Баға ұсынысын жариялау

Баға ұсынысын жариялау

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, АУСТРАЛИЯДА, КАНАДАДА, ЖАПОНИЯДА, ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫНДА, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ТАРАТУ НЕМЕСЕ ЖАРИЯЛАУ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН КЕЗ-КЕЛГЕН ӨЗГЕ ХҰКІМЕТТЕРДЕ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН

Қазақстанға қатысты төменде ескертілгенді қоспағанда, осы хабарландыру Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының Бағалы қағаздар аңдатпаларын шығару ережелеріне сәйкес жарнама болып табылады, бірақ ол эмиссия аңдатпасы, қандай да бір хұкіметте, соның ішінде АҚШ-та, Аустралияда, Канадада, Жапонияда немесе Оңтүстік Африка Республикасында бағалы қағаздарды сатуға оферта немесе сатып алуға оферта  немесе сатуға немесе сатып алуға ұсыным болып табылмайды. Осы хабарландыру Қазақстан Республикасы аумағында жарнама ретінде пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін басқа да қызмет салаларында пайдалануға арналмаған.

Осы хабарландыру да, оның ешбір ережелері де қандай да бір хұкіметтегі оферталар немесе міндеттемелер үшін негіз болып табылмайды, сондай-ақ оферталарға немесе қандай да бір хұкіметтегі міндеттемелерге байланысты оларға сүйенуге болмайды. Инвесторлар, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы «Стандарт» сараланымында Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының бағалы қағаздардың ресми тізіміне ғаламдық депозитарлық қолхаттарды енгізуге және оларды Лондон қор биржасының негізгі алаңында ресми сауда-саттыққа рұқсат беруге байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы 208 жылғы 31 қазанда жариялаған баға диапазонын белгілейтін аңдатпадағы (бұдан әрі - «Баға диапазонын белгілейтін аңдатпа») бар болған ақпараттың  басқасына, қандай да бір ақпаратқа сүйене отырып, осы хабарландыруда ескертілген қандай да бір бағалы қағаздарға жазылмауы немесе оларды сатып алмауы керек. Қоғаммен жарияланған баға диапазонын белгілейтін аңдатпа  көшірмесімен бірге, Қоғамның ресми орналасқан мекенжайы  бойынша: 010000 (Z05H9A7), Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 10-ү., сондай-ақ Интернет желісінде Қоғам веб-сайтында танысуға болады: www.kazatomprom.kz

 

2018 жылғы 13 қараша

            

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

 

Лондон қор биржасында ҒДҚ және AIX және AIX-тегі жай акцияларының ҒДҚ үшін 11,60 АҚШ доллары және жай акция үшін 4 343,85 теңге деңгейінде белгіленген Баға ұсынысын жариялау

 

Әлемдік уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам», ал еншілес кәсіпорындарымен бірге – «Топ» немесе «Қазатомөнеркәсіп») Қоғамның жай акцияларының (бұдан әрі – «Акциялар») және Қоғамның ғаламдық депозитарлық қолхаттарының (бұдан әрі «ҒДҚ», Акциялармен бірге – «Бағалы қағаздар») Ұсыныс бағасын (бұдан әрі – «Ұсыныс») белгілеу туралы бүгін жариялайды.

Ұсыныс бағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2018 жылғы 13 қарашада 1 АҚШ доллары үшін 374.47 қазақстандық теңгені құрайтын ресми айырбастау курсының негізінде бір ҒДҚ үшін 11,6 АҚШ доллары және бір Акция үшін 4 343,85 қазақстандық теңге деңгейінде белгіленді.

Ұсыныс (қосымша орналастырудың төменде анықталған опционы толық көлемде орындалған жағдайда) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына») сатылатын, Қоғаммен шығарылған акционерлік капиталының жалпы санының 15%-н құрайтын 38 903 491 Акциялардан тұрады. Ұсыныстың жалпы көлемі 451,3 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бағаланатын бағалы қағаздар үшін ҒДҚ бойынша шартты сауда-саттық Лондон қор биржасының негізгі сауда алаңында (бұдан әрі - «ЛҚБ») Халықаралық өтінімдер кітабы арқылы (нарықтың реттелетін сегменті) (бұдан әрі - «IOB») «KAP» нышанымен 2018 жылғы 13 қарашада 8:00 (лондон уақыты бойынша) басталады деп күтілуде. Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының бағалы қағаздардың ресми тізіміне қосу туралы шешім күшіне енеді және IOB арқылы ЛҚБ-да ҒДҚ бойынша шартсыз сауда-саттық 2018 жылғы 16 қарашада 8:00 (лондон уақыты бойынша) басталады деп күтілуде. Қоғам Акциялар бойынша шартсыз сауда-саттыққа және ҒДҚ бойынша шартты сауда-саттық AIX Limited, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында (бұдан әрі – «AIX»)  шамамен 2018 жылғы 14 қарашада, ал ҒДҚ бойынша шартсыз сауда-саттық АІХ-те шамамен 2018 жылғы 19 қарашада басталады деп күтіп отыр.

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» Басқармасының төрағасы:

«Лондон қор биржасындағы және «Астана» Халықаралық биржасындағы листинг «Қазатомөнеркәсіп» үшін және Қазақстан Республикасы үшін тарихи сәт болып табылады. Жергілікті және халықаралық инвесторлар біздің ұсынысымызға қызығушылық танытқаны мені шабыттандырып отыр және мен оларды біздің жаңа акционерлеріміздің қатарында көруге қуаныштымын. Олардың барлығы әлемдік уран өндірушісі болып табылатын, әрі ең ірі қорлары бар және уран нарығы дамуының іргелі факторларын қолдану үшін тұрақты орын алып отырған  «Қазатомөнеркәсіптің» әмбебап әлеуетін түсінеді. Біз барлық акционерлермен табыспен бөлісу мүмкіндігін асығыстықпен күтеміз».

Ұсынымның басты аспектілері:

 

  • Ұсыныстың ЛҚБ және AIX-тегі жалпы көлемі қосымша орналастыру опционын есепке алғанда, 451,3 миллион АҚШ долларын және қосымша орналастыру опционын есепке алмағанда, 400,8 миллион АҚШ долларын құрайды.  
  • Ұсынысқа қосылған, жиынтықта Қоғаммен шығарылған акциялардың жалпы санының 2,1%-ын құрайтын Акциялардың 3,9 миллионы және ҒДҚ 1,6 миллионы Қазақстан Республикасында АІХ ережелеріне және қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – «АІХ-тегі ұсыныс») институционалдық және бөлшек сауда инвесторларымен сатып алынды.
  • «Самрұқ-Қазына» Менеджерлерге (анықтамасы төменде келтірілген) ЛҚБ-дағы ұсынысқа байланысты қосымша орналастыруды өтеу үшін Ұсыныс бағасы бойынша Ұсыныс шеңберінде сатылған (АІХ-тегі Ұсыныс шеңберінде сатылған үлесті есепке алмағанда) ҒДҚ санынан 15% артық емес мөлшерде қосымша ҒДҚ сатып алуға қосымша орналастыру опционын ұсынды. Осылайша, сатылған ҒДҚ мөлшері (АІХ-тегі Ұсыныс шеңберінде сатылған үлесті есепке алмағанда) қосымша орналастыру опционын қоспағанда, 29,0 миллионды және қосымша орналастыру опционы толық көлемде орындалған жағдайда, 33,4 миллионды құрайды.
  • Ұсыныс нәтижесінде «Самрұқ-Қазынаға» (орналастыру опционы толық көлемде орындалған жағдайда) Қоғамның шығарылған акционерлік капиталының жалпы санының 85%-ы тиесілі болады.
  • Ұсыныс Қоғамды нарықтық капиталдандыру мәмілелердің басталуы сәтіне 3 миллиард АҚШ долларын құрайтынын тұспалдайды.
  • Қоғам және «Самрұқ-Қазына» үшін әр жағдайда жалпы қабылданған белгілі бір ерекшеліктермен акцияларды сатуға тыйым салудың 180 күндік мерзімі анықталатын болады.
  • ҒДҚ рұқсат алғаннан кейін ЛҚБ-да және АІХ-те АҚШ долларында бағаланатын болады. Акциялар рұқсат алғаннан кейін АІХ-те қазақстандық теңгеде бағаланатын болады.
  • ҒДҚ инвесторларға АҚШ долларында ұсынылды. Акциялар инвесторлармен ұсыныс бағасына балама, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің АҚШ долларының қазақстандық теңгеге шаққандағы 2018 жылғы 13 қарашадағы 1 АҚШ доллары үшін 374,47 қазақстандық теңгені құраған ресми айырбастау бағамы бойынша белгіленген 4 343,85 қазақстандық теңгеге тең бағамен сатып алынды.
  • ЛҚБ-да ҒДҚ ұсынысына қатысты ғаламдық бірлескен үйлестірушілер және бірлескен букраннерлер болып Credit Suisse және J.P.Morgan банктері шығады; Бірлескен букраннерлер China International Capital Corporation, Halyk Finance және Mizuho International plc болып табылады; Қоса менеджер ретінде Numis Securities Limited (бірлесе - «Менеджерлер») шығады. AIX-қа ұсыныс Halyk Finance басшылығымен жүзеге асырылды

 

-    Соңы    -

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Тел.: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Инвесторлармен жұмыс жасау жөніндегі басқармасы

Тел.: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz

Бұқаралық ақпарат құралдар сұраулары үшін байланыс:

Powerscourt  
Giles Read, Peter Ogden
Тел. : +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында жарияланады

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндірушісі болып табылады. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрады. Топ уран қоры 300 мың тоннаға жуық саладағы ең ірі резервтік базаға ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Топ игеретін барлық кен орындары ЖҰШ тәсілімен уран өндіруге жарамды. Экономикалық тиімді және экологиялық тұрғыдан барынша зиянсыз ЖҰШ технологиясы өндіруші активтердің ұзақ мерзімді пайдаланумен үйлесімде, Топқа  уран өндірісінің анағұрлым төмен құнымен жетекші әлемдік өндірушілердің қатарында қалуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің дүниежүзілік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Топ өнімдерінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылады. Топ өз өнімдерін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімдерін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ спот нарығында тікелей бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған  Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады. Топтың шоғырландырылған түсімі 2017 жылы 336,5 млрд теңгені, табыс 139,2 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында түсім 145,0 млрд теңгені, пайда 115,0 млрд теңгені құрады.

Қосымша ақпарат компания сайтында – http://www.kazatomprom.kz

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Осы хабарландыруда қамтылған ақпарат тек анықтама үшін берілген және толық немесе жан-жақты болуына міндетті болып табылмайды, инвестициялық қызметке қатысуға қандай да бір шақырудың немесе ниеттің бөлігі болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір елде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға оферта немесе шақыру, сол сияқты қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға, иемденуге немесе сатуға қатысты ұсыным болып табылмайды. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландыруда қамтылған ақпаратқа, оның дәлдігіне, нақтылығына және толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландырудың мәтіні заңдық, қаржылық немесе салықтық мәселелер бойынша ұсыным болып табылмайды.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында, Аустралияда, Канадада, Жапонияда, Оңтүстік Африка Республикасында, сондай-ақ осындай тарату немесе жариялау заңға қайшы болатын қандай да бір өзге хұкіметтерде тікелей немесе жанама жариялауға немесе таратуға арналмаған. Осы хабарландыруды тарату белгілі-бір хұкіметтерде заңмен тыйым салынуы мүмкін және қарауына осы хабарландыруда аталған қандай да бір құжаттар немесе өзге ақпарат тапсырылған тұлғалар осындай тыйым салулармен танысуы тиіс және оларды сақтауы тиіс. Осы тыйым салуларды сақтамау кез-келген осындай хұкіметте бағалы қағаздар туралы заңнаманы бұзу болып саналады.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сатуға оферта  болып табылмайды. 1933 жылғы «Бағалы қағаздар туралы» АҚШ Заңына сәйкес («Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңы»), бағалы қағаздар, егер олар тіркелмеген немесе АҚШ-та тіркеуден босатылған болса, Америка Құрама Штаттарында ұсыныла немесе сатыла алмайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір әлеуетті ұсынымның қандай да бір бөлігін тіркемеген және тіркеуге ниеттенбейді, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды көпшілікке таратуды жүзеге асыруға ниеттенбейді.

Осы хабарландыру тек Ұлыбританиядан тыс жерде орналасқан (I) тұлғаларға немесе 2000 жылғы Қаржы қызметтер және қаржы нарықтары туралы заңның (Қаржылық жәрдем) 19(5)-бабында және 2005 жылғы Бұйрықта («Бұйрық») қарастырылған инвестициялар саласындағы (II) мамандар  және жоғары таза активтер құнына ие (III)  заңды тұлғалар  үшін, сондай-ақ осы хабарландыру Бұйрықтың 49(2)-Бабына сәйкес заңды негіздерде жеткізілуі мүмкін өзге тұлғалар үшін (барлық көрсетілген тұлғалар бұдан әрі «тиісті тұлғалар» деп аталады) ғана арналған және таралады. Осы хабарландыруға қатысы бар  кез-келген инвестицияларға немесе инвестициялық қызметке тек тиісті ғана тұлғалар қатыса алады. Тиісті тұлғаларға жатпайтын тұлғалар, осы хабарландыруды басшылыққа ала отырып, әрекет етпеуі керек немесе осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына сүйенбеуі керек.

Егер осы хабарландыру ЕО 2003/71/ЕС Директивасын ( «Эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасы» деп аталатын, БЭК мүше-мемлекетте қолданылатын кез-келген жүзеге асыру шаралалармен бірге енгізілген өзгерістерге сәйкес) қолданатын  кез келген БЭК мүше-мемлекетте бағалы қағаздарды көпшілікке тарату ретінде бағаланса, онда осы ұсыныс осындай БЭК мүше-мемлекеттің білікті инвесторларына (эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасының 2(1)(е)-бабында анықталған мағынада) ғана арналған.

Осы құжатта қамтылған ақпарат қандай да бір қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаның пайдасына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осындай жеке және заңды тұлғалардың осындай рөліне қолданылатын басқа елдердің заңнамасына сәйкес осындай әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың басқасында, Қазақстанда оферта жасауға, бағалы қағаздарды сатуға, сатып алуға, айырбастауға немесе өзгеше жолмен табыстауға ұсыным немесе шақыру болып табылмайды. Осы хабарландыру осындай жарнама Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына жауап беретін жағдайлардың басқасында, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатына арналған жарнама (яғни, кез-келген үлгіде таралатын және орналастырылатын, шектелмеген тұлғалар тобына арналған және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на және оның тауарларына, сауда таңбаларына, жұмыстарына, қызметтеріне және/немесе бағалы қағаздарына қызығушылықты қалыптастыруға немесе  қолдауға және олардың сатылымын ынталандыруға бағытталған ақпарат) ретінде түсінілмеуі керек. Осы құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бағалы қағаздары бойынша болашақ дивидендтерге қатысты ешбір айқын білдірілген немесе қандай да бір жолмен ұйғарынды кепілдіктерді және/немесе олардың нарықтық құнын ұлғайту кепілдіктерін бермейді. 

Credit Suisse Securities (Europe) Limited, J.P. Morgan Securities plc, China International Capital Corporation Hong Kong Securities Limited, JSC Halyk Finance, Mizuho International plc және Numis Securities Limited (бірге - «Банктер»), не олардың тиісті филиалдары, не олардың тиісті директорлары, лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері, кеңесшілері, агенттері немесе кез келген тұлғалар осы хабарландыруда бар (немесе осы хабарламадағы қандай да бір ақпаратты өткізіп алу мүмкіндігі) немесе ұсынылған ақпараттың толықтығы немесе әділдігі, дәлдігіне қатысты тікелей немесе жанама кепілдіктер немесе қандай да бір өтініштерді ұсынумен немесе ұстаумен байланысты немесе  міндеттемелер немесе осы хабарландыруда бар немесе ұсынылған ақпараттың толықтығына немесе әділдігіне, дәлдігіне қатысты тікелей немесе жанама кепілдіктер немесе қандай да бір өтініштерді ұсынумен байланысты міндеттемелер үшін немесе осындай ақпаратты ұсыну нысанына қарамастан олармен байланысты компаниялар немесе оның еншілес компаниялары, Топқа қатысты кез келген (жазбаша, ауызша немесе визуалды немесе электронды нысандағы) басқа ақпарат үшін, сондай-ақ осы хабарландыруды немесе оның мазмұнын пайдалану нәтижесінде туындайтын немесе онымен байланысты өзге түрде туындайтын кез келген ықтимал зияндар үшін жауапкершілікті  өзіне алмайды.  Сәйкесінше, Банктердің әрқайсысы және олардың тиісті аффилирленген тұлғалары, олардың тиісті директорлары немесе олардың атынан әрекет ететін кез келген басқа тұлға осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына немесе өзге түрде туындайтын жауапкершілік немесе деликтілік немесе шарттық жауапкершілікке қатысты болса да, жалпы немесе оның бөлігіне осы хабарландыру негізінде немесе нәтижесінде туындайтын кез келген зияндар үшін кез келген жауапкершіліктен толық дәрежеде тікелей бас тартады.

Credit Suisse Securities (Europe) Limited және J.P. Morgan Securities plc Ұлыбританияның Прудденциялдық реттеу жөніндегі басқармасымен («PRA») уәкілетті және Ұлыбританияның және  PRA қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасымен реттеледі. Банктердің әрқайсысы тек Қоғам мүдделерінде ғана әрекет етеді және осы хабарландыруда айтылған сұрақтармен байланысты басқа ешкімнің мүддесінде әрекет етпейді және осы хабарландыруда айтылған сұрақтарға қатысты өзінің тиісті клиенттері ретінде қандай да бір басқа тұлғаны қарастырмайды және осы хабарландыруда айтылған басқа сұрақ немесе келісу, қандай да бір мәміле немесе осы хабарландырудың мазмұнымен, осы хабарландыруда көрсетілген сұрақтармен байланысты кеңестерді ұсыну үшін Қоғамнан басқа ешкімнің алдында жауапты емес.

Ұсынысқа байланысты, Credit Suisse Securities (Europe) Limited («Тұрақтандыру жөніндегі менеджер») немесе оның агенттері қолданылатын заңнамамен рұқсат етілетін шекте (бірақ міндетті емес) ҒДҚ қосымша орналастыра алады немесе ашық нарықта басқаша жағдайда қалыптасуы мүмкін болған деңгейде ҒДҚ нарықтық бағасын қолдау мақсатымен басқа мәмілелерді жасай алады. Тұрақтандыру жөніндегі менеджер осындай мәмілелерді жасауға міндетті емес және осындай мәмілелер кез келген қор нарығында, биржадан тыс нарықта, қор биржасында немесе өзге түрде осыдан кейін 30 күннен кешіктірмей аяқталатын және Лондон қор биржасындағы ҒДҚ шартты мәмілелері басталған сәттен басталатын кезең ішінде кез келген уақытта жүзеге асырыла алады. Алайда, Тұрақтандыру жөніндегі менеджер де, оның агенттерінің  кез келгені де тұрақтандыру мәмілелерін жүзеге асыру  бойынша міндеттемелерді кепілдендірмейді және тұрақтандырушы мәмілелерді жүзеге асыру кепілдендірілмейді. Бұндай тұрақтандыру шаралары оларды жүзеге асырған жағдайда алдын ала хабарлаусыз кез келген сәтте тоқтатылуы мүмкін. Ешбір жағдайда Ұсыныс бағасынан жоғары ҒДҚ нарықтық бағасын белгілеу үшін шаралар қабылданбайды. Заңнамада көзделген жағдайлардан басқа кезде Тұрақтандыру жөніндегі менеджер де, оның қандай да бір агенттері де Ұсынысқа қатысты жасалған тұрақтандыру мәмілелері және/немесе жүзеге асырылған қосымша орналастыру көлемін ашуға ниетті емес.

Ұсыныс шеңберінде тұрақтандыру мақсаттары үшін Тұрақтандыру жөніндегі менеджер Ұсынысқа қосылған (AIX-те Ұсыныс шеңберінде сатылған үлесті қоспағанда) ҒДҚ жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын өлшемде ҒДҚ қосымша орналастыра алады. Тұрақтандыру кезеңі ішінде жүзеге асырылған ҒДҚ сатулары және/немесе осындай қосымша орналастыру нәтижесінде туындайтын қысқа позицияларды жабу үшін «Самұрық-Қазына» Банктердің атынан опционды Тұрақтандыру жөніндегі менеджерге ұсынады, оған сәйкес Тұрақтандыру жөніндегі менеджер Ұсыныс бағасы бойынша Ұсынысқа қосылған (AIX-те Ұсыныс шеңберінде сатылған үлесті қоспағанда)  («қосымша орналастыру үшін ҒДҚ») ҒДҚ жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын өлшемде қосымша ҒДҚ үшін сатып алушыларды таба алады немесе сатып ала алады. Қосымша орналастыру туралы келісімдер Лондон қор биржасында ҒДҚ-пен шартты мәмілелер басталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнде немесе 30 күнтізбелік күн орын алғанға дейін кез келген уақытта Тұрақтандыру бойынша менеджердің хабарламасы бойынша толығымен немесе ішінара орындала алады. Қосымша орналастыру туралы келісімдерге сәйкес ұсынылған кез келген қосымша орналастырылған ҒДҚ барлық тұрғыда ҒДҚ тең болады, соның ішінде ҒДҚ бойынша төленген немесе жасалған өзге таратулар және барлық жарияланған дивидендтерге қатысты Ұсыныс аясында шығарылған немесе сатылған ҒДҚ сияқты шарттарда сатып алынатын болады және кез келген мақсатта барлық қалған ҒДҚ-мен бір класты ҒДҚ болып табылады.

Осы хабарланудағы кейбір мәлімдемелер орын алған фактілер болып табылмайды, олар Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының 27А тарауында және 1934 жылғы Бағалы қағаздардың саудасы туралы АҚШ Заңының 21Е тарауында анықталған мағынада «болжамды» болып келеді. Болжамды мәлімдемелер біздің жоспарларымызға, күтулерімізге, болжамдарымызға, мақсаттарымызға, міндеттерімізге, стратегияларымызға, болашақ оқиғаларға, болашақ табыстарымызға немесе болашақ қызмет нәтижелеріне, күрделі қаржы шығындарына, қаржыландырудағы қажеттіліктерге, сатып алуларға байланысты жоспарларға немесе ниеттерге, біздің бәсекелік артықшылықтарымызға және кемшіліктерімізге, даму жобаларына байланысты жоспарларға немесе мақсаттарға, қаржы жағдайына және болашақ операциялық қызметке және дамуға, біздің бизнес-стратегиямызға және біз жұмыс істейтін салалар мен саяси-құқықтық ортада өзіміз күтетін үрдістертерге қатысты мәлімдемелерді, сондай-ақ тарихи емес өзге ақпаратты қамтиды. Табиғаты бойынша болжамды мәлімдемелер жалпы сипаттағы, сол сияқты өзіндік сипаттағы тәуекелдер мен белгісіздіктерді білдіреді және, сәйкесінше, күтілулер, болжамдар, жобалар және өзге болжамды мәлімдемелер жүзеге асырылмауы мүмкін деген тәуекелдер бар. Осы тәуекелдер мен белгісіздіктердің бар болуына байланысты осындай болжамды мәлімдемелерге тым сенуге болмайды. Біз осы құжаттағы қандай да бір болжамды мәлімдемелерді жаңартуға ниеттенбейміз және ол бойынша ешқандай міндеттемені өз мойнымызға алмаймыз.

Сонымен қоса, осы хабарландыру Топ жұмыс істейтін сала туралы және жалпы оның нарық және бизнес сараланымдары туралы ақпаратты қамтиды; осы ақпарат болжамды сипатқа ие және саланың, сондай-ақ Топтың нарықтық және бизнес сараланымдарының даму жолдарына қатысты әртүрлі тұжырымдарға негізделген. Осы тұжырымдар қазіргі уақытта Қоғамға белгілі ақпаратқа негізделген. Егер осы тұжырымдардың бірі немесе бірнешеуі теріс болып шықса, нақты нарықтық нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекшеленуі мүмкін. Қоғам бұл Топтың бизнесіне қалай әсер ететінін білмеуіне қарамастан, егер нақты нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекшеленсе, ол Топ қызметінің болашақ нәтижелеріне және оның қаржы жағдайына елеулі жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Бағалы қағаздарға жазылу немесе сатып алу туралы кез келген шешім Ұсынысқа байланысты Қоғаммен жарияланған баға диапазонын белгілейтін Аңдатпадағы ақпарат негізінде қабылдануы тиіс.

Осы хабарландыруда қамтылған ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қандай да бір бағалы қағаздарға жазылудан немесе оларды сатып алудан бұрын, осы хабарландырумен танысып жатқан тұлғалар, Ұсынысқа байланысты Қоғаммен жарияланған баға диапазонын белгілейтін Аңдатпадағы мазмұндалған тәуекелдерді толық түсініп, қабылдайтынына көз жеткізуі тиіс. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландырудағы ақпаратқа, оның дәлдігіне немесе толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландыру да, осында аталып өткен Баға диапазонын белгілейтін аңдатпада қамтылған ақпарат та негіз болып табылмайды және сатуға немесе шығаруға ұсынымдар немесе шақырулар болып саналмайды, сондай-ақ қандай да бір Бағалы қағаздарды немесе кез-келген өзге бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларға жазылуға септік болып келмейді; осы хабарландырудың өзі (оның қандай да бір бөліктері де) немесе оны тарату фактісі қандай да бір келісімшартқа негіз болып табылмайды, және қандай да бір келісімшарт жасасқан жағдайда оларға сүйенуге болмайды.

Қаржылық шешімдер осы хабарландырудың негізінде қабылданбауы тиіс. Осы хабарландыруға қатысы бар инвестициялар инвесторды инвестицияланған қаржымен байланысты айтарлықтай шығындарға түсіруі мүмкін.

Инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын тұлғалар осындай инвестициялар мәселесі бойынша кеңес беруге маманданған уәкілетті тұлғалармен ақылдасуы тиіс. Осы хабарландыру да, онда аталып өткен баға диапазонын белгілейтін Аңдатпа да ықтимал ұсынымға қатысты ұсыныс болып табылмайды. Акциялардың құны төмендеуі де, өсуі де мүмкін. Әлеуетті инвесторлар ықтимал ұсыным мүдделі тұлғаның қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетініне қатысты кеңес берушіден кәсіби кеңес алуы керек. 

Пікір қалдыру