 352

(23%)

    Компанияның (U3O8) дайын өнімінің қалдықтарын қоса алғанда4

тонна

6 108

7 749

(21%)

Топты сатуларының орташа бағасы

теңге / кг

65 344

52 051

26%

Топты сатуларының орташа бағасы

 АҚШ долл / фунт

55,09

 43,44

27%

Компанияның орташа сату бағасы 5

 АҚШ долл / фунт

52,10

 42,50

23%

Орташа апталық спот бағасы

 АҚШ долл / фунт

60,53

 49,61

22%

Айдың соңындағы орташа спот бағасы 6

 АҚШ долл / фунт

62,51

 49,81

25%

1 U3О8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды) Компания мен ТHК сатып алған уран көлеміне тең емес.

2 Компанияның U3О8 сату көлемі (Топта ескеріледі): Компанияның сыртқы сатып алушыларына және THK-ға сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топ ішіндегі мәмілелер есепке алынбайды. Бұл ретте, Топтың U3О8 өндіріс көлемінің бір бөлігі «Үлба-ТВС» ЖШС-де БУӨ, отын таблеткаларын, сондай-ақ жылу бөлетін жинақтарды (ЖБЖ) өндіруге жұмсалады.

3Топ бойынша сату көлемі және Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 2023 жылы  «Үлба-ТВС» ЖШС жобасы ұшін пайдаланылған табиғи уранның 1 300тоннаға жуық уран эквивалентін қамтымайды.

4 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескеріледі): Компания мен THK қалдықтарының жалпы көлемін қамтиды.

5 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ және THK соңғы сыртқы сатылымдары үшін бір фунт уран концентратының орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ және THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер бойынша бағалар қосылмаған.

6 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр аптадағы спот бағасының орташа бағасын емес, айдың соңындағы уранның спот бағасының орташа бағасын білдіреді, өйткені келісімшарт бағасының шарттары әдетте айдың соңындағы бағамен байланысты.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс және сату көлемі Компания күткендей болды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 100% негізде және меншік үлесіне пропорционалды түрде 2022 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен төмен болды, негізінен 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған өндірістік жоспардың шамалы төмендеуіне байланысты.

Топтың да, ҚАӨ-ның да сату көлемі 2022 жылмен салыстырғанда клиенттердің қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде жылдық жеткізілім көлемін ұлғайтуға қосымша сұраныстарына, сондай-ақ 2023 жылдан бастап жеткізілімдермен жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттарға байланысты жоғары болды. Әр кезеңнің сату көлемі клиенттердің сұраныстарына және физикалық жеткізу мерзімдеріне байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 7 242 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайдан 23% - ға төмен. Компанияның корпоративтік орталығы мен THK деңгейінде U3O8 дайын өнімінің қорлары (қалдықтары) 6 108 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайдан 21% - ға төмен. Жалпы, U3O8 дайын өнімінің қорларының (қалдықтарының) төмендеуі сату көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Топты теңгемен сату орташа бағасы 2023 жылы 65 344 теңге/кг құрады (55,09АҚШ доллар / фунт), бұл уранның орташа спот бағасының өсуіне байланысты 2022 жылмен салыстырғанда 26% - ға жоғары. Ұқсас себептерге байланысты Компанияның орташа сату бағасы да жоғары болды.

Компанияның келісімшарттық портфелінің қазіргі бағасы уранның спот бағасымен байланысты. 2023 жылы сатудың орташа бағасының өсуі уранның споттық нарықтық бағасының өсуімен салыстырмалы деңгейде болды. Қысқа мерзімді жеткізілімдер бойынша түпкілікті тұтынушыларға трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес келісімшарт бойынша баға белгілеу күні мен нақты жеткізілім сәтіндегі споттық нарықтық баға арасында белгілі бір уақыт артта қалуы бар. Бағаның бекітілуі мен жеткізілім арасындағы осындай уақытша кідірістер кезеңіндегі нарықтың жоғары құбылмалылығының әсері бағаның өсуі мен төмендеуі жағдайында құбылмалылықтың өсуіне байланысты айқынырақ болады. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша баға белгілеу тетіктері төмен баға шарттарында белгіленген бағаның бекітілген негізгі компоненттерін қамтиды.

Уран өнімінің ақшалай құны және күрделі шығындары

(егер өзгеше көрсетілмесе, миллион теңгемен)

 

2023

2022

Өзгеріс

C1 ақшалай құн (қатысу үлесіне пропорционалды)

 АҚШ долл /
 фунт

13,27

10,25

29%

Күрделі шығындар (қатысу үлесіне пропорционалды)

 АҚШ долл /
 фунт

8,10

5,94

36%

AISC ақшалай құны+ күрделі шығындар
(қатысу үлесіне пропорционалды)

 АҚШ долл /
 фунт

21,37

16,19

32%

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде)1

201 321

201 231

61%

 

¹ Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды.

2023 жылы С1 ақшалай құны қатысу үлесіне пропорционалды түрде 29%-ға өсті, ал «AISC ақшалай құны + күрделі шығындар» көрсеткіші (АҚШ доллары) қатысу үлесіне пропорционалды түрде 2022 жылмен салыстырғанда 32% - ға өсті. C1 көрсеткішінің өсуі негізінен 2023 жылдан бастап салық есебіне енгізілген өзгерістерге байланысты тау-кен салығының өсуіне, сондай-ақ өндірістік персоналдың жалақысының өсуіне және қызметтерге, кейбір шығын материалдары мен реагенттерге инфляциялық қысымның өсуіне байланысты болды.

AISC көрсеткішінің артуы тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындарының ұлғаюымен байланысты (қатысу үлесіне пропорционалды).

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде) 201 321 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37%-ға ұлғайды (146 499 млнтеңге), бұл кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстарды ауыстырумен, сондай-ақ шикізатқа, материалдарға, жабдыққа сатып алу бағасының өсуімен және бұрғылау жөніндегі қызметтер құнының өсуімен байланысты.

Қазатомөнеркәсіптің 2024 жылда күтетіні

 

2024 жылға болжам

2023 үшін факт

460 KZT/1USD

456.24 KZT/1USD*

Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3О8  

(100% негізде), тонна 1, 2

21 000 – 22 5002

21 112

Өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемі U3О8  

(қатысу үлесіне пропорционалды), тонна 3

10 900 – 11 9002

11 169

Топты өткізу көлемі, тонна 4 (шоғырландырылған)

15 500 – 16 500

18 069

оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна 5

11 500 – 12 500

14 915

Топтың жалпы кірісі (қаржылық есептілікке сәйкес) 6, млрд. теңге

1 700 – 1 800

1 435

оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)6, млрд. теңге 

1 300 – 1 400

1 181

C1 Ақшалай құн (қатысу үлесі бойынша),  АҚШ долл / фунт**

$16,50 – $18,00

$13,27

AISC Ақшалай құн + тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша), АҚШ  долл/ фунт**

$26,00 – $27,50

$21,37

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге 7

250 – 270

201

 1 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындардың жиынтық өндіріс көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемі Конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.

2 Ресей-Украина қақтығысы мен кейбір негізгі материалдарға қол жетімділіктің шектеулі болуына байланысты санкциялық қысымды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, оның ұзақтығы мен толық әсері белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі ішкі күтулерден өзгеше болуы мүмкін.

3 Өндіру кәсіпорындарының U3О8 өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды): Компанияның меншік үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. бұрын Компанияның IPO даңғылында ашылған іске асыру туралы келісімге сәйкес. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады. «Буденовское» БК бойынша 2024-2026 жылдар аралығындағы өндіріс көлемі оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық жағдайларда Ресейдің азаматтық атом энергетикасы өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету үшін толық сақталған.

4 Топты іске асыру көлемі, тонна: Қазатомөнеркәсіптің U3О8 және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді кәсіпорындарын (ҚАӨ олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігінің (i), (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің өзгеруіне ықпалдың немесе құқықтың және (iii)болуы жолымен бақылайтын компаниялардың сатуларын қамтиды Топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. Негізгі құқықтардың, оның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтарының болуы мен әсері ҚАӨ-ның басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі). Топтың U3О8 сату көлемі уранның басқа түрлерін (жанармай таблеткаларын сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмейді) жүзеге асыруды қамтымайды.

5 Компанияны сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның және THK-ның қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер қамтылмаған.

6 Күтілетін кіріс белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уран бағасына және теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарына негізделген. Пайдаланылған бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2024 жылғы түсім нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығына айтарлықтай дәрежеде әсер етуі мүмкін.

7 Күрделі шығындар (100% негізде): тек тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындарын, соның ішінде инвестициялық жобалардың айтарлықтай күрделі шығындарын қамтиды. Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды. 2024 жылға «Буденовское» БК» ЖШС, «Катко» БК» ЖШС (Оңтүстік Төрткұдық) және «Орталық» БК» ЖШС (Жалпақ) бойынша кеніштердің инфрақұрылымын дамытуға шамамен 85 млрд теңге көлемінде шығындар енгізілді.

* 2023 үшін орташа айырбастау бағамы.

** U3О8 фунтына кг уранды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екенін ескеріңіз.

*** Кейбір БК бойынша серіктес өзінің өндіріс үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайда, Компанияның осындай қосымша көлемді (Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды өндіріс көлемінен тыс) сатып алуға құқығы бар.

2024 жылы өндіріс көлемі 21 000-нан 22 500 тоннаға дейін уран және 11 300-ден 11 900 тоннаға дейін уран деңгейінде 100% негізде және меншік үлесіне пропорционалды түрде күтіледі (бұған дейін 2022 жылы Компания өндірісті бір деңгейге шығару туралы ниетін жариялаған болатын 25 000 – 25 500 100% - ға тонна уран негізінде). Компанияның өндіріс бөлігінде бұрын жарияланған ниеттерін түзету күкірт қышқылының қол жетімділігімен және жаңа кен орындарында/учаскелерде құрылыс жұмыстарының кестесінен артта қалуымен байланысты қиындықтардан туындайды, деп 2024 жылдың 12 қаңтарында Компания хабарлады.

Сату көлемі бойынша 2024 жылға арналған үміттер нарыққа бағытталған стратегияға сәйкес келеді. Топ 2024 жылы сату көлемі 15 500-ден 16 500 тоннаға дейін уранды құрайды деп күтеді, оның ішінде ҚАӨ диапазонындағы сату көлемі бойынша күтулер бар 10 900 – 11 900 тонна уран, бұл 2023 жылдың нақты көрсеткіштеріне сәйкес келеді. 2023 жылмен салыстырғанда Топ бойынша да, Компания бойынша да 2024 жылы сату бойынша болжамды көрсеткіштердің төмендеуі кейіннен отын жинақтарын өндіру үшін «Үлба-ТВС» ЖШС мекенжайына БУӨ нысанында сату көлемінің ұлғаюына байланысты және болашақ кезеңдерге қорлардың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кірістер, сондай-ақ «ақшалай өзіндік құн» С1 (қатысу үлесі бойынша) және «ақшалай өзіндік құн + кәсіпорындардың күрделі шығындары» AISC (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар) көрсеткіштері, егер теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 2024 жыл ішінде айтарлықтай ауытқитын болса, жоғарыда келтірілген болжамдардан өзгеше болуы мүмкін. Тау-кен салығы әсер ететін споттық нарықтық бағаның өсуі, сондай-ақ өндірістік материалдар мен реагенттерге инфляциялық қысымды қоса алғанда, қажетті шикізат пен материалдарды жеткізудегі қиындықтар 2024 жылға дейін жалғасады, бұл Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін және C1 «ақшалай өзіндік құн» (қатысу үлесі бойынша) және AISC көрсеткіштерін күтуге негіз береді «Ақшалай құн + тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындары» (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар) 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда жоғары болады. Егер жоғарыда аталған белгісіздіктер 2024 жылға дейін сақталса, болжамды көрсеткіштер жаңартылады.

Кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстарды 2023 жылдан бастап ауыстыруды, шикізатқа, материалдарға, жабдыққа сатып алу бағасының өсуін, сондай-ақ «БК «Буденовское» ЖШС, «БК «Катко» ЖШС (Оңтүстік Төрткұдық) және «Орталық» ПД» ЖШС (Жалпақ) жиынтығында шамамен 85 млрд теңге көлемінде бойынша кеніштердің инфрақұрылымын дамытуды жабу үшін өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары бойынша 2024 жылға арналған болжам 2023 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 100% - ға айтарлықтай ұлғайды.

Компания спот-нарықта уран сатып алу бойынша мәмілелер жасай алады және Компанияның тауарлық-материалдық құндылықтар деңгейін оңтайландыруға мүмкіндік беретін мүмкіндіктерге нарықтық жағдайларды бақылауды жалғастырады.

Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама-2023 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелер

Компания 2024 жылдың 15 наурызында жарияланғаннан кейін 2023 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Қоңырау 2024 жылғы 15 наурызда Астана қ.уақыты бойынша 17:00-ге / Гринвич бойынша 12:00-ге / Солтүстік Америка уақыты бойынша 08:00-ге жоспарланған.

Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «сұрақ-жауап» сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліне синхронды аудармасы тек тыңдау үшін қолжетімді болады).

Ағылшын тіліндегі тікелей трансляцияға (вебкастқа) қосылу үшін (вебкастқа қатысушылар конференц-байланыс кезінде өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болады), теру нөмірлері туралы мәліметтерді, сондай-ақ сұрақ-жауап сессиясына қатысу нұсқауларын алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/450546c6-7aff-4ed6-a78b-b01c50c8bfcc

Орыс тіліндегі тікелей эфирге (веб-трансляцияға) қосылу үшін (тыңдау режимінде, сұрақ қою мүмкіндігінсіз) және сәйкес теру нөмірлерінің мәліметтерін алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/d305bc6b-f0b1-4f27-aa29-319675f78491

Конференц-қоңырауды тарату жазбасы (вебкаст) ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай,  интернет-ресурстағы сілтеме арқылы қолжетімді болады www.kazatomprom.kz

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің интернет-ресурсымызда: www.kazatomprom.kz

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілердің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызметінің нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер алдында, одан кейін немесе «мақсат», «санаймын», «күтемін», «ниеттімін», «мүмкін», «болжадым», «бағалаймын», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа ұқсас мағынадағы сөздер мен терминдер немесе олардың болымсыз формалары сияқты сөздерді қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Мұндай болашаққа қатысты мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияның нақты нәтижелерінің, өнімділігінің немесе жетістіктерінің күтілетін нәтижелерден, нәтижелерден немесе жетістіктерден елеулі түрде ерекшеленуін тудыруы мүмкін Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторлар кіреді. келешек. Бұл болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның ағымдағы және болашақтағы бизнес-стратегиясы және оның болашақта жұмыс істейтін ортасы туралы көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚҰРЫЛҒАН БОЛЖАМДЫҚ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ЖОЛДАМДАР ТІЗІМІНЕ НЕГІЗГЕН ЖӘНЕ АЙРЫМДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІЛІМДІЛІКТЕРГЕ ЖӘНЕ БАСҚА КЕЗ КЕЛГЕН ЕМЕС ЖАҒДАЙЛАРҒА БАҒЫНДЫ. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАР ОРЫНДАЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ, ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕНДЕН ЖОҒАРЫ немесе ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШКІМІ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ОФИЦЕРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, КЕҢЕСШЕРЛЕРІ, АФИЛИАЛИАЛАРДЫ НЕ ЖОҒАРЫДА КЕЗ КЕЛГЕН ӨКІЛДЕРІ НЕ АФИЛИАЛИАЛАРДЫ ЕМЕС - КЕЗЕКТІК МЕМЛЕКЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУЛАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, бірақ олармен шектелмей, соның ішінде, болашаққа қатысты мәлімдемелер, тек осы құжаттың жасалған күні бойынша қолданылады және болашақ нәтижелерге ешқандай кепілдік беруге арналмаған. Компания мұндай ақпаратқа, соның ішінде қаржылық деректерге немесе болжамдық есептерге жаңартуларды немесе өзгерістерді тарату бойынша кез келген міндеттемеден тікелей бас тартады және Компанияның болжауларындағы, оқиғалардағы, шарттардағы өзгерістерден туындайтын ақпаратқа енгізе алатын өзгерістерді немесе осындай болжамдық мәлімдемелерге негізделген мән-жайлар немесе осы күннен кейін болған басқа оқиғалар немесе жағдайларды жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру