| (AIX)    USD 41.2   %0      KZT 18310   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 1-тоқсандағы қаржылық нәтижелері

21 мамыр 2021
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 1-тоқсандағы қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») аудитордың шолу тексеруімен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2021 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айдың аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық есептілігін (қаржылық есептілік) жариялады. Бұл құжат Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://kazatomprom.kz/ru/investors/finansovaya_otchetnost

Үш және тоғыз ай үшін аралық қаржылық есептілікті жариялау Лондон қор биржасының (LSE) немесе Astana International Exchange (AIX) биржасының Қазатомөнеркәсіпке қолданылатын листингтік талабына жатпайды, алайда Компания қаржылық есептілікті Қазақстан заңнамасының реттеушілік талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) листинг жасалатын облигациялар және ағымдағы кредиттік келісімдер (ковенанттар) бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындау үшін тоқсан сайын жариялауы қажет. Жергілікті реттеуші органдарға қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін мұндай есептілік жария болады, сондықтан бұл Компанияның мерзімді ашылуының бір бөлігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындау Қаржылық жай-күйі мен аралық қызмет нәтижелерін талдауды (OFR) дайындауды талап етпейді.

Инвестициялық қоғамдастыққа ресми мерзімді жария ету шеңберінде 2021 жылы Қазатомөнеркәсіп мыналарды жоспарлап отыр:

  • өндіріс және сату бойынша жылдық болжамды көрсеткіштер ашылатын және/немесе жаңартылатын есепті кезең аяқталғаннан кейін шамамен бір ай өткен соң мүдделі тараптарға қызметтің тоқсан сайынғы операциялық нәтижелерін ұсынуды;
  • жылына екі рет қаржылық нәтижелерді AIX және LSE биржасының реттеушілік талаптарында айқындалған мерзімдерге сәйкес қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін (OFR) талдай отырып, жылдық аудиттелген және жарты жылдық аудиттелмеген қаржылық есептілік түрінде ұсынуды.

Компания 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша бірінші жартыжылдықтың қаржылық есептілігіне аудиторлық шолуды және Лондон қор биржасында (LSE) сауда-саттық ашылғанға дейін 2021 жылғы 27 тамызда Қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелеріне тиісті талдауды (OFR) жариялауды жоспарлап отыр.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма құрамы

2021 жылғы 20 мамырдағы Компанияның Директорлар кеңесінің отырысында А. Қасабеков мырза мен Ә. Алдоңғаров мырзаны Компания Басқармасының құрамына енгізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің Басқармасы 2024 жылғы 24 сәуірге дейінгі өкілеттік мерзімімен тоғыз мүшеден тұрады:

  • Ғалымжан Пірматов, Басқарма төрағасы;
  • Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
  • Асқар Батырбаев, Коммерция жөніндегі бас директор;
  • Асқар Қасабеков, Өндіріс жөніндегі бас директор;
  • Мәжит Шәріпов, ЯОЦ жөніндегі бас директор;
  • Біржан Дүйсембеков, Стратегия және даму жөніндегі бас директор (қазіргі уақытта оқу демалысында);
  • Бексұлтан Бекмұратов, HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор;
  • Әлібек Алдоңғаров, Трансформация жөніндегі бас директор;
  • Марат Елемесов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

Басқарма құрамының толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру