| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

Қазатомөнеркәсіп халықаралық алаңдарда атом саласын дамыту перспективаларын талқылады

29 наурыз
Қазатомөнеркәсіп халықаралық алаңдарда атом саласын дамыту перспективаларын талқылады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Брюссельде (Бельгия) бірінші атом энергиясы саммиті және Сочидегі (РФ) «АТОМЭКСПО 2024» халықаралық форумы барысында өткен әлемдік атом энергетикасын дамыту жөніндегі талқылауларға белсенді қатысты.

Бельгия премьер-министрі Александр де Кроо мен МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гросси тең төрағалық еткен саммит атом энергетикасының тұрақты дамудағы, энергетикалық қауіпсіздіктегі және экономикалық өсудегі рөліне арналды.

Саммит аясында «Жанармай жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіндегі шешуші рөлін және әлемдік атом энергетикасының уран өндірудегі қажеттіліктерінің шамамен 40% қамтамасыз ететін елдің көшбасшылығын атап өтті.

«Атом энергиясы таза және үнемді энергия көзі ретінде маңызды рөл атқарады. 2023 жылы 20-дан астам ел 2050 жылға қарай атом энергетикасы қуатын үш есе арттыру туралы декларацияға қол қойды. Бұл Париж келісімінің бүкіл әлем бойынша CO2 шығарындыларын азайту мақсатына жету үшін өте маңызды. Қазатомөнеркәсіп өзінің әлемдік нарықтағы географиясын кеңейтуге және жаңа кен орындарын барлау және ресурстық базаны толықтыру арқылы болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыруды көздеп отыр», - деді Мейіржан Юсупов.

«АТОМЭКСПО» форумы барысында атом энергетикасының дамуы да талқыланды. Тұрақты даму мәселелеріне де көп көңіл бөлінді.

«Таза энергия: болашақты бірге құру» пленарлық отырысы барысында Мейіржан Юсупов Қазатомөнеркәсіп бүкіл әлем бойынша атом электр станциялары үшін тұрақты және сенімді уран жеткізуді қамтамасыз етуге белсенді қатысуын жалғастыратынын атап өтті. Ол сондай-ақ ESG қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын және компанияның өзі орналасқан аймақтарда қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған жұмыстары туралы айтты.  

Өткен іс-шаралар аясында Қазатомөнеркәсіп басшылығы халықаралық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. Тараптар ынтымақтастық перспективаларын және атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қызметтің түрлі бағыттарын дамыту мүмкіндігін талқылады.   

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 24% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал Топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің Астанадағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы Trading House KazakAtom (ТНК) еншілес сауда компаниясы арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру