| (AIX)    USD 39.23   %   1.24 KZT 18110   %   0.56

Ұлттық атом компаниясында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

28 қыркүйек 2016
Ұлттық атом компаниясында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Еңбек ұжымын Атом саласы қызметкерлері күнімен құттықтаған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «нақты нәтижелер бар кезде мерекемен құттықтау екі есе қуанышты екенін» айтып, атқарылған жұмыс үшін алғысын жеткізді.

Мереке құрметіне Қазатомөнеркәсіптің айрықша көзге түскен қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» ІІІ дәрежелі төс белгісі, сондай-ақ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырылды.

Сондай-ақ, еңбектегі табысы, жоғары кәсібилігі мен атом саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ҚР энергетика министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес, кәсіби мерекені белгілеу туралы Жарлыққа Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылғы 12 мамырда қол қойған болатын.

Пікір қалдыру