Қазатомөнеркәсіптің Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Мейіржан Юсупов AIX капитал нарықтары форумында компанияның тарихы мен жетістіктерін таныстырып, атом холдингінің әлемдегі және еліміздегі пандемияға қатысты ахуалдан туындаған дағдарысқа реакциясы туралы әңгімелеп берді. AIX капитал нарықтары форумы Орталық Азия мен Қазақстандағы капитал нарықтарына байланысты мәселелерді талқылау үшін инвестициялық қоғамдастықтың, ұлттық компаниялардың, жеке бизнес пен мемлекеттік орган өкілдерінің – сарапшылардың басын қосты.
Жаңалықтарға жазылу |