| (AIX)    KZT 18175   %   0.97 USD 40   %   0.88

Қазатомөнеркәсіп және чехтың «Uranium Industry» компаниясы ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды

9 желтоқсан 2016
Қазатомөнеркәсіп және чехтың «Uranium Industry» компаниясы ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Чехия атом саласындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға мүдделілік және ниеттестік танытуда. Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев және «Uranium Industry» АҚ басқарма төрағасы Милан Клечки қос компания арасындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумды бекітті.

Тараптар өзара мүдделестік ұстанымдарына негізделген серіктестік қатынастарды құруға келісті. Құжатқа сәйкес, компаниялар ядролық отын циклы жобаларын іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Атап айтқанда, геологиялық барлау, уран өндіру және өңдеу, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, маркетинг және уран өнімдерін сату мәселелеріне айрықша назар аударылмақ.

Сондай-ақ, Меморандумға сәйкес Қазатомөнеркәсіп пен Uranium Industry тәжірибелер алмасуға, инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды бірлесе орындауға, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға, қолайлы экологиялық ортаны сақтауға және жақсартуға ниеттестігін білдірді.

Пікір қалдыру