LSE Prospectus

LSE Prospectus

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, АВСТРАЛИЯДА, КАНАДАДА, ЖАПОНИЯДА, ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫНДА, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ТАРАТУ НЕМЕСЕ ЖАРИЯЛАУ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН КЕЗ-КЕЛГЕН ӨЗГЕ ХҰКІМЕТТЕРДЕ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН

Қазақстанға қатысты төменде ескертілгенді қоспағанда, осы хабарландыру Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының Бағалы қағаздар аңдатпаларын шығару ережелеріне сәйкес жарнама болып табылады, бірақ ол эмиссия аңдатпасы болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір хұкіметте, соның ішінде АҚШ-та, Аустралияда, Канадада, Жапонияда немесе Оңтүстік Африка Республикасында бағалы қағаздарды сатуға ұсыным немесе бағалы қағаздарды сатуға немесе сатып алуға ұсынымға сұрау салу болып табылмайды. Осы хабарландыру Қазақстан Республикасы аумағында жарнама ретінде пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін басқа да қызмет салаларында пайдалануға арналмаған.

Осы хабарландыру да, оның ешбір ережелері де, осы хабарландыруда айтылатын Тіркеу құжатындағы ережелер де ешбір сөз де қандай да бір ұсыным үшін немесе қандай да бір хұкіметтегі міндеттеме үшін негіз болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір ұсынымға немесе қандай да бір хұкіметтегі міндеттемеге байланысты оған сүйенуге болмайды. Инвесторлар, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы «Стандарт» сараланымында Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының бағалы қағаздардың ресми тізіміне ғаламдық депозитарлық қолхаттарды енгізу мүмкіндігіне және оларды Лондон қор биржасының негізгі алаңында ресми сауда-саттыққа рұқсат беруге байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы жариялаған баға диапазонын анықтайтын аңдатпадағы (бұдан әрі - «Баға диапазонын белгілейтін аңдатпа») бар ақпараттан  басқа қандай да бір ақпаратқа сүйене отырып, осы хабарландыруда немесе Тіркеу құжатында ескертілген қандай да бір жай акцияларға жазылмауы немесе оларды сатып алмауы керек. Баға диапазонын анықтайтын аңдатпа көшірмесімен, егер ол жарияланған болса, Қоғамның ресми орналасқан мекен-жайы  бойынша, 010000 (Z05H9A7), Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 10, сондай-ақ Қоғам веб-сайтында танысуға болады: www.kazatomprom.kz

 

2018 жылғы 31 қазан

 

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Баға диапазонын анықтайтын аңдатпаны жариялау туралы хабарлау

Әлемдегі ең ірі уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атомдық компаниясы» акционерлік қоғамы  (ары қарай – «Қоғам», ал еншілес кәсіпорындарымен бірге – «Топ» немесе «Қазатомөнеркәсіп») баға диапазонына хабарландыру жасағаннан кейін, Қазатомөнеркәсіп Баға диапазонын анықтайтын аңдаптаны Ұлыбритания Қаржылық реттеу және қадағалау басқармасы мақұлдағанын растайды. Баға диапазонын анықтайтын аңдапта National Storage Mechanism-ге (Ұлттық сақтау механизмі) ұсынылды және ол танысу үшін ғаламтор желісіндегі www.morningstar.co.uk/NSM сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ, баға диапазонын анықтайтын аңдаптаның көшірмесі танысу үшін Қоғамның ресми орналасқан мекен-жайында (010000 (Z05H9A7), Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к., 10) және әрекеттегі қолжетімділікке шектеуді ескере отырып, ғаламтордағы http://www.kazatomprom.kz/en/section/investors мекен-жайында қолжетімді.

- Соңы -

 

Қосымша ақпарат үшін хабарласуыңыз мүмкін:

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Инвесторлармен жұмыс басқармасы
Тел.: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz

Powerscourt  
Giles Read, Peter Ogden
Тел. : +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында жарияланады

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  туралы

«Қазатомөнеркәсіп» - әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 20% құрады. Топ уран қоры 300 мың тоннаға жуық саладағы ең ірі резервтік базаға ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Топ игеретін барлық кен орындары ЖҰШ тәсілімен уран өндіруге жарамды. Экономикалық тиімді және экологиялық тұрғыдан барынша зиянсыз ЖҰШ технологиясы өндіруші активтердің ұзақ мерзімді пайдаланумен үйлесімде, Топқа  уран өндірісінің анағұрлым төмен құнымен жетекші әлемдік өндірушілердің қатарында қалуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің әлемдік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар. Топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ споттық нарықта тікелей бас кеңсе немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады. Топтың шоғырландырылған түсімі 2017 жылы 336,5 млрд теңгені, табыс 139,2 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында түсім 145,0 млрд теңгені, пайда 115,0 млрд теңгені құрады.

Қосымша ақпарат компания сайтында – http://www.kazatomprom.kz

 

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Осы хабарландыруда қамтылған ақпарат тек анықтама үшін берілген және толық немесе жан-жақты болуына міндетті емес, инвестициялық қызметке қатысуға қандай да бір шақырудың немесе ниеттің бөлігі емес, сондай-ақ қандай да бір елде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға ұсыным немесе шақыру, сол сияқты қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға, иемденуге немесе сатуға қатысты ұсыныс та емес. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландыруда қамтылған ақпаратқа, оның дәлдігіне, нақтылығына және толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландырудың мәтіні заңдық, қаржылық немесе салықтық кеңеске жатпайды.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында, Австралияда, Канадада, Жапонияда, Оңтүстік Африка Республикасында, сондай-ақ осындай тарату немесе жариялау заңға қайшы болатын қандай да бір өзге хұкіметтерде тікелей немесе жанама жариялауға немесе таратуға арналмаған. Осы хабарландыруды тарату белгілі-бір хұкіметтерде заңмен тыйым салынуы мүмкін және қарауына осы хабарландыруда аталған қандай да бір құжаттар немесе өзге ақпарат тапсырылған тұлғалар осындай тыйым салулармен танысуы тиіс және оларды сақтауы тиіс. Осы тыйым салуларды сақтамау кез-келген осындай хұкіметте бағалы қағаздар туралы заңнаманы бұзу болып саналады.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сату жөніндегі ұсыным емес. 1933 жылғы «Бағалы қағаздар туралы» АҚШ Заңына сәйкес («Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңы»), бағалы қағаздар, егер олар тіркелмеген немесе АҚШ-та тіркеуден босатылған болса, Америка Құрама Штаттарында ұсыныла немесе сатыла алмайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір әлеуетті ұсынымның қандай да бір бөлігін тіркемеген және тіркеуге ниеттенбейді, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды көпшілікке таратуды жүзеге асыруға ниеттенбейді.

Осы хабарландыру тек Ұлыбританиядан тыс жерде орналасқан (I) тұлғаларға немесе 2000 жылғы Қаржы қызметтер және қаржы нарықтары туралы заңның (Қаржылық жәрдем) 19(5)-бабында және 2005 жылғы Бұйрықта («Бұйрық») қарастырылған инвестициялар саласындағы (II) мамандар  және жоғары таза активтер құнына ие (III)  заңды тұлғалар  үшін, сондай-ақ осы хабарландыру Бұйрықтың 49(2)-Бабына сәйкес заңды негіздерде жеткізілуі мүмкін өзге тұлғалар үшін (барлық көрсетілген тұлғалар бұдан әрі «тиісті тұлғалар» деп аталады) ғана арналған және таралады. Осы хабарландыруға қатысы бар  кез-келген инвестицияларға немесе инвестициялық қызметке тек тиісті ғана тұлғалар қатыса алады. Тиісті тұлғаларға жатпайтын тұлғалар, осы хабарландыруды басшылыққа ала отырып, әрекет етпеуі керек немесе осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына сүйенбеуі керек.

Егер осы хабарландыру ЕО 2003/71/ЕС Директивасын ( «Эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасы» деп аталатын, БЭК мүше-мемлекетте қолданылатын кез-келген жүзеге асыру шаралалармен бірге енгізілген өзгерістерге сәйкес) енгізген кез-келген БЭК мүше-мемлекетте бағалы қағаздарды көпшілікке тарату ретінде бағаланса, онда осы ұсыным осындай БЭК мүше-мемлекеттің білікті инвесторларына (эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасының 2(1)(е)-бабында анықталған мағынада) ғана арналған.

Осы құжатта қамтылған ақпарат қандай да бір қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаның пайдасына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осындай жеке және заңды тұлғалардың осындай рөліне қолданылатын басқа елдердің заңнамасына сәйкес осындай әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың басқасында, Қазақстанда оферта жасауға, бағалы қағаздарды сатуға, сатып алуға, айырбастауға немесе өзгеше жолмен табыстауға ұсыным немесе шақыру емес. Осы хабарландыру осындай жарнама Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына жауап беретін жағдайлардың басқасында, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатына арналған жарнама (яғни, кез-келген үлгіде таралатын және орналастырылатын, шектелмеген тұлғалар тобына арналған және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на және оның тауарларына, сауда таңбаларына, жұмыстарына, қызметтеріне және/немесе бағалы қағаздарына қызығушылықты қалыптастыруға немесе  қолдауға және олардың сатылымын ынталандыруға бағытталған ақпарат) ретінде түсінілмеуі керек. Осы құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бағалы қағаздары бойынша болашақ дивидендтерге қатысты ешбір айқын білдірілген немесе қандай да бір жолмен ұйғарынды кепілдіктерді және/немесе олардың нарықтық құнын ұлғайту кепілдіктерін бермейді. 

Credit Suisse Securities (Europe) Limited, J.P. Morgan Securities plc, China International Capital Corporation Hong Kong Securities Limited, Halyk Finance, Mizuho International plc. және Numis Securities Limited (бірге - «Банктер»), не олардың тиісті филиалдары, не олардың тиісті директорлары, лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері, кеңесшілері, агенттері немесе кез келген тұлғалар осы хабарландыруда бар (немесе осы хабарламадағы қандай да бір ақпаратты өткізіп алу мүмкіндігі) немесе ұсынылған ақпараттың толықтығы немесе әділдігі, дәлдігіне қатысты тікелей немесе жанама кепілдіктер немесе қандай да бір өтініштерді ұсынумен немесе ұстаумен байланысты немесе  міндеттемелер немесе осы хабарландыруда бар немесе ұсынылған ақпараттың толықтығы немесе әділдігі, дәлдігіне қатысты тікелей немесе жанама кепілдіктер немесе қандай да бір өтініштерді ұсынумен байланысты міндеттемелер үшін немесе осындай ақпаратты ұсыну нысанына қарамастан олармен байланысты компаниялар немесе оның еншілес компаниялары, Топқа қатысты кез келген (жазбаша, ауызша немесе визуалды немесе электронды нысандағы) басқа ақпарат үшін, сондай-ақ осы хабарландыруды немесе оның мазмұнын пайдалану нәтижесінде туындайтын немесе онымен байланысты өзге түрде туындайтын кез келген ықтимал зияндар үшін жауапкершілікті  өзіне алмайды.  Сәйкесінше, Банктердің әрқайсысы және олардың тиісті аффилирленген тұлғалары, олардың тиісті директорлары немесе олардың атынан әрекет ететін кез келген басқа тұлға осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына немесе өзге түрде туындайтын жауапкершілік немесе деликтілік немесе шарттық жауапкершілікке қатысты болса да, жалпы немесе оның бқлігіне осы хабарландыру негізінде немесе нәтижесінде туындайтын кез келген зияндар үшін кез келген жауапкершіліктен толық дәрежеде тікелей бас тартады.

Credit Suisse Securities (Europe) Limited және J.P. Morgan Securities plc Ұлыбританияның Прудденциялдық реттеу жөніндегі басқармасымен («PRA») уәкілетті және Ұлыбританияның және  PRA қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасымен реттеледі. Банктердің әрқайсысы тек Қоғам мүдделерінде ғана әрекет етеді және осы хабарландыруда айтылған сұрақтармен байланысты басқа ешкімнің мүддесінде әрекет етпейді және осы хабарландыруда айтылған сұрақтарға қатысты өзінің тиісті клиенттері ретінде қандай да бір басқа тұлғаны қарастырмайды және осы хабарландыруда айтылған басқа сұрақ немесе келісу, қандай да бір мәміле немесе осы хабарландырудың мазмұнымен, осы хабарландыруда көрсетілген сұрақтармен байланысты кеңестерді ұсыну үшін Қоғамнан басқа ешкімнің алдында жауапты емес.

Ұсыныммен байланысты, Credit Suisse Securities (Europe) Limited («Тұрақтандыру жөніндегі менеджер») немесе оның агенттері қолданылатын заңнамамен рұқсат етілетін шекте (бірақ міндетті емес) ҒДҚ қосымша орналастыра алады немесе ашық нарықта басқаша жағдайда қалыптасуы мүмкін болған деңгейде ҒДҚ нарықтық бағасын қолдау мақсатымен басқа мәмілелерді жасай алады. Тұрақтандыру жөніндегі менеджер осындай мәмілелерді жасауға міндетті емес және осындай мәмілелер кез келген фондтық нарықта, биржадан тыс нарықта, фондтық биржада немесе өзге түрде осыдан кейін 30 күннен кешіктірмей аяқталатын және Лондондық фондық биржадағы ҒДҚ шартты мәмілелері басталған сәттен басталатын кезең ішінде кез келген уақытта жүзеге асырыла алады. Алайда, Тұрақтандыру жөніндегі менеджер, оның агенттерінің  кез келгені тұрақтандыру мәмілелерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кепілдендірмейді және тұрақтандырушы мәмілелерді жүзеге асыру кепілдендірілмейді. Бұндай тұрақтандыру шаралары оларды жүзеге асырған жағдайда алдын ала хабарлаусыз кез келген сәтте тоқтатылуы мүмкін. Ешбір жағдайда бағадан жоғары ҒДҚ нарықтық бағасын анықтау үшін шаралар қабылданбайды. Заңнамада көзделген жағдайлардан басқа кезде тұрақтандыру бойынша менеджер де, оның қандай да бір агенттері де Ұсынымға қатысты жасалған тұрақтандыру мәмілелері және/немесе жүзеге асырылған қосымша орналастыру көлемін ашуға ниетті емес.

Ұсыным шеңберінде тұрақтандыру мақсаттары үшін тұрақтандыру жөніндегі менеджер ұсынымға қосылған ҒДҚ жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын өлшемде ҒДҚ қосымша орналастыра алады. Тұрақтандыру кезеңі ішінде жүзеге асырылған ҒДҚ сатулары және/немесе осындай қосымша орналастыру нәтижесінде туындайтын қысқа позицияларды жабу үшін кейбір бар акционерлер Банктердің атынан опционды тұрақтандыру бойынша менеджерді ұсынады, оған сәйкес тұрақтандыру бойынша менеджер баға бойынша Ұсынымға қосылған («қосымша орналастыру үшін ҒДҚ») ҒДҚ жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын өлшемде қосымша ҒДҚ үшін сатып алушыларды сатып ала алады немесе таба алады. Қосымша орналастыру туралы келісімдер Лондон қор биржасында ҒДҚ-пен шартты мәмілелер басталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнде немесе 30 күнтізбелік күн орын алғанға дейін кез келген уақытта тұрақтандыру жөніндегі менеджердің хабарламасы бойынша толығымен немесе ішінара орындала алады. Қосымша орналастыру туралы келісімдерге сәйкес ұсынылған кез келген қосымша орналастырылған ҒДҚ барлық тұрғыда ҒДҚ тең болады, соның ішінде ҒДҚ бойынша төленген немесе жасалған өзге таратулар және барлық жарияланған дивидендтерге қатысты Ұсыным аясында шығарылған немесе сатылған ҒДҚ сияқты шарттарда сатып алынатын болады және кез келген мақсатта барлық қалған ҒДҚ-мен бір класты ҒДҚ болып табылады.

Осы хабарланудағы кейбір мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайды, олар Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының 27 А тарауында және 1934 жылғы Бағалы қағаздардың саудасы туралы АҚШ Заңының 21Е тарауында анықталған мағынада «болжамды» болып келеді. Болжамды мәлімдемелер біздің жоспарларымызға, күтулерімізге, болжамдарымызға, мақсаттарымызға, міндеттерімізге, стратегияларымызға, болашақ оқиғаларға, болашақ табыстарымызға немесе болашақ қызмет нәтижелеріне, күрделі қаржы шығындарына, қаржыландырудағы қажеттіліктерге, сатып алуларға байланысты жоспарларға немесе ниеттерге, біздің бәсекелік артықшылықтарымызға және кемшіліктерімізге, даму жобаларына байланысты жоспарларға немесе мақсаттарға, қаржы жағдайына және болашақ операциялық қызметке және дамуға, біздің бизнес-стратегиямызға және біз жұмыс істейтін салалар мен саяси-құқықтық ортада өзіміз күтетін үрдістертерге қатысты мәлімдемелерді, сондай-ақ тарихи емес өзге ақпаратты қамтиды. Сипаты жағынан болжамды мәлімдемелер жалпы сипаттағы, сол сияқты өзіндік сипаттағы тәуекелдер мен белгісіздіктерді білдіреді және, сәйкесінше, күтілулер, болжамдар, жобалар және өзге болжамды мәлімдемелер жүзеге асырылмауы мүмкін деген тәуекелдер бар. Осы тәуекелдер мен белгісіздіктердің бар болуына байланысты осындай болжамды мәлімдемелерге тым сенуге болмайды. Біз осы құжаттағы қандай да бір болжамды мәлімдемелерді жаңартуға ниеттенбейміз және ол бойынша ешқандай міндеттемені өз мойнымызға алмаймыз.

Сонымен қоса, осы хабарландыру Топ жұмыс істейтін сала туралы және жалпы оның нарық және бизнес сараланымдары туралы ақпаратты қамтиды; осы ақпарат болжамды сипатқа ие және саланың, сондай-ақ Топтың нарықтық және бизнес сараланымдарының даму жолдарына қатысты әртүрлі тұжырымдарға негізделген. Осы тұжырымдар қазіргі уақытта Компанияға белгілі ақпаратқа негізделген. Егер осы тұжырымдардың бірі немесе бірнешеуі теріс болып шықса, нақты нарықтық нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекшеленуі мүмкін. Компания бұл Топтың бизнесіне қалай әсер ететінін білмеуіне қарамастан, егер нақты нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекше болса, ол Топ қызметінің болашақ нәтижелеріне және оның қаржы жағдайына елеулі әсер етуі мүмкін.

Ықтимал Ұсынысқа байланысты Бағалы қағаздарға жазылу немесе сатып алу туралы кез келген шешім тек қана Қоғам Ұсынысқа байланысты жариялаған баға диапазонын белгілейтін аңдатпадағы ақпарат негізінде қабылдануы тиіс.

Осы хабарлануда қамтылған ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қандай да бір бағалы қағаздарға жазылудан немесе оларды сатып алудан бұрын, осы хабарландырумен танысып жатқан тұлғалар, Қоғаммен Ұсынысқа байланысты жарияланған баға диапазонын белгілейтін аңдатпада баяндалған тәуекелдерді толық түсініп, қабылдайтынына көз жеткізуі тиіс. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландырудағы ақпаратқа, оның дәлдігіне немесе толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландыру негіз болып табылмайды, және сатуға немесе шығаруға ұсынымдар немесе шақырулар болып саналмайды, сондай-ақ қандай да бір Бағалы қағаздарды немесе кез-келген өзге бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларға жазылуға септік болып келмейді; осы хабарландырудың өзі (оның қандай да бір бөліктері де) немесе оны тарату фактісі қандай да бір келісімшартқа негіз болып табылмайды, және қандай да бір келісімшарт жасасқан жағдайда оларға сүйенуге болмайды.

Соңғы шешім осы хабарландырудың негізінде қабылданбауы тиіс. Осы хабарландыруға қатысы бар инвестициялар инвесторды инвестицияланған қаржымен байланысты айтарлықтай шығындарға түсіруі мүмкін.

Инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын тұлғалар осындай инвестициялар мәселесі бойынша кеңес беруге маманданған уәкілетті тұлғалармен ақылдасуы тиіс. Осы хабарландыру да, онда аталып өткен Тіркеу құжаты да ықтимал ұсынымға қатысты ұсыныс болып табылмайды. Бағалы қағаздардың құны төмендеуі де, өсуі де мүмкін. Әлеуетті инвесторлар ықтимал ұсынымның мүдделі тұлғаның қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетініне қатысты кеңес берушіден кәсіби кеңес алуы керек.

Пікір қалдыру