| (AIX)    KZT 29990   %0      USD 65.47   %0     

Сапалы жолдар - тұрақты дамудың негізі!

  • Іске асыру өңірі: Қызылорда облысы Шиелі ауданының Шиелі және Тайқоңыр кенттері
  • Бюджеті: ҚҚС-сыз 2 509 825,173 мың теңге
  • Мақсаты: Шиелі ауданы (Шиелі, Еңбекші кенттерін қоса алғанда) халқының және Түркістан облысының іргелес елді мекендерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған негізгі көлік артериясы болып табылады.

Жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру және қатысу өңірлерінің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу шеңберінде компания ауқымды инфрақұрылымдық жобаның бастамашысы әрі инвесторы ретінде әрекет етті. Бөлінген 2,6 миллиард теңге көлеміндегі қаражатқа Созақ ауданының Таукент және Тайқоңыр кенттері арасындағы автомобиль жолына кешенді күрделі жөндеу жүргізілді.

- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындар автокөлігінің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

- Уран өндіруші кәсіпорындардың логистикалық шығындарын азайтады.

- «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне тікелей шығуды қамтамасыз етеді.

Пікір қалдыру