| (AIX)    USD 39   %0      KZT 20750   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы 1-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері

4 мамыр 2020
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы 1-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2020 жылғы 31 наурызда аяқталған 2020 жылдың 1-тоқсанындағы қызметтің төмендегідей операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ 2020 жылдың 1-тоқсанындағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпаратты және Компанияның 2020 жылға арналған жаңартылған болжамдарын білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелерінде қамтылған ақпарат түбегейлі емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

COVID-19 пандемиясы бүкіл әлем бойынша экономиканың барлық секторларындағы кәсіпорындарға елеулі әсер етуін жалғастырып отыр. Вирусты жұқтыру жағдайларының саны өсе түскен, коронавирустың әлеуетті таралуын азайту мақсатында компаниялар барынша қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды, міндетті әлеуметтік арақашықтықты ұстау және қашықтан жұмыс істеу тәжірибелерін енгізуде. Бірқатар мемлекеттер карантин режимін өңірлік немесе жалпыұлттық ауқымда енгізу арқылы адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойды.

Сәуір айында Қазатомөнеркәсіп өз кеніштеріндегі жұмысшылар және жергілікті халық арасында жұқтыру қаупін азайту үшін, өндірістегі қызметкерлер санын мүмкін болған ең аз деңгейге дейін төмендету шараларын қабылдады. Енгізілген шектеу және карантиндік шараларды сақтау мақсатында қызметкерлердің бір бөлігі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес төлемдер сақтала отырып тұрғылықты жеріне қайтарылды, ал өндіріске тікелей тартылған қызметкерлер әлеуметтік арақашықтық және қатаң гигиена ұстану жағдайында жұмыс істеуді жалғастыруда. Компания бұл шаралар үш ай бойы әрекет етеді, нәтижесінде кен орындарын игеру қызметінің төмендеуіне және уран өндірісін одан әрі қысқартуға алып келеді деп болжайды.

Наурыз айында, Қазатомөнеркәсіптің хабарламасына дейін, Cameco және Orano Canada компаниялары Канадада Саскачеван провинциясының солтүстік бөлігінде орналасқан Сигар-Лейк уран кенішінде және МакКлин-Лейк өңдеу кәсіпорнында жұмыс тоқтатылғанын жариялады. Әлемдегі ең ірі уран өндіру кешені өндірісте және жергілікті халық арасында COVID-19 таралу қаупіне байланысты жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің қауіпсіз режиміне ауыстырылды. Бастапқы төрт апталық тоқтата тұру кейіннен қауіпсіз және тұрақты қайта іске қосу мүмкін болмаған уақытқа дейінгі белгісіз мерзімге ұзартылды. Cameco кейіннен Порт-Хоуп конверсиялық зауытының және Блайнд-Ривердің аффинаждық кәсіпорынының жұмыс күшінің жеткілікті мөлшерін ұстап тұру үшін өскелең қиындықтарға байланысты төрт аптаға уақытша жабылатынын жариялады.

Оңтүстік Африка Республикасы мен Намибияның үкіметтерін қоса алғанда, бірқатар Африка елдері COVID-19 індетін еңсеруге карантин режимін енгізді, соның нәтижесінде уран мен пайдалы қазбалардың көпшілігін өндіру жұмыстары тоқтатылды.

Жалпы, COVID-19 байланысты өндірісті төмендету және уақытша тоқтату 2020 жылы сұраныс пен ұсыныстың тапшылығына әкеледі деген болжам бар (ағымдағы күнге жарияланған). Бөгде көздердің бағалауы бойынша, бастапқы уран өндірісі 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға азаюы мүмкін, өткен жылдың ішінде сұраныс пен ұсыныс жалпы теңдестірілген болатын.

Сұраныс нарығындағы жаңалықтарға келетін болсақ, атом электр станциялары тұтастай алғанда пандемияны еңсеріп, бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтаудың, бизнестің және көлік инфрақұрылымының өмірлік маңызды объектілері үшін қажетті базалық электр энергиясын жеткізуді жалғастырып келеді. Шектеу мен карантин енгізу аясында электр энергиясына сұраныстың аз ғана қысқаруы бірнеше АЭС-те жөндеу және отын алмастырумен байланысты жұмыс мерзімдерінің ұзартылуына алып келді. Чехиядағы Дукавана АЭС №3 энергия блогын ажырату мерзімі мамыр айының басына дейін ұзартылды, ал Швецияда Vattenfall энергия компаниясының Рингхальс АЭС №1 энергия блогын ажырату мерзімі сәуір айынан қыркүйек айына дейін ұзартылды. Рингхальс АЭС №1 энергия блогын пайдаланудан шығару 2020 жылдың соңына жоспарланған. Оңтүстік Африка Республикасында карантин режимінен туындаған электр энергиясын тұтынудың күрт қысқаруы салдарынан Eskom мемлекеттік холдингі сәуір айының соңына дейін Коберг АЭС №2 энергия блогын өшірді. ҚХР экология және қоршаған орта министрлігі коронавирустың өршуі жұмыс істеп тұрған реакторлардың жұмысына ықпал етпегенін және қысқа мерзімді перспективада АЭС құрылысының барысына кері әсері болмайтынын мәлімдегенін атап өткен маңызды.

COVID-19 байланысты оқиғалардан басқа, бірінші тоқсанда ядролық энергия саласындағы сұраныс пен саясат саласында назар аударарлық бірқатар оқиғалар атап өтілді. Ақпан айында Электрисите де Франс (EDF) Франциядағы Фессенхайм АЭС №1 энергия блогын пайдаланудан шығаратынын растады, ол – энергетикалық теңгерімдегі атом энергиясының үлесін қысқарту жөніндегі саясатқа сәйкес жабылған алғашқы француз реакторы. Наурыз айында Кюсю Электрик энергетикалық компаниясы Жапонияның ядролық реттеу жөніндегі агенттігінің талаптарына сәйкес терроризмге қарсы нысандардың құрылысын аяқтау үшін Сендай АЭС №1 энергия блогының жұмысын 2020 жылдың соңына дейін тоқтатты.

Nawah Energy Company Біріккен Араб Әмірлігінің ядролық энергетиканы реттеу жөніндегі федералдық агенттігінің APR-1400 төрт ядролық реакторларымен жабдықталған Барака АЭС №1 энергия блогын пайдалануға арналған 60 жылдық лицензиясын шығару туралы хабарлағаны сұраныс жағындағы оң оқиға болды. Ресейлік Ростехқадағалау Ростов АЭС №1 энергия блогын пайдалану құқығын беретін лицензияны 2031 жылдың соңына дейін ұзартты, сондай-ақ реакторды пайдалану мерзімін 2040 жылға дейін қосымша ұзарту бойынша жоспарланған жұмыстарды аяқтау үшін Белояр АЭС №3 энергия блогына берілген лицензияны бес жылға ұзартты. АҚШ-тың ядролық реттеу жөніндегі комиссиясы Пич-Боттом АЭС №2 және №3 энергия блоктары үшін жаңартылған лицензиялар шығарды, осылайша, №2 энергия блогын пайдалану мерзімі 2053 жылға дейін, ал №3 энергия блогын пайдалану 2054 жылға дейін, жиынтығында әрбір энергия блогының жұмысы 80 жылға дейін ұзартылды.

Саясаттағы жаңалықтарға келсек, АҚШ-тың ядролық отын жөніндегі жұмыс тобы (Жұмыс тобы) 2019 жылдың шілдесінде АҚШ-тың сауданы кеңейту туралы Заңының 232-бөлімі бойынша АҚШ сауда министрлігінің тергеуі аяқталғаннан кейін құрылған «Америкалық атом энергиясының бәсекеге қабілетті артықшылықтарын қалпына келтіру» атты стратегия түріндегі ұсынымдарды жариялады. Стратегия ядролық энергетиканың оң аспектілерін күшейту, АҚШ-та ядролық отын циклін қалпына келтіру, АҚШ-тың технологиялық артықшылығын нығайту және АҚШ экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі саяси іс-қимылдарға шақырады. Ұсынылып отырған іс-әрекеттер Ресей Федерациясынан уранды жеткізуге қатысты демпингке қарсы тергеуді тоқтата тұру туралы келісімді ұзарту жолымен ресейлік байытылған уранды жеткізуді шектеуді және Ресей мен Қытайда өндірілген ядролық отын импортынан бас тартуды қамтиды.

Американдық уран өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында федералдық уран қорын құру үшін ядролық отын циклін қалпына келтіру жөніндегі шара ретінде АҚШ әкімшілігі 2021 қаржы жылына 150 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруды сұрады. АҚШ саясаткерлері 17-ден 19 миллионға дейін уран тотығы-шала тотығы (6,500 тоннадан 7,300 тоннаға дейін уран баламасы) мөлшеріндегі резервтік қор жеткізуде айтарлықтай кідіріс болған жағдайда АҚШ энергия компанияларын уранның резервтік қорымен қамтамасыз ететінін атап өтті. Резервтік қор үшін уран сатып алу бағдарламасы он жылға есептелген және Жұмыс тобының ұсынымдарына негізделген.

Бұдан басқа, АҚШ әкімшілігі ресейлік, қытайлық және еуропалық компанияларға Иранның ядролық нысандарында жұмысты жалғастыруға мүмкіндік бере отырып, Иранның өзге де ядролық объектілеріне қатысты америкалық санкциялардың мерзімін мамырдың соңына дейін 60 күнге ұзартты.

Спот нарығы

Бірінші тоқсанда спот нарығында COVID-19 қозғалысқа және күнделікті бизнес-процестерге әсер етуінен туындаған белсенділіктің орташа деңгейі байқалды. Нәтижесінде, наурызда жалпы жаһандық экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында споттық баға U3O8 бір фунты үшін 24 АҚШ долларына дейін құлдырады. Алайда, наурыз айының соңына қарай уран өндірісіне қатысты жасалған бірқатар хабарландырулардан кейін, қысқа және ұзақ мерзімді перспективадағы жеткізулердің белгісіздігіне байланысты тоқсан соңында U3O8 бір фунты үшін спот бағасы 27 АҚШ долларына дейін өсті. Қазатомөнеркәсіп қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқаты негізгі басымдықа ие екенін, сондай-ақ өндірістегі қызметкерлер санының азаюы 2020 жылы Қазақстанда уран өндіру көлеміне тікелей әсер ететіні туралы мәлімдегеннен кейін спот бағасы өсуін жалғастырып, сәуір айының соңына қарай 33 АҚШ долларына жетті.

Бөгде тарап көздерінің деректері негізінде 2020 жылдың бірінші тоқсаны ішінде жасалған спот транзакцияларының көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен сәл көбірек болып, орташа апталық спот бағасы U3O8 бір фунты үшін 24,76 АҚШ доллары деңгейінде 17,4 миллион фунт U3O8 (6 700 тонна уран) құрады (2019 жылдың 1-тоқсанындағы U3O8 бір фунты үшін орташа апталық спот бағасы 28,11 АҚШ доллары деңгейінде шамамен 16,3 миллион фунт U3O8 (6300 тонна уранмен) салыстырғанда).

Ұзақ мерзімді нарық

Үшінші тараптардың деректеріне сәйкес, 2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді нарықтағы келісімшарттардың көлемі шамамен 19 миллион фунт U3O8 құрады (2019 жылдың бірінші тоқсанындағы ~14 миллион фунт U3O8 салыстырғанда). Ұзақ мерзімді нарықтық белсенділік бірінші тоқсанның соңына жақын өсе бастағанына қарамастан, ол ұзақ мерзімді бағаның (ай сайын бөгде көздер беретін) айтарлықтай өзгеруіне әкелмеді.

Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылғы 1-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері1

  31 наурызда аяқталған үш ай  
(мың тонна U3O8 егер басқаша көрсетілмеген болса) 2018 2019 Өзгеріс
Өндіріс көлемі ( 100% негізде)2 5,294 5,221 (1)%
Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар)3 3,063 2,981 (3)%
Топ бойынша сату көлемі 4 1,645 1,754 7%
ҚАӨ/ТҰК сату көлемі5 1,465 1,518 4%
ҚАӨ/ТҰК мәмілелері бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл./ фунт U3O8 )6* 26.78 26.43 (1)%
Айдың соңындағы спот бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)7* 27.41 25.59 (7)%

1 Барлық мәндер алдын ала жасалған сипатқа ие.
2 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компания қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өндірістің нақты көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): компанияның қатысу үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемі болып табылады және «Инкай» БК-дағы өндіріс көлемін қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға жататын қалған бөлігін қамтымайды. Компания «Инкай» БК (қатысу үлесіне барабар) өндіру көлемі шамамен 1 066 тонна U3O8 құрайды деп болжайды. Өндірістің нақты  көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ мына жолмен бақылайтын компаниялар: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігінің, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне ықпалының немесе құқығының және (ІІІ) Топтың пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілермен өз өкілеттіктерін пайдалану қабілетінің болуы жолымен бақылайтын компаниялардың сатылуын қамтиды. Дауыс берудің маңызды әлеуетті құқықтарын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-ны басқа заңды тұлғаға бақылауды бағалау кезінде ескеріледі).
5 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): ҚАӨ және KazakAtom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатылымдарын ғана қамтиды. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ және THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының фунт үшін орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
7 Ақпарат көзі: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгіленімдерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранға споттық баға белгіленімдерінің орташа мәні болып табылады, себебі контрактілік баға шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.

* U3O8 фунтына кг-ды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екенін ескеріңіз.

Қатысу үлесіне барабар және 100% негіздегі өндіріс көлемі 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың бірінші тоқсанында сәл төмен болды. Өндірістің қатысу үлесіне барабар болмашы төмендеуі, 2019 жылғы қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдауда ашылғандай, негізінен «Инкай» БК-ның 2020 жылы өндіруден алған аз үлесіне негізделген.

Топ пен ҚАӨ сату көлемі 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2019 жылға қарағанда, негізінен тапсырыс беруші жоспарлаған жеткізу мерзімдеріне байланысты сәл жоғары болды. Әр тоқсанның сату көлемі айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін, ал тоқсандық сату көлемі клиенттердің сұраныстарына және нақты жеткізу мерзімдеріне байланысты жылдан жылға өзгеруі мүмкін.

2020 жылдың бірінші тоқсанында орташа өткізу бағасының шамалы төмендеу себебі – 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда уранға деген спот бағасы төмен болды. Компанияның келісімшарттық портфелі уранның ағымдағы спот бағаларымен тығыз байланысты.

Активтерді қайта құрылымдау бойынша жаңарту

ҚАӨ 2019 жылғы мамырда ресей, француз және қытай сатып алушылары кірген консорциуммен күн энергетикасы саласындағы жобаларға («Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «МК KazSilicon» ЖШС кіретін «KazPV» жобасы) бағытталған еншілес компаниялардағы қатысу үлестерінің шоғырландырылған пакетіне қатысты кейінге қалдыру шарттарымен сатып алу-сату шартын (бұдан әрі -Шарт) жасасқаны туралы жариялады. Сомасы елеулі еместігіне байланысты, мәміленің әлеуетті құны ашылмады. Алайда, 2020 жылдың бірінші тоқсанында Қоғам кейбір кейінге қалдыру шарттарының сақталмағанына байланысты Шарт күшіне енбегенін анықтады. Осының салдарынан Қоғам аталған Шарт шеңберінде әлеуетті сатып алушылармен қарым-қатынасты тоқтатты. Бүгінгі күні ҚАӨ Қазақстан Республикасының Жекешелендіру бағдарламасының бір бөлігі ретінде 2020 жылы KazPV жобасының кәсіпорындарын сатуды жалғастыруға ниетті.

ЖБҚ зауытын салу жобасы бойынша жаңарту

Әлемдегі ағымдағы ахуал және COVID-19 таралуы Қазақстанда ядролық отын өндіру жөніндегі зауыт құрылысының жобасына теріс әсер етті. Қазақстанды қоса алғанда, көптеген елдерде енгізілген шектеу және карантиндік шаралар Франция, АҚШ және ҚХР-ның жабдықтар жеткізушілеріне жабдықтарды құрастыру және іске қосу-баптау жұмыстарын аяқтау үшін қажетті мамандарды жіберуіне мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде бұл жобаны аяқтау және зауытты пайдалануға берудің жоспарланған кестесіне әсер етті. Құрылыстың аяқталуының жаңа мерзімдері туралы ақпарат белгілі болған кезде ашылады.

Қазатомөнеркәсіп болжалдары бойынша 2020 жылға жаңарту

(1 АҚШ доллары үшін 450 теңге курсымен) 2019

U3O8 өндірісінің көлемі (100% негізде), тонна1  

19 000 – 19 5002
U3O8 өндірісінің көлемі (қатысу үлесіне барабар), тонна3 10 500 – 10 8002
Топтың өткізу көлемі, тонна (шоғырландырылған)4 15 500 – 16 500
оның ішінде ҚАӨ өткізу көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген)5 13,500 – 14,500
Топтың жалпы түсімі, млрд теңге6 580 – 600
оның ішінде U3O8 (Топ бойынша) сатудан түскен түсім, млрд теңге6 460 – 510
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл./фунт* $10.00 – $11.00
Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (AISC қатысу үлесі бойынша), АҚШ долл./фунт* $13.00 – $14.00
Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге5 65 – 75

1 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компания қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді.
2 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Алайда, осы күтулерді дайындау мақсаттары үшін өндірісте қызметкерлер санының төмендеуі үш ай бойы сақталады деп болжанады. Өндірістің жылдық көлемі, осыған байланысты, нақты ықпалға байланысты біздің күтімдерімізден өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): Компанияның қатысу үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемі болып табылады және «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға жататын қалған бөлігін қамтымайды. Компания 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Инкай» БК өндірісінің жылдық көлеміндегі үлесі шамамен 1 066 тонна U3O8 құрайды деп күтуде. Өндірістің нақты көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топты іске асыру көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ мыналарды: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігінің, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне ықпалының немесе құқығының және (ІІІ) топтың пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерді өз өкілеттіктерін пайдалану қабілетінің болуы жолымен бақылайтын компаниялардың сатылуын қамтиды. Дауыс берудің маңызды әлеуетті құқықтарын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-ны басқа заңды тұлғаға бақылауды бағалау кезінде ескеріледі).
5 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): ҚАӨ және KazakAtom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатылымдарын ғана қамтиды. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 Болжамды түсім белгілі бір уақытта басқа көздерден алынған уран бағасына негізделген. Пайдаланылатын бағалар Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2020 жылғы түсім іс жүзіндегі бағалардың сыртқы көздердің болжамынан алшақтығының ықпалына едәуір дәрежеде ұшырауы мүмкін.
7 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.

* U3O8 фунтына кг-ды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екенін ескеріңіз.

2020 жылдың 7 сәуірінде хабарланғандай, COVID-19 пандемиясының әсеріне байланысты Компания 2020 жылы өндіріс көлемі 100% негізінде 19 000-нан 19 500 тоннаға дейін U3O8 (бұрын 22 750-ден 22 800 тоннаға дейін) құрайды деп болжайды. Өндіріс көлемі бойынша қатысу үлесіне барабар болжам 10 500-ден 10 800 тоннаға дейін U3O8 (бұрын 12 800-ден 13 300 тоннаға дейін) құрайды. Компания қысқартылған өндірісті толықтыруды жоспарлап отырған жоқ: Қазатомөнеркәсіп әлі де нарыққа бағдарланған өзінің стратегиясын ұстанады және 2021 жылы уран өндіру жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жоспарланған өндіру көлемінен 20%-ға төмендігінше қалады (бұрын ашылғандай).

Өндіріс деңгейінің төмендеуі Компанияның сату бөлігінде 2020 жылғы міндеттемелеріне әсер етпейді деп болжануда, бұл клиенттер алдындағы барлық шарттық міндеттемелерді орындауды білдіреді.

2020 жылы сату көлемі Компанияның нарықтық стратегиясына сәйкес келеді. Топ Компанияның 13 500 тоннадан 14 500 тоннаға дейінгі уран көлемінде сатуды қоса алғанда, 15 500 тоннадан 16 500 тоннаға дейін уран сатуды жоспарлап отыр, бұл 2019 жылғы сату көлеміне сәйкес келеді. Жоспарланған өндіріс көлемінен тыс сату негізінен қорлар есебінен, сондай-ақ серіктестермен және басқа да бөгде ұйымдармен келісімшарттар мен келісімдер бойынша еншілес және тәуелді кәсіпорындар есебінен жүзеге асырылады деп болжануда.

Түсім, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн» (пропорционалды негізде), С1 және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар», AISC (С1 пропорционалды негізде + күрделі шығындар) көрсеткіштері, егер теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 450 теңге/1 АҚШ долларын құрайтын 2020 жылға арналған жаңартылған бюджеттік бағамнан өзгеше болған жағдайда, жоғарыда келтірілген болжамдардан өзгеше болуы мүмкін.

Компания бұрынғысынша табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) тұрақты деңгейін шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлемінің қатысу үлесіне барабар деңгейде (THK өткізетін сауда көлемін ескермегенде) қолдауға бағытталған. Дегенмен, ҚАӨ уран нарығына тұрақты мониторинг жүргізеді және ұзақ мерзімді құнды жасауға бағытталған өзінің стратегиясына сәйкес Компания кез келген сәтте маусымдылықты негізге ала отырып, сондай-ақ өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес өндіру мен сату көлемдерін оңтайландыру мақсатында қорлардың деңгейін нысаналы диапазоннан тысқары шығара алады. 2020 жылы COVID-19 ықпалынан туындаған өндірістің төмендеуін ескере отырып, Компания өз жеткізілімдерін қорлардың нысаналы ауқымынан төмен деңгейде басқаруға дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR и PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

 

Пікір қалдыру