| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

«Самұрық-Қазына» өкілдері сатып алулар моделінің артықшылықтары туралы баяндады

13 сәуiр 2017
«Самұрық-Қазына» өкілдері сатып алулар моделінің артықшылықтары туралы баяндады

2017 жылдың 13 сәуірінде Астана қаласында БАҚ өкілдері үшін «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды басқару моделінің артықшылықтары туралы ақпараттық сессия өтті. Ақпараттық сессияның спикерлері: «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу әдістемесі қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы Юлия Архипова, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС бас директорының орынбасары Қайнар Тайжанов.

Еске салып өтсек, 2015 жылғы 4 қыркүйекте Қордың сатып алу қызметінің тиімділігін көтеру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі сатып алуды басқару бойынша жаңа концепцияны бекітті. Концепцияға сәйкес, сатып алуды жоспарлаудан бастап қорларды басқаруға дейін жеткізілімдердің толық тізбегін қамтитын сатып алудың жеті стандартын енгізу көзделген.

«Самұрық-Қазына» қоры үнемі сатып алу жүйесін жетілдіруде. 2013 жылдан бастап кезең-кезеңмен электронды сатып алу жүйесін енгіздік, халықаралық тәжірибені зерттедік. Нәтижесінде 2015 жылдың қыркүйек айында сатып алуды басқарудың жаңа концепциясы мақұлданды. Ол сатып алу үрдісін басқарудың жаңа моделін енгізуді көздейді. Қазіргі уақытта біздің сатып алу ережелеріміз әлеуетті жеткізушні таңдау үрдісін реттейді.  Жаңа модель аясында біз үшін тапсырыс берушілердің қалай жоспар құратыны, келісімшартық қарым-қатынастарды және қойма қорларын қаншалықты дұрыс басқаратыны маңызды.Сондықтан жаңа модель 7 бағытты қамтиды: сатып алуды жоспарлау, категорияларды басқару, сатып алуды жүргізу,  келісімшарттарды, жеткізілімдерді, қойма қорларын басқару, жеткізушілердің алдын ала квалификациясын талдау, бақылау мен қадағалау. Жаңа модель шеңберінде біз компанияларымызға көбірек еркіндік береміз.  «Самұрық-Қазына» тобына экономиканың әр алуан саласында жұмыс істейін кәсіпорындар енеді. Сондықтан салалық ерекшеліктері де ескерілуі тиіс. Сатып алудың жаңа үлгісі осыны қарастырады», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу әдістемесі қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы Юлия Архипова.

Сатып алу жүйесінің басты ерекшеліктері екі механизмді енгізуге байланысты: сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді категорияларға жіктеу, және ықтималды жеткізушілерді алдын ала квалификациялық іріктеу.

Сатып алуды категориялық басқарудың артықшылығын айтсақ, жеткізушіні таңдау кезінде басты критерий ретінде тауар, жұмыс немесе қызметті сатып алу сәтінен бастап оны толығымен есептен шығаруға дейінгі тіршілік кезеңі барысында пайда болған барлық шығындардың жиынтық құны ескеріледі. 

«Сатып алу барысында алынатын барлық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік тіршілік кезеңі бар. Бұған дейін сатып алу ережелеріне сәйкес біз тек сатып алудың бағасына ғана назар аудардық. Сатып алынатын нысанды пайдалану кезіндегі шығындар ескерілмеді. Егер құнның жалпы құрылымын алып қарасақ, нысанның сату бағасы оны қолданудан туындаған шығындардың тек 8% құрауы мүмкін. Қалған 90% ішінде құрастыру/бөлшектеу, техникалдық қызмет көрсету, жөндеу, қосалқы бөлшектерді алу, электр энергиясына жұмсалатын шығындар және т.б. бар. Сол себепті иеленудің жиынтық құнын қарастырған жөн», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры  Адамас Илькявичюс.

«Сонғы жылдары «Самұрық-Қазына» тобының сатып алу жүйесі автоматтандырылды. Біз акционер ретінде өндірістік компаниялардың тиімділігін көтеруге мүдделіміз. Сатып алудың тек бір бағасын білу жеткіліксіз. Компаниялардан осы мәселеге терең қарауды талап етеміз. Сондықтан тауар, жұмыс немесе қызметтің тіршілік кезеңі барысында болған шығындардың жиынтық соммасын анықтайтын категориялық басқаруды енгіземіз», - деп қосты Адамас Илькявичюс.

Ықтималды жеткізушілерді алдын ала квалификациялық іріктеу дегеніміз – ықтималды жеткізушілерді тәуелсіз бақылау, бұл жеткізушілердің жұмыс атқару, қызмет көрсету және тауар жеткізудің мүмкіндіктерін бағалауға, сонымен қатар сатып алуды жалған фирмалардың қатысуынан қорғауға көмектеседі. Қазіргі кезде 600 қазақстандық компания алдын ала квалификациялық іріктеуден өтті.  Пилоттық жоба шеңберінде сатып алу ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап алдын ала квалификациялық іріктеуден өткен жеткізушілер арасында ғана жүргізіліп, тауарлар, жұмыс пен қызметтердің 64 категориясы бойынша ықтималды жеткізушілердің тізімі құрастырылған. 

«Алдын ала квалификациялық іріктеу шеңберінде сатып алу күрделігі жағынан үш деңгейге бөлінеді. Бұл сатып алу соммасына, тауар немесе жұмыстың күрделігіне байланысты. Бірінші деңгейде сатып алудың соммасы 113,5 млн теңгеден аспайды. Оған қатысу үшін тіркеуден өтіп, сауалнаманы толтыру және 44 мың теңге төлеу керек. Үйден шықпай-ақ осы жұмысты жасауға болады. Оған көбінесе шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. Екінші деңгей (сатып алу соммасы 567,3 млн теңгеге дейін) одан біраз күрделі, өйткені аудит қосылады. Оны техникалық реттеу жүйесінде аккредитациядан өткен қазақстандық компаниялар жүзеге асырады», - деп түсіндірді «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС бас директорының орынбасары Қайнар Тайжанов, - «Үшінші әрі ең күрделі деңгейде сатып алудың соммасы 567,3 млн теңгеден асады. Бұл ретте техникалық аудит жүргізіледі. Оған халықаралық деңгейде аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдар тартылады. Алдын ала квалификациялық іріктеуден өту құны сатып алудың соммасына және аудит жүргізу күндерінің санына байланысты».

Ықтималды жеткізушілердің тізіміне енген компаниялар 2-3 жыл ішінде тендерге қатысуға өтінішті қамтамасыз ету үшін жарна төлеу, қызметкерлер құрамын және жұмыс тәжірибесін дәлелдеу, құжаттарды нотариалдық тіркеу міндеттерінен босатылады. Сонымен қатар тәуелсіз бағалау нәтижесінде компанияларға олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі. 

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алу үрдісін заңнамалық тұрғыдан реттеудің қажеттілігі жоқ. Себептері мынадай. Заңнамаға өзгеріс енгізу ұзақ уақытты алуы мүмкін – 1,5 жылға дейін. Ал біздің өндірістік үрдістеріміз бір орында тұрмайды. Оған қашанда дереу жауап қайтару қажет. Сондықтан керек кезде өзгерістерді тез енгізе аламыз. Қор ережелерін екі-үш айда бір жиналатын директорлар кеңесі бекітеді. Бұл біріншіден. Екіншіден, инвестициялық тартымдылық. Біз жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырамыз. Инвесторлар сатуға шығарылған компанияның корпоративтік басқару жүйесіне назар аударады. Халықаралық инвесторлар үшін бірқатар үрдістердің заңнама тұрғысынан реттелетіні жағымсыз фактор болып есептеледі. Олар корпоративтік басқаруға мемлекеттің араласуын қаламайды», — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ бақылау және қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Жұмағали Мыңжасаров БАҚ өкілдері алдында. 

2017 жылы алдын ала квалификациялық іріктеу тәжірибесін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының барлық сатып алуға қатысты қолдану жоспарлануда. Осының арқасында Қор өзінің сатып алу жүйесін стандарттарға сәйкес келтіруге және оңтайландыруға мүмкіндік алып, жеткізушілер үшін дұрыс бәсекелі орта қалыптастыруға жағдай туады.

Пікір қалдыру