| (AIX)    USD 39.48   %   -4.24 KZT 18300   %   -2.61

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы BMO Global Metals, Mining & Critical Minerals 32-ші конференциясына қатысты

1 наурыз
Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы BMO Global Metals, Mining & Critical Minerals 32-ші конференциясына қатысты

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында АҚШ-тың Флорида штатында өткен BMO Global Metals, Mining & Critical Minerals 32-ші конференциясында сөз сөйледі.

Компания басшысы уран нарығына шолу жасап, Қазатомөнеркәсіптің қызметі мен стратегиясы, өндіріс және сату көлемі, жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру, ESG қағидаттарын ұстану, сондай-ақ компанияның 2023 жылға арналған болжамдары туралы айтып берді.

BMO Global Metals, Mining & Critical Minerals — бұл металл және тау-кен өнеркәсібіндегі жетекші компаниялардың өкілдерін және бүкіл әлемннің институционалдық инвесторларын біріктіретін жыл сайын өткізілетін конференция. Конференцияда тау-кен металлургия саласының ең өзекті мәселелері талқыланады және одан әрі дамудың негізгі бағыттары айқындалады.

Пікір қалдыру