| (AIX)    USD 40.2   %   -1.69 KZT 21045   %   -1.34

Басқарма төрағасының блогы

Өмірбаян

Қазақстан Республикасының азаматы. 1964  жылы туылған.

1988 жылы Обнинск атом энергетикасы институтын «Атом электр станциялары мен қондырғылары» факультетін «Инженер - жылу энергетигі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитеті болып қайта құрылған Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылғы желтоқсаннан 2013 жыл аралығында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры болып, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Атом энергиясы агенттігінде жұмыс істеді.

2013 жылғы тамыздан 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дағы еңбек жолын 2015 жылғы қыркүйектен ЯОЦ жобалар департаментінің директоры лауазымынан бастады.

2017 жылғы шілдеде «ЯОЦ және атом энергетикасы» дивизионының басқарушы директоры лауазымына тағайындалды, кейіннен ЯОЦ жөніндегі басқарушы директор болып қайта құрылды.

2021 жылғы қаңтарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жөніндегі бас директор лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы 25 сәуірден «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі болып табылады.

Қоса атқаратын жұмысы жоқ.

Пікір қалдыру