Баға ұсынысын жариялау

Баға ұсынысын жариялау

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, АУСТРАЛИЯДА, КАНАДАДА, ЖАПОНИЯДА, ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫНДА, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ТАРАТУ НЕМЕСЕ ЖАРИЯЛАУ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН КЕЗ-КЕЛГЕН ӨЗГЕ ХҰКІМЕТТЕРДЕ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН

Қазақстанға қатысты төменде ескертілгенді қоспағанда, осы хабарландыру Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының Бағалы қағаздар аңдатпаларын шығару ережелеріне сәйкес жарнама болып табылады, бірақ ол эмиссия аңдатпасы, қандай да бір хұкіметте, соның ішінде АҚШ-та, Аустралияда, Канадада, Жапонияда немесе Оңтүстік Африка Республикасында бағалы қағаздарды сатуға оферта немесе сатып алуға оферта  немесе сатуға немесе сатып алуға ұсыным болып табылмайды. Осы хабарландыру Қазақстан Республикасы аумағында жарнама ретінде пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін басқа да қызмет салаларында пайдалануға арналмаған.

Осы хабарландыру да, оның ешбір ережелері де қандай да бір хұкіметтегі оферталар немесе міндеттемелер үшін негіз болып табылмайды, сондай-ақ оферталарға немесе қандай да бір хұкіметтегі міндеттемелерге байланысты оларға сүйенуге болмайды. Инвесторлар, «Астана» халықаралық биржасындағы («АІХ)  бағалы қағаздардың ресми тізбесіне ғаламдық қолхаттарды енгізуге және оларды АІХ-ке сауда-саттыққа шығаруға рұқсат беруге байланысты, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы жариялаған, анықтамасы төменде көрсетілген АІХ бекітетін аңдатпадағы (бұдан әрі – «АІХ аңдатпасы») ақпаратқа сүйене отырып, осы хабарландыруда ескерілген кез келген жай акцияларға немесе ғаламдық депозитарлық қолхаттарға жазылмауы немесе оларды сатып алмауы керек. АІХ аңдатпасының көшірмесімен Қоғамның ресми орналасқан мекенжайы  бойынша: 010000 (Z05H9A7), Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 10-ү., сондай-ақ Интернет желісінде www.kazatomprom.kz Қоғам веб-сайтында,  сондай-ақ www.aix.kz Интернет желісінде АІХ сайтында танысуға болады.

 

2018 жылғы 13 қараша

           

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Лондон қор биржасында және AIX-те ҒДҚ-ға және AIX-те жай акцияларға

ҒДҚ үшін 11,60 АҚШ доллары және жай акция үшін 4 322,74 қазақстандық теңге деңгейінде белгіленген Баға ұсынысын жариялау

 

Әлемдік жетекші уран өндірушісі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам», ал еншілес кәсіпорындарымен бірге – «Топ» немесе «Қазатомөнеркәсіп») Қоғамның жай акцияларының (бұдан әрі – «Акциялар») және Қоғамның ғаламдық депозитарлық қолхаттарының (бұдан әрі «ҒДҚ», Акциялармен бірге – «Бағалы қағаздар») Ұсыныс бағасын (бұдан әрі – «Ұсыныс») белгілеу туралы бүгін жариялайды.

Баға Ұсынысы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2018 жылғы 12 қарашада 1 АҚШ доллары үшін 372,65 қазақстандық теңгені құрайтын ресми айырбас бағамының негізінде бір ҒДҚ үшін 11,6 АҚШ доллары және бір Акция үшін 4 322,74 қазақстандық теңге деңгейінде белгіленді. Әрбір ҒДҚ Қоғамның бір Акциясына құқықты куәландырады.

Ұсыныс (қосымша орналастырудың төменде анықталған опционы толық көлемде орындалған жағдайда) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына») сатылатын, Қоғаммен шығарылған акционерлік капиталдың жалпы санының 15%-н құрайтын 38 903 491 Акциядан тұрады. Ұсыныстың жалпы көлемі 451,3 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бағаланатын бағалы қағаздар үшін ҒДҚ бойынша шартты сауда-саттық Лондон қор биржасының негізгі сауда алаңында (бұдан әрі - «ЛҚБ») Халықаралық өтінімдер кітабы арқылы (нарықтың реттелетін сегменті) (бұдан әрі - «IOB») «KAP» нышанымен 2018 жылғы 13 қарашада 8:00 (лондон уақыты бойынша) басталады деп күтілуде. ҚҚБ бағалы қағаздардың ресми тізіміне қосу туралы шешім күшіне енеді және ЛҚБ-да ҒДҚ бойынша шартсыз сауда-саттық IOB арқылы 2018 жылғы 16 қарашада 8:00 (лондон уақыты бойынша) басталады деп күтілуде. Қоғам Акциялар бойынша шартсыз сауда-саттыққа және ҒДҚ бойынша шартты сауда-саттық AIX Limited, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында (бұдан әрі – «AIX»)  шамамен 2018 жылғы 14 қарашада, ал ҒДҚ бойынша шартсыз сауда-саттық АІХ-те шамамен 2018 жылғы 19 қарашада басталады деп күтіп отыр.

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» Басқармасының төрағасы:

«Лондон қор биржасындағы және «Астана» халықаралық биржасындағы листинг «Қазатомөнеркәсіп» үшін және Қазақстан Республикасы үшін тарихи сәт болып табылады. Жергілікті және халықаралық инвесторлар біздің ұсынысымызға қызығушылық танытқаны мені шабыттандырып отыр және мен оларды біздің жаңа акционерлеріміздің қатарында көруге қуаныштымын. Олардың барлығы жетекші әлемдік уран өндірушісі болып табылатын, әрі ең ірі қорлары бар және уран нарығы дамуының іргелі факторларын қолдану үшін тұрақты орын алып отырған  «Қазатомөнеркәсіптің» бірегей әлеуетін түсінеді. Біз барлық инвесторларымызбен табыспен бөлісу мүмкіндігін асығыстықпен күтеміз».

 

Ұсыныстың басты аспектілері:

  • Ұсыныстың ЛҚБ және AIX-тегі жалпы көлемі қосымша орналастыру опционын толық көлемде пайдалануды есепке алғанда, 451,3 миллион АҚШ долларын және қосымша орналастыру опционын есепке алмағанда, 400,8 миллион АҚШ долларын құрайды.
  • АІХ ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес (бұдан әрі – «АІХ-тегі ұсыныс») акциялар және ҒДҚ түрінде 7,780,699 кем емес жай акциялар АІХ арқылы жергілікті ұсынылды. Акциялар және ҒДҚ түрінде 5,540,874 көлеміндегі акциялардың жиынтық жергілікті сұранысын «Самұрық-Қазына» толық көлемде қанағаттандырды.
  • Ұсынысқа қосылған, жиынтықта Қоғаммен шығарылған акциялардың жалпы санының 2,1%-ын және Ұсыныстың шамамен 14%-ын құрайтын, АІХ-те Ұсыныс шеңберінде үлестірілген Акциялардың 3,9 миллионы және ҒДҚ 1,6 миллионы Қазақстан Республикасында АІХ ережелеріне және қағидаларына сәйкес институционалдық және бөлшек сауда инвесторларымен сатып алынды.
  • «Самрұқ-Қазына» Менеджерлерге (анықтамасы төменде келтірілген) ЛҚБ-дағы ұсынысқа байланысты қосымша орналастыруды өтеу үшін Ұсыныс бағасы бойынша Ұсыныс шеңберінде сатылған (АІХ-те Ұсыныс шеңберінде сатылған үлесті есепке алмағанда) ҒДҚ санынан 15%-нан артық емес мөлшерде қосымша ҒДҚ сатып алуға қосымша орналастыру опционын ұсынды. Сатылған ҒДҚ мөлшері (АІХ-те Ұсыныс шеңберінде сатылған үлесті есепке алмағанда) қосымша орналастыру опционын қоспағанда, 29,0 миллионды және қосымша орналастыру опционы толық көлемде орындалған жағдайда, 33,4 миллионды құрайды.
  • Ұсыныс нәтижесінде «Самрұқ-Қазынаға» (орналастыру опционы толық көлемде орындалған жағдайда) Қоғамның шығарылған акционерлік капиталының жалпы санының 85%-ы тиесілі болады.
  • Ұсыныс Қоғамды нарықтық капиталдандыру мәмілелердің басталуы сәтіне 3 миллиард АҚШ долларын құрайтынын тұспалдайды.
  • Қоғам және «Самрұқ-Қазына» үшін әр жағдайда жалпы қабылданған белгілі бір ерекшеліктермен акцияларды сатуға тыйым салудың 180 күндік мерзімі анықталатын болады.
  • ҒДҚ-ға рұқсат алғаннан кейін ЛҚБ-да және АІХ-те АҚШ долларында бағаланатын болады. Акцияларға рұқсат алғаннан кейін АІХ-те қазақстандық теңгеде бағаланатын болады.
  • ҒДҚ инвесторларға АҚШ долларында ұсынылды. Акциялар инвесторлармен ұсыныс бағасына балама, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2018 жылғы 12 қарашадағы АҚШ долларының қазақстандық теңгеге шаққандағы 1 АҚШ доллары үшін 372,65 қазақстандық теңгені құраған ресми айырбас бағамы бойынша белгіленген 4 322,74 қазақстандық теңгеге тең бағамен сатып алынды.
  • ЛҚБ-да ҒДҚ ұсынысына қатыстығаламдық бірлескен үйлестірушілер және бірлескен букраннерлер болып Credit Suisse және J.P.Morgan банктері шығады; Бірлескен букраннерлер China International Capital Corporation, Halyk Finance және Mizuho International plc болып табылады; Қоса менеджер ретінде Numis Securities Limited (бірлесе - «Менеджерлер») шығады. AIX-те ұсыныс Halyk Finance басшылығымен жүзеге асырылды.

 

- Соңы –

 

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз жүгіне аласыз:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Тел.: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Инвесторлармен жұмыс жасау жөніндегі басқармасы

Тел.: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz

Бұқаралық ақпарат құралдар сұраулары үшін байланыс:

Powerscourt  
Giles Read, Peter Ogden
Тел. : +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі Интернет желісінде www.kazatomprom.kz сайтында жарияланады

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндірушісі болып табылады. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі алғашқы жиынтық уран өндірісінің 20%-ын құрады. Топ уран қоры 300 мың тоннаға жуық саладағы ең ірі резервтік базаға ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Топ игеретін барлық кен орындары ЖҰШ тәсілімен уран өндіруге жарамды. Экономикалық тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ЖҰШ технологиясы өндіруші активтерді ұзақ мерзімді пайдаланумен үйлесімде Топқа  уран өндірісінің анағұрлым төмен құнымен жетекші әлемдік өндірушілердің қатарында қалуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің дүниежүзілік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Топ өнімдерінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылады. Топ өз өнімдерін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімдерін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ спот нарығында тікелей бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған  Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады. Топтың шоғырландырылған түсімі 2017 жылы 336,5 млрд теңгені, табыс 139,2 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында тиісінше түсім 145,0 млрд теңгені, пайда 115,0 млрд теңгені құрады.

Барынша толық ақпарат – http://www.kazatomprom.kz сайтында

 

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Осы хабарландыруда қамтылған ақпарат тек анықтама үшін берілген және толық немесе жан-жақты болуына міндетті болып табылмайды, инвестициялық қызметке қатысуға қандай да бір шақырудың немесе ниеттің бөлігі болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір елде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға оферта немесе шақыру, сол сияқты қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға, иемденуге немесе сатуға қатысты ұсыным болып табылмайды. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландыруда қамтылған ақпаратқа, оның дәлдігіне, нақтылығына және толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландырудың мәтіні заңдық, қаржылық немесе салықтық мәселелер бойынша ұсыным болып табылмайды.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында, Аустралияда, Канадада, Жапонияда, Оңтүстік Африка Республикасында, сондай-ақ осындай тарату немесе жариялау заңға қайшы болатын қандай да бір өзге хұкіметтерде тікелей немесе жанама жариялауға немесе таратуға арналмаған. Осы хабарландыруды тарату кейбір хұкіметтерде заңмен тыйым салынуы мүмкін және қарауына осы хабарландыруда аталған қандай да бір құжаттар немесе өзге ақпарат тапсырылған тұлғалар осындай тыйым салулармен танысуы және оларды сақтауы тиіс. Осы тыйым салуларды сақтамау кез-келген осындай хұкіметте бағалы қағаздар туралы заңнаманы бұзу болып саналады.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сатуға оферта  болып табылмайды. 1933 жылғы «Бағалы қағаздар туралы» АҚШ Заңына сәйкес («Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңы»), бағалы қағаздар, егер олар тіркелмеген немесе АҚШ-та тіркеуден босатылмаған болса, Америка Құрама Штаттарында ұсыныла немесе сатыла алмайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір әлеуетті ұсынымның қандай да бір бөлігін тіркемеген және тіркеуге ниеттенбейді және Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды көпшілікке таратуды жүзеге асыруға ниеттенбейді.

Осы хабарландыру тек Ұлыбританиядан тыс жерде орналасқан тұлғаларға (I)  немесе 2000 жылғы Қаржы қызметтер және қаржы нарықтары туралы заңның (Қаржылық жәрдем) 19(5)-бабында және 2005 жылғы Бұйрықта («Бұйрық») қарастырылған инвестициялар саласындағы мамандар  (II)  және жоғары таза активтер құнына ие заңды тұлғалар (III)  үшін, сондай-ақ осы хабарландыру Бұйрықтың 49(2)-Бабына сәйкес заңды негіздерде жеткізілуі мүмкін өзге тұлғалар үшін (барлық көрсетілген тұлғалар бұдан әрі бірлесе «тиісті тұлғалар» деп аталады) ғана арналған және таралады. Осы хабарландыруға қатысы бар кез-келген инвестицияларға немесе инвестициялық қызметке тек тиісті тұлғалар ғана қатыса алады. Тиісті тұлғаларға жатпайтын тұлғалар, осы хабарландыруды басшылыққа ала отырып, әрекет етпеуі керек немесе осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына сүйенбеуі керек.  

Егер осы хабарландыру ЕО 2003/71/ЕС Директивасын («Эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасы» - БЭК мүше-мемлекетте қолданылатын кез-келген жүзеге асыру шаралалармен бірге енгізілген өзгерістермен) қолданатын  кез келген БЭК мүше-мемлекеттерде бағалы қағаздарды көпшілікке тарату ретінде бағаланса, онда осы ұсыныс осындай БЭК мүше-мемлекеттің білікті инвесторларына (эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасының 2(1)(е)-бабында анықталған мағынада) ғана арналған.

Осы құжатта қамтылған ақпарат қандай да бір қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаның пайдасына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осындай жеке және заңды тұлғалардың осындай рөліне қолданылатын басқа елдердің заңнамасына сәйкес осындай әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың басқасында, Қазақстанда оферта жасауға, бағалы қағаздарды сатуға, сатып алуға, айырбастауға немесе өзгеше жолмен табыстауға ұсыныс немесе шақыру болып табылмайды. Осы хабарландыру, осындай жарнама Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына жауап беретін жағдайлардың басқасында, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатына арналған жарнама (яғни, кез-келген үлгіде таралатын және орналастырылатын, шектелмеген тұлғалар тобына арналған және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на және оның тауарларына, сауда таңбаларына, жұмыстарына, қызметтеріне және/немесе бағалы қағаздарына қызығушылықты қалыптастыруға немесе  қолдауға және олардың сатылымын ынталандыруға бағытталған ақпарат) ретінде түсінілмеуі керек. Осы құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бағалы қағаздары бойынша болашақ дивидендтерге қатысты ешбір айқын білдірілген немесе қандай да бір жолмен ұйғарынды кепілдіктерді және/немесе олардың нарықтық құнының ұлғаю кепілдіктерін бермейді. 

«Halyk Finance» АҚ және AIX те, олардың тиісті филиалдары да, олардың тиісті директорлары да, лауазымдық тұлғалары немесе қызметкерлері де, кеңесшілері де, агенттері немесе кез келген тұлға да осындай ақпараттың ұсынылу түріне тәуелсіз (жазбаша, ауызша немесе визуальды немесе электрондық түрде), сондай-ақ осындай ақпаратты беру тәсіліне тәуелсіз, осы хабарландыруда келтірілген немесе қамтылған ақпараттың немесе Топқа, оның еншілес компанияларына және олармен байланысты компанияларға қатысты  кез-келген өзге ақпараттың дәлдігі, әділдігі немесе толықтығы (немесе осы хабарландыруда қандай да бір ақпаратты ұмыт қалдыру мүмкіндігі) жөніндегі қандай да бір өтінімдерді немесе кепілдіктерді беруге немесе олардың мазмұнына байланысты, сондай-ақ осы хабарландыруды пайдалану нәтижесінде немесе оның мазмұнынан туындайтын немесе оған байланысты өзгеше туындайтын кез-келген ықтимал шығындар үшін жауапкершілікті немесе міндеттемені тікелей немесе жанама түрде өз мойнына алмайды. Сәйкесінше, «Halyk Finance» АҚ-ның, AIX және олардың сәйкес үлестес тұлғаларының, олардың сәйкес директорларының, лауазымдық тұлғаларының және қызметкерлерінің әрбірі және олардың атынан әрекет ететін кез-келген өзге тұлға, деликтілік немесе шартты жауапкершілікке қатысты болсын немесе олар осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына қатысты немесе өзгеше жолмен көтеруі мүмкін, өзгеше туындайтын жауапкершілікке қатысты болсын, жалпы осы хабарландырудың немесе оның бөлігінің негізінде немесе нәтижесінде туындаған кез-келген шығындар үшін кез-келген жауапкершіліктен тікелей, толықтай бас тартады. 

Осы хабарланудағы кейбір мәлімдемелер орын алған фактілер болып табылмайды, олар Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының 27А тарауында және 1934 жылғы Бағалы қағаздардың саудасы туралы АҚШ Заңының 21Е тарауында анықталған мағынада «болжамды» болып келеді. Болжамды мәлімдемелер біздің жоспарларымызға, күтулерімізге, болжамдарымызға, мақсаттарымызға, міндеттерімізге, стратегияларымызға, болашақ оқиғаларға, болашақ табыстарымызға немесе болашақ қызмет нәтижелеріне, күрделі қаржы шығындарына, қаржыландырудағы қажеттіліктерге, сатып алуларға байланысты жоспарларға немесе ниеттерге, біздің бәсекелік артықшылықтарымызға және кемшіліктерімізге, даму жобаларына байланысты жоспарларға немесе мақсаттарға, қаржы жағдайына және болашақ операциялық қызметке және дамуға, біздің бизнес-стратегиямызға және біз жұмыс істейтін салалар мен саяси-құқықтық ортада өзіміз күтетін үрдістертерге қатысты мәлімдемелерді, сондай-ақ тарихи болып табылмайтын өзге ақпаратты қамтиды. Табиғаты бойынша болжамды мәлімдемелер жалпы сипаттағы, сол сияқты өзіндік сипаттағы тәуекелдер мен белгісіздіктерді білдіреді және, сәйкесінше, күтілулер, болжамдар, жобалар және өзге болжамды мәлімдемелер жүзеге асырылмауы мүмкін деген тәуекелдер бар. Осы тәуекелдер мен белгісіздіктердің бар болуына байланысты осындай болжамды мәлімдемелерге тым сенуге болмайды. Біз осы құжаттағы қандай да бір болжамды мәлімдемелерді жаңартуға ниеттенбейміз және ол бойынша ешқандай міндеттемені өз мойнымызға алмаймыз.

Сонымен қоса, осы хабарландыру Топ жұмыс істейтін сала туралы және жалпы оның нарық және бизнес сараланымдары туралы ақпаратты қамтиды; осы ақпарат болжамды сипатқа ие және саланың, сондай-ақ Топтың нарықтық және бизнес сараланымдарының даму жолдарына қатысты әртүрлі тұжырымдарға негізделген. Осы тұжырымдар қазіргі уақытта Қоғамға белгілі ақпаратқа негізделген. Егер осы тұжырымдардың бірі немесе бірнешеуі теріс болып шықса, нақты нарықтық нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекшеленуі мүмкін. Қоғам бұл Топтың бизнесіне қалай әсер ететінін білмеуіне қарамастан, егер нақты нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекшеленсе, ол Топ қызметінің болашақ нәтижелеріне және оның қаржы жағдайына елеулі жағымсыз әсер етуі мүмкін.

АІХ-тегі Ұсынысқа байланысты Бағалы қағаздарға жазылу немесе сатып алу туралы кез келген шешім тек қана АІХ-тегі Ұсынысқа байланысты Қоғаммен жарияланған АІХ Аңдатпасындағы ақпараттың негізінде қабылдануы тиіс.

Осы хабарландыруда қамтылған ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қандай да бір бағалы қағаздарға жазылудан немесе оларды сатып алудан бұрын, осы хабарландырумен танысып жатқан тұлғалар, АІХ-тегі Ұсынысқа байланысты Қоғаммен жарияланған АІХ Аңдатпасындағы мазмұндалған тәуекелдерді толық түсініп, қабылдайтынына көз жеткізуі тиіс. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландырудағы ақпаратқа, оның дәлдігіне немесе толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландыру негіз болып табылмайды және сатуға немесе шығаруға ұсынымдар немесе шақырулар болып саналмайды, сондай-ақ қандай да бір Бағалы қағаздарды немесе кез-келген өзге бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларға жазылуға септік болып келмейді; осы хабарландырудың өзі (оның қандай да бір бөліктері де) немесе оны тарату фактісі қандай да бір келісімшартқа негіз болып табылмайды, және қандай да бір келісімшарт жасасқан жағдайда оларға сүйенуге болмайды.

Түпкілікті шешімдер осы хабарландырудың негізінде қабылданбауы тиіс. Осы хабарландыруға қатысы бар инвестициялар инвесторды инвестицияланған қаржыны жоғалтуға байланысты айтарлықтай шығындарға ұшыратуы мүмкін.

Инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын тұлғалар осындай инвестициялар мәселесі бойынша мамандармен кеңесуі тиіс. Осы хабарландыру да, онда аталып өткен АІХ Аңдатпасы да АІХ-тегі Ұсынысқа қатысты ұсыным болып табылмайды. Бағалы қағаздардың құны төмендеуі де, өсуі де мүмкін. Әлеуетті инвесторлар ықтимал ұсыныс мүдделі тұлғаның қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетініне қатысты кеңес берушіден кәсіби кеңес алуы керек.

Пікір қалдыру