| (AIX)    USD 38.07   %   0 KZT 18485   %   0.98

«Казатомөнекәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының KASE листингі мен сауда-саттығы туралы

12 желтоқсан 2018
«Казатомөнекәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының KASE листингі мен сауда-саттығы туралы

«Казатомөнекәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Казатомәнеркәсіп) акциялар листингі және Қазақстан қор биржасында (бұдан әрі - KASE) сауда-саттықтың басталуы туралы ақпаратты БАҚ-та жариялауға байланысты, Казатомәнеркәсіп KASE-де акциялар рұқсаттарының бастамашы болып табылмайтынын және KASE-де Казатомәнеркәсіп акцияларын сату рұқсатына байланысты кез-келген міндеттемелер үшін жауап бермейтінін хабарлаймыз.

2018 жылдың 13 қарашасында көпшілікке орналастыру аясында Казатомәнеркәсіп құнды қағаздары «Астана» Халықаралық биржасында («AIX») сауда-саттық рұқсат етуімен құнды қағаздардың ресми тізіміне және Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізу және Лондон қор биржасының («LSE») негізгі алаңындағы ресми сауда-саттық рұқсат етуіне ғана енгізілді.

Осы хабарлама жарнама болып табылмайды және кез-келген құзіретте Казатомәнеркәсіп құнды қағаздарын сатып алу не болмаса сату үшін ұсыныс немесе шақыру болып келмейді.

Қосымша ақпарат үшін байланыс: 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Инвесторлармен жұмыс басқармасы

Тел.: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

 

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Тел.: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 20% құрады. Топ уран қоры 300 мың тоннаға жуық саладағы ең ірі резервтік базаға ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Топ игеретін барлық кен орындары ЖҰШ тәсілімен уран өндіруге жарамды. Экономикалық тиімді және экологиялық тұрғыдан барынша зиянсыз ЖҰШ технологиясы өндіруші активтердің ұзақ мерзімді пайдаланумен үйлесімде, Топқа  уран өндірісінің анағұрлым төмен құнымен жетекші әлемдік өндірушілердің қатарында қалуға мүмкіндік береді.

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

Пікір қалдыру