| AIX

Инвесторларға

Бағалы қағаздар туралы ақпарат

Дивидендтер

Шешім

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылға арналған акциялар пакетіне дивидендтер есептеді. Бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 1 215,06 (бір мың екі жүз он бес) теңге 06 (алты) тиынды, жалпы сома 45 019 066 000 (қырық бес миллиард он тоғыз миллион алпыс алты мың) теңгені құрайды.

Төлем

45 019 066 000 (қырық бес миллиард он тоғыз миллион алпыс алты мың) теңге көлеміндегі төлем 2018 жылғы 19 маусымда ақшалай қаражатты Жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның банк шотына аудару арқылы жүргізілді».

Шешім

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 25 маусымдағы қосымша шешіміне сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылының  нәтижесі бойынша түскен 138 527 669 000 (жүз отыз сегіз миллиард бес жүз жиырма жеті миллион алты жүз алпыс тоғыз мың) теңге мөлшеріндегі шоғырландырылған таза пайдадан 2017 жылғы шоғырландырылған таза пайданың 93 508 603 000 (тоқсан үш миллиард бес жүз сегіз миллион алты жүз үш мың) теңге мөлшеріндегі бөлінбеген бөлігін келесі  ретпен үлестіруге тиіс:

1) Жалғыз акционерге дивидентер төлеуге 89 992 949 000 (сексен тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың) теңге;

2) Қоғамның билігінде 3 515 654 000 (үш миллиард бес жүз он бес миллион алты жүз елу төрт мың) теңге мөлшеріндегі таза табыс қалдырылсын.

2017 жыл бойынша бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 3 643,96 (үш мың алты жүз қырық үш мың) теңге 96 (тоқсан алты) тиынды құрайды.

Төлем

2018 жылғы 11 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2018 жылғы 25 маусымдағы қосымша шешіміне сәйкес Жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге мөлшерінде дивидендттердің ішінара төленуі жүзеге асырылды.

Шешім

«2018 жылы 15 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 1997 жылдың 14 шілдесінен 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жинақталған бөлінбеген пайданың 26 649 361 000 (жиырма алты миллиард алты жүз қырық тоғыз миллион үш жүз алпыс бір мың) теңге көлеміндегі бөлігін Жалғыз акционерге дивидентер төлеуге шешім қабылдады. 2017 жыл бойынша бір жай акцияға арналған дивидендтің мөлшері 102,75 (жүз екі) теңге 75 (жетпіс бес) тиынды құрайды.

Төлем

2018 жылы 30 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК » АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы 46 642 310 000 (қырық алты миллиард алты жүз қырық екі миллион үш жүз он мың) теңге мөлшерінде дивидендттердің ішінара төленуі жүзеге асырылды, оның ішінде:

19 992 949 000 (оң тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың) теңге - 2018 жылдың 25 маусымындағы № 20/18 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ Басқармасының ішкі отырысының шешіміне сәйкес дивидендтердің қалған бөлігі;

26 649 361 000 (жиырма алты миллиард алты жүз қырық тоғыз миллион үш жүз алпыс бір мың) теңге - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры » АҚ Басқармасының 2018 жылғы 15 қазандағы № 28/18 хаттамасына сәйкес дивидендтер.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ рейтингі

Пікір қалдыру