COVID-19: Қазатомөнеркәсіптің операциялық қызметіне қатысты өзгеріс

6 шiлде
 COVID-19: Қазатомөнеркәсіптің операциялық қызметіне қатысты өзгеріс

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») COVID-19 пандемиясының компания қызметіне әсеріне қатысты жаңартылған ақпаратты хабарлайды.

«Қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларының, серіктестеріміз бен Қазатомөнеркәсіп жұмыс істейтін аймақтардағы жергілікті халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасауға біздің жұмысымызда басты басымдық берілген, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. - Сәуірде біз қызметкерлерімізді қорғау үшін өндірісте жұмысшылар санын үш айлық мерзімге барынша азайту шараларын жарияладық. Осы кезеңде Компания Үкімет енгізген шектеулер мен медициналық ұсынымдарды ұстанды. Алайда өндірістік қызметкерлерді жұмыс орындарына толық қайтару үшін пандемияға байланысты тәуекелдер әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр деп есептейміз. Осыған байланысты Компания төмендетілген өндірістік қызмет мерзімін тағы бір айға ұзартады және егер жағдай қауіпсіз болса, тамыздың басынан кеніштердегі қызметкерлер санын біртіндеп ұлғайтуға ниетті».

Компанияға қарасты барлық кәсіпорындарда, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы корпоративтік орталықты қоса алғанда, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлар іске асырылды. Өндіріске тікелей тартылған қызметкерлер әлеуметтік қашықтық пен қатаң гигиена жағдайында жұмыс істеуін жалғастыруда. Алдын алу шараларын тағы бір айға ұзарту, біз болжағанымыздай, көлемі 19 000-нан 19 500 тоннаға дейінгі деңгейде 100% негізде болжанған өндіріс бөлігінде Компанияның 2020 жылға арналған болжамдарына елеулі әсер етпейді (қатысу үлесіне барабар өндіріс көлемі 10 500 – 10 800 тонна уран деңгейінде болжануда). Қазатомөнеркәсіп өндірістік шешімдері мен оның келісімшарттық міндеттемелері қорлармен (дайын өнім қалдықтарымен) қамтамасыз етілген. Компания сату жөніндегі өз міндеттемелерін (13 500 – 14 500 тонна уран деңгейінде сақталып отырған) орындау мақсатында қажет болған жағдайда споттық нарықтан материал сатып алуды қоса алғанда, жеткізу көздерін басқаруда жауапты тәсілді сақтап қалады.

Қазатомөнеркәсіп басшылығы кен орындарын игеру жөніндегі қызметтің бұрынғы деңгейіне қайтару туралы қандай да бір шешім қабылдағанға дейін Компания алдағы апталар ішінде бағалауды жалғастыратын өндірістік қауіпсіздік бойынша бірқатар критерийлерді әзірледі. Қауіпсіздік жағдайында тоқтатылған қосалқы жұмыстардың қарқыны қауіпсіздік және әлеуметтік қашықтық хаттамаларының сақталуын қамтамасыз ету әлдеқайда жеңіл геологиялық барлау учаскелерінде бұрғылау бағдарламасын жаңғыртудан бастап, кезең-кезеңімен және біртіндеп ұлғаятын болады. Содан кейін, тамыздың бірінші аптасында, кен орындарын игеру жөніндегі қызметті қайта бастау үшін өндіру кәсіпорындарының өндірістік қызметкерлерін кеніштерге қайтару көзделіп отыр.

Компания індеттің таралуына жол бермеуге және оның әлеуетті әсерін төмендетуге бағытталған кез келген қажетті шараларды дереу енгізуді қамтамасыз ету үшін өндірістік объектілердегі ахуалды, сондай-ақ COVID-19 байланысты өңірлердегі жағдайды және үкіметтік директиваларды қадағалауды жалғастырады. Қосымша ақпарат үстіміздегі жылдың 3 тамызына жоспарланған Компанияның 2020 жылғы 2-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері бойынша баспасөз релизіне енгізілетін болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR и PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру