| (AIX)    USD 85   %   -2.29 KZT 41385   %   0.42

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелері және 2026 жылға арналған өндіріс стратегиясы

22 тамыз 2025
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелері және 2026 жылға арналған өндіріс стратегиясы

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған жартыжылдыққа шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

«Қазатомөнеркәсіп әлемдегі жетекші уран өндіруші және жеткізуші бола отырып, экологиялық таза энергияға көшуге ұмтылған жаһандық ерік-жігерді қолдауда маңызды рөл атқарады. Біздің акционерлер үшін ұзақ мерзімді құндылық жасау стратегиясына міндеттемеміз өзгеріссіз қалады. Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп ресурстық базаны толықтыру және ядролық отын жеткізуші ретіндегі көшбасшылық рөлді сақтау үшін ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

«Уранның спот нарығындағы және капитал нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, бұл ішінара тарифтік қақтығыстардан туындаған белгісіздікке байланысты болуы мүмкін, уранның ұзақ мерзімді бағасы бір фунт үшін 80 АҚШ доллар деңгейінде тұрақты болып қалады да, іргелі факторлардың күшті болып қалатынын растайды. Алайда, компания қазіргі уақытта шамамен 8 миллион фунтқа төмендеген өндірістің бастапқы жүз пайыздық деңгейіне оралу үшін уран нарығының жеткілікті қолдауын әлі де байқап отырған жоқ, бұл әлемдік бастапқы өндірістің шамамен 5% құрайды.

Қазатомөнеркәсіп жаһандық энергетикалық саясатты нығайтудағы рөліне байыпты қарайды. ESG мәселелеріндегі көшбасшылық өндіріс ауқымымен бірге Компанияға табиғи уранның сенімді және жауапты жаһандық өнім берушісі болып қалуға мүмкіндік береді. Біз энергетикалық жеткізілім көздерін әртараптандырудың бір бөлігі болуға дайынбыз және Компанияның ұзақ мерзімді келісімшарттардың жаңа цикліндегі мықты позициялары нарықтың бізге деген сенімі мен сенімділігін көрсетеді».

2026 жылға арналған өндіріс стратегиясы

Уран өндіруші кәсіпорындардың өндіріс қарқынына және жаңа учаскелерде инфрақұрылым құрылысына, сондай-ақ тұтастай алғанда нарықтық конъюнктураға жан-жақты талдау жүргізілгеннен кейін Қазатомөнеркәсіп өзінің 2026 жылға арналған өндірістік жоспарлары туралы мынадай ақпаратты ұсынады.

Компания уранды сұранысқа сәйкес жеткізу деңгейін қамтамасыз ете отырып, тұрақты нарықтық тәсілді ұстануды жалғастыруда және көлемді ұлғайтуға емес, ұзақ мерзімді құнды құруға бағытталған өндіріс шешімдерін қабылдайды. Осы тәсілге сәйкес Компания сұраныс пен ұсыныстың ағымдағы балансын, 2026 жылы өндірістің 100%-дық деңгейіне оралу үшін сондай-ақ жабылмаған сұраныстың бар көлемін жеткілікті деп санамайды.

Осылайша, операциялық тиімділікті арттыру шеңберінде Компанияның кейбір уран өндіруші кәсіпорындары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер енгізу процесінде тұр. Бұл өзгерістер тиісті кәсіпорындар үшін өндірудің жаңа номиналды деңгейлерін анықтайды, осылайша өндірістің нақты көлемі өлшенетін және анықталатын өндірістің жүз пайыздық көрсеткіштерін төмендетеді. Бір мезгілде 2026 жылға арналған өндірістік жоспарларды нақтылау мақсатында бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестермен келіссөздер жалғасып жатыр.

Компанияның 2024 жыл ішіндегі минералды активтері туралы құзыретті тұлғаның (CPR) бүгін жарияланған есебінде айтылғандай, 2026 жылға арналған келісімшарттық тау-кен міндеттемелерінің номиналды деңгейі (100%-дық негізде) 32 777 тоннадан (шамамен 85 миллион фунт) ураннан (алдыңғы лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес) 29 697 тоннаға дейін (шамамен 77 миллион фунт) төмендейді. Осылайша, қысқару 3 мың тоннадан (~8 миллион фунт) немесе шамамен 10% құрайды, оның көп бөлігі «Буденовское» БК өндіру көлемін түзетумен байланысты.  

Ресурстық базаны тиімді пайдалануға бағытталған 2025-2034 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес Компания 2026 жылға арналған өндіру бойынша жаңартылған келісімшарттық міндеттемелер деңгейіне қатысты көлемдерді (рұқсат етілген 20% ауытқу шегінде) төмендету мүмкіндігін қарастырып жатыр. 2026 жылға арналған нақты өндірістік жоспарлар БК серіктестерімен және уран нарығының динамикасымен жоғарыда аталған келіссөздердің тақырыбы болып қала береді және 2026 жылға арналған операциялық болжамды көрсеткіштерді жария ету шеңберінде ұсынылатын болады.

Ағымдағы бағалаулар бойынша күкірт қышқылын жеткізу 2026 жылы тұрақты болады. Қышқыл жеткізудегі қиындықтардың салдарымен бірге кен орындарының геологиялық сипаттамаларының айырмашылықтары уран алу коэффициентінің айырмашылығына және жекелеген учаскелерде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бекітілген көлемдерге қатысты төмендеудің әртүрлі деңгейлеріне әкелуі мүмкін.

Компания қалдықтардың (қорлардың) тұрақты деңгейін сақтап отыр және  клиенттер алдындағы барлық келісімшарттық міндеттемелерді толық көлемде орындау мақсатында, нарықтағы өзгерістерге тез ден қоюға мүмкіндік беретін икемділігін жоғалтпай, тәртіпті сату стратегиясын ұстанады. Айта кетерлігі, Қазақстанның үш АЭС салу жөніндегі жоспарлары келешекте елеулі ішкі сұранысты қалыптастыра алады. Бір станцияның қажеттілігі жылына шамамен 400 тонна (1,04 миллион фунт) уранды құрайтындығын ескере отырып, бүкіл қызмет ету мерзіміндегі жиынтық сұраныс 72 мың тоннаға (187,2 миллион фунт) жетуі мүмкін. Осыған байланысты Компания өндірісінің бір бөлігі уақыт өте келе елішілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттала алады.

Компанияның корпоративтік оқиғалары

«КАТКО» БК жаңа қайта өңдеу зауытын іске қосу

Бұрын хабарланғандай, шілде айында Orano-мен бірлескен кәсіпорын «КАТКО» БК уранды қайта өңдеу жөніндегі жаңа зауыттың ашылу салтанатын өткізді, бұл Оңтүстік Төрткұдық жобасының табысты іске асырылуын білдіреді. Жаңа қайта өңдеу зауытының жылдық қуаты 2000 тонна уран және қазіргі уақытта игеріліп жатқан учаскелерді біртіндеп ауыстырады деп болжанып отырған Төртқұдық учаскесінің оңтүстік бөлігінен уран ерітіндісін өңдеуге арналған.

Зауытты пайдалануға беру Оңтүстік Төрткұдық жобасына толық номиналды қуатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, алайда «КАТКО» БК-ның 2026 жылға арналған нақты өндірістік жоспарлары Қазатомөнеркәсіп өндірісінің жоғарыда көрсетілген 2026 жылға арналған стратегиясын негізге ала отырып айқындалатын болады.

Буденовское және TQZ жобаларының мәртебесі

Бұрын хабарланғандай, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ және «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС (TQZ) Түркістан облысы Тайқоңыр кентінде қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытының құрылысын қаржыландыруға несие желісін ашу туралы келісім жасасты. Инвестициялық жобаның жалпы құны шамамен 113 млрд теңгені, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ қарыздық қаржыландыру сомасы 85 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жұмылдыру-дайындық жұмыстары аяқталды.

«Буденовское» кен орнының 6-7 учаскесінде өнімділігі жылына 6 000 тонна уран өңдеу кешенін салу жөніндегі жобаны іске асыру бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Персоналды, техника мен жабдықты жұмылдыру, сондай-ақ қажетті коммуникацияларды жүргізу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта технологиялық құбырларды, коммуникацияларды монтаждау, лактап-бояу және өзге де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2024 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу және дивидендтік саясатқа өзгерістер енгізу

2025 жылдың 22 шілдесінде Компания акционерлерге 2024 жылға дивидендтер төлеуді аяқтады. 2025 жылғы 27 мамырдағы Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) шешіміне сәйкес, төлемдердің жалпы сомасы бір қарапайым акцияға (бір ЖДҚ бір қарапайым акцияға тең) 327 857 875 304,96 теңгені (үш жүз жиырма жеті миллиард сегіз жүз елу жеті миллион сегіз жүз жетпіс бес мың үш жүз төрт теңге 96 тиын) немесе 1 264,12 (бір мың екі жүз алпыс төрт теңге 12 тиын) құрады.

АЖЖЖ шешімімен Компанияның дивидендтік саясатына шоғырландырылған бос ақша ағындарын есептеу тәсілін қайта қарау бөлігіндегі өзгерістер де мақұлданды. Өзгерістер негізінен қатысудың бақыланбайтын үлесіне келетін ақша ағындарын алып тастауға және инвестициялық қызметтен түсетін түсімдерді, атап айтқанда компанияның еншілес ұйымдары өздерінің қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындарынан алған активтер мен дивидендтерді сатудан түсетін түсімдерді есепке алуға қатысты. Өзгертілген есептеу формуласы 2025 жылдың қорытындысы бойынша және одан әрі бөлуге дивидендтер сомасын айқындау кезінде қолданылатын болады.

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

 

30 маусымда

 

 

аяқталған 6 айда

 

(егер  басқасы көрсетілмесе, миллиард теңгемен)

2025

2024

Өзгеріс

Топтың шоғырландырылған кірісі

660,2

701,1

(6%)

Операциялық пайда

253,7

226,7

12%

Таза пайда

263,2

571,7

(54%)

Меншік иелеріне жатқызылатын акцияға шаққандағы таза пайда (базалық және бытыраңқы) теңге/акция 1

779

1 857

58%

EBITDA  түзетілген көрсеткіші 2

363,1

377,0

(4%)

EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне пропорционалды)3

302,4

273,9

10%

Операциялық ақша ағыны 4

532,9

322,3

65%

1 Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын,  Қаржылық жағдай және қызмет нәтижелерінің талдамасының ШЫҒАРЫЛҒАН АКЦИЯЛАР 9.0-бөліміндегі шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінген, ең жақын бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген кезеңдегі пайда ретінде есептеледі.
2 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеу: салыққа дейінгі пайда-қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық бойынша таза (пайда)/шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір және жалқы оқиғалар.
3 «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «Turanium» ЖШС және «Буденовское» БК» ЖШС түзетілген EBITDA көрсеткішіндегі бақыланбайтын үлесті және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегеріп, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесті және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесін шегергендегі EBITDA түзетілген өлшемі ретінде есептеледі.
4 Табыс салығы мен төленген сыйақыларды қамтиды.

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау және шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін және шоғырландырылған қаржылық есептілікті (аудиттелмеген, аудиторлардың шолуы бар) талдауда Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қызметінің нәтижелері туралы егжей-тегжейлі түсіндірмелер берілген. Осы баспасөз релизін Компанияның  www.kazatomprom.kz. корпоративтік интернет-ресурсында бар жоғарыда көрсетілген құжаттармен бірге оқу керек.

Кіріс, таза пайда, EBITDA көрсеткіштері

Топтың шоғырландырылған кірісі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 660 167 млн. теңгені құрады, негізінен, өткізу көлемін төмендету есебінен 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға азайды (2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 701 120 млн. теңге).

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша операциялық пайда 253 665 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12%-ға ұлғайды (226 723 млн. теңге), негізінен үшінші тараптардың атына сатудың жалпы көлемінде бірлескен кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан сатып алынған уран үлесінің азаюынан  өткізу құнының төмендеуіне байланысты болды.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өзге де табыс 2024 жылдың ұқсас кезеңіндегі 336 423 млн. теңгемен салыстырғанда 4 525 млн. теңгені құрады, оның басым бөлігі – 295 719 млн. теңге мөлшеріндегі табыс - 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Буденовское» БК» ЖШС бақылауға ие болудың біржолғы әсері.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында таза пайда 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% - ға төмендеді және 263 233 млн. теңгені құрады (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында-571 746 млн. теңге), ал біржолғы әсерге түзетілген таза пайда тек 5% - ға 263 233 млн. теңгеге дейін төмендеді (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында - 276 027 млн. теңге). 2024 жылдың неғұрлым жоғары көрсеткіштері негізінен 2024 жылы «Буденовское» БК» ЖШС консолидациясынан біржолғы табыс алумен байланысты болды. Бұдан басқа, есепті кезеңдегі түзетілген таза пайдаға 12 741 млн. теңге мөлшеріндегі бағамдық айырмадан таза шығын (2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 7 341 млн. теңге мөлшеріндегі бағамдық айырмадан түскен табыспен салыстырғанда) теріс әсер етті.

EBITDA түзетілген көрсеткіші 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға азайып (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында-377 013 млн. теңге) 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 363 111 млн. теңгені құрады. Елеусіз төмендеу жоғарыда көрсетілген себептер бойынша қауымдастырылған және бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлестің азаюына байланысты болды.

EBITDA көрсеткіші 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 302 408 млн. теңгені құрады, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% - ға ұлғайды (273 902 млн. теңге), бұл көбінесе бұрын айтылғандай бақыланбайтын қатысу үлесі бар өндіруші кәсіпорындардың EBITDA құлдырауына байланысты.

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Өткізу құны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 373 666 млн. теңгені құрады, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16% - ға азайды (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 443 363 млн. теңге), бұл негізінен бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алынған және үшінші тараптарға сатылған уранды өткізу көлемінің азаюына байланысты болды.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында шикізат пен материалдардың құны 220 522 млн. теңгені құрады, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26%-ға төмендеді (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 296 869 млн. теңге), бұл негізінен бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардан сатып алынған уранды сату көлемінің төмендеуіне байланысты. Мұндай уранды сату кезінде сату құны негізінен тиісті қолданылатын дисконттармен басым спот бағасы бойынша сатып алынған материалдың құнымен ұсынылады.

Сату бойынша шығыстар

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында сату бойынша шығыстар 12 012 млн. теңгені құрады (2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 10 760 млн. теңгемен салыстырғанда). 12% - ға ұлғаю негізінен уран өнімдерін жеткізу пункттерінің өзгеруіне, тасымалдау тарифтерінің өсуіне, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңге бағамының әлсіреуіне байланысты болды, өйткені жеткізу, тасымалдау және сақтау шығындарының едәуір бөлігі шетел валютасында жүзеге асырылады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалдау шығындарының айтарлықтай өсуі де уран өнімдерін жеткізу пункттерінің өзгеруімен де байланысты.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

Жалпы және әкімшілік шығыстар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 20 824 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамалы өсуді көрсетті (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында - 20 274 млн. теңге).

Өтімділік

Топ өзінің өтімділігін өз міндеттемелерін уақытында өтеу үшін, қолайсыз шығындардан аулақ болуға және қаржылық міндеттемелерін орындауға жеткілікті қажетті қаражаттың тұрақты болуын қамтамасыз ететіндей етіп басқарады.

(миллион теңгемен)

2025 жылғы 30 маусымға

  2024 жылғы 31 желтоқсанға

  2024 жылғы 30 маусымға

 2025 жылдың 6 айындағы өзгеріс

Қаражат және оның баламалары

 583 885

 294 385

 152 100

98%

Шұғыл депозиттер

  28

  28

  17

0%

Барлық қаражат

 583 913

 294 413

 152 117

98%

Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома

 116 551

 101 346

 116 922

15%

2025 жылғы 30 маусымға қысқа мерзімді депозиттерді қоса алғанда, ақша қаражаттары мен олардың баламаларының жалпы сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 294 413 млн. теңгемен салыстырғанда 98%-ға ұлғайып 583 913 млн. теңгені құрады және 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша негізінен 2024 жылға дивиденттер төлегенге дейін ақша қаражатын жинақтау есебінен 152 117 млн. теңгемен салыстырғанда 3,5 еседен жоғары. Басқа түсініктемелер Қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелерінің талдамасындағы Қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдамасының 7.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы бөлімінде көрсетілген.   

Есепті күнге қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома 116 551 млн. теңгені (224 млн. АҚШ доллары) құрайды және мыналардан тұрады:

  • 108 791 млн. теңге сомадағы корпоративтік несиелік желілер (209 млн. АҚШ доллары) және
  • Еуразиялық Даму Банкінен ЕАДБ-дан 7 760 млн. теңге (15 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде алынған «Буденовское» БК» ЖШС қарызының іріктеуге қолжетімді бөлігі.     

Топқа қол жетімді корпоративтік несие желілері 12 ай ішінде өтелетін өтімділіктің қосымша көзі болып табылады және ең алдымен сауда дебиторлық берешегінің біркелкі емес түсіміне байланысты уақытша ақша тапшылығын жабу үшін қолданылады.

Борыштық левередж коэффициенттері

Келесі кестеде қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін компания басшылығы қолданатын негізгі коэффициенттер келтірілген. EBITDA түзетілген көрсеткіші бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні 1,0-ден төмен.

(миллион теңгемен)

  2025 жылғы 30 маусымға

2024 жылғы 31 желтоқсанға

2024 жылғы 30 маусымға

 2025 жылдың 6 айындағы өзгеріс

Барлық несиелер мен қарыздар (кепілдерді қоспағанда)

 192 025

149 953

131 665

28%

 Қаражаттың барлық балансы (7.1 бөлімді қараңыз)

 (583 913)

(294 413)

(152 117)

98%

Таза қарыз

 (391 888)

(144 460)

(20 452)

171%

 EBITDA* түзетілген көрсеткіші

 1 082 809

1 096 711

874 389

(1%)

 Таза қарыз / EBITDA түзетілген көрсеткіші (коэффициент)

 (0,36)

(0,13)

(0,02)

177%

* Таза қарыз/түзетілген EBITDA коэффициентін есептеу мақсатында 2025 және 2024 жылғы 6 айдағы түзетілген EBITDA көрсеткіші 12 ай (есепті кезеңнің бірінші жарты жылдығы және алдыңғы кезеңнің екінші жарты жылдығы) негізінде есептелді. Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық мақалаларды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеу: салыққа дейінгі пайда-қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық бойынша таза (пайда)/шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір және жалқы оқиғалар.

Уран сегментінің өндірістік көрсеткіштері

 

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

 

 

 

2025

2024

Өзгеріс

Өндіріс көлемі U 3 O 8 (100% негізде)

тонна

12 242

10 857

13%

миллион фунт

31,8

28,2

13%

Өндіріс көлемі U 3 O 8 (қатысу үлесіне пропорционалды) 1

тонна

6 431

5 777

11%

миллион фунт

16,7

15,1

11%

Сату көлемі U 3 O 8 (шоғырландырылған)

тонна

7 625

7 779

(2%)

миллион фунт

19,8

20,2

(2%)

    Компанияның сату көлемін қоса алғанда 2

тонна

6 987

6 717

4%

миллион фунт

18,2

17,5

4%

Топтың дайын өнімінің қалдықтары (U 3 О 8)

тонна

6 677

6 132

9%

миллион фунт

17,4

15,9

9%

Компанияның дайын өнімінің қалдықтарын қосқ. (U 3 О 8)3

тонна

5 372

4 142

30%

миллион фунт

14,0

10,8

30%

Топтың сатуларының орташа бағасы

теңге / кг

77 928

77 261

1%

 АҚШ долл / фунт

 58,54

 66,19

(12%)

Компанияның орташа сату бағасы 4

 АҚШ долл / фунт

 57,27

 62,47

(8%)

Орташа апталық спот бағасы

 АҚШ долл / фунт

 69,11

 92,62

(25%)

Айдың соңындағы орташа спот бағасы 5

 АҚШ долл / фунт

 69,38

 91,10

(24%)

1 U3o8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды) 4.8 Еншілес кәсіпорындармен, БК, СО және қауымдастырылған кәсіпорындармен мәмілелер бөлімдегі Компанияның корпоративтік орталығының (КО) сатып алған уранының көлеміне тең емес. «Инкай» БК» ЖШС үшін жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) кәсіпорын қатысушылары арасында жасалған сату туралы келісімге сәйкес айқындалады, оған сәйкес «Инкай» БК» ЖШС екінші акционерінің үлесі 2024 жылдың нәтижелері бойынша қайта есептелді.
2 Компанияның КО сату көлемі (Топта ескеріледі): Компанияның КО және THK сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компанияның КО мен THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер есепке алынбайды. Бұл ретте, Топтың U 3 O 8  өндіріс көлемінің бір бөлігі «Үлбі-ТВС» ЖШС-де ОУП, отын таблеткаларын, сондай-ақ жылу бөлетін жинақтарды (ЖБЖ) өндіруге жұмсала алады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «Үлбі-ТВС» ЖШС атына сату жүзеге асырылған жоқ.
3 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескеріледі): Компанияның КО және THK қалдықтарының жалпы көлемін қамтиды.
4 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ және THK соңғы сыртқы сатылымдары үшін бір фунт уран концентратының орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ және THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер бойынша бағалар қосылмаған.
5 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр аптадағы спот бағасының орташа бағасын емес, айдың соңындағы уранның спот бағасының орташа бағасын білдіреді, өйткені келісімшарт бағасының шарттары әдетте айдың соңындағы бағамен байланысты.

Компанияның болжамдарына сәйкес 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылға арналған өндірістік жоспардың ұлғаюына байланысты өндіріс 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 100%-ға және қатысу үлесіне пропорционалды түрде жоғары болды.

Бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың басында «Инкай» БК» ЖШС қажетті рұқсат алып, 2025 жылдың қаңтарында қысқа мерзімге тоқтатылған Инкай кен орнының № 1 учаскесінде өндіру жұмыстарын қайта бастады. «Инкай» БК» ЖШС өндірісінің 2025 жылға арналған нысаналы көрсеткішінің төмендеуі Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылға арналған өндірістік жоспарларына айтарлықтай әсер етпейді деп күтілуде. Бұл ретте, Компания нақты көрсеткіштер ағымдағы болжамды диапазонның төменгі шекарасы шегінде болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен, Компания қазіргі клиенттер алдындағы келісімшарттық міндеттемелерді сақтайды және 2025 жылы уранның уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуге арналған қорының деңгейі жеткілікті.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында топтың сату көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аздап төмен болды. Сонымен қатар, Компанияның есепті кезеңдегі сату көлемі 2024 жылдың ұқсас көрсеткішінен асып түсті. Бұл динамика клиенттердің жеткізілімге деген  сұраныстарының түсу мерзіміне байланысты. Әр кезеңнің сату көлемі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, ал тоқсандық немесе жартыжылдық сату көлемі клиенттердің сұраныстарына және физикалық жеткізу мерзімдеріне байланысты жылдан жылға өзгеріп отырады.

U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) Топ бойынша 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 6 677 тоннаны (17,4 миллион фунт) құрады, бұл 2024 жылғы 30 маусымнан 9% - ға жоғары (6 132 тонна / 15,9 миллион фунт). Компанияның корпоративтік орталығы мен ТҰК деңгейінде U3O8 дайын өнім қоры 5 372 тоннаны (14,0 миллион фунт) құрады, бұл 2024 жылдың 30 маусымдағыдан  (4 142 тонна / 10,8 миллион фунт) 30%-ға жоғары. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қорлардың (қалдықтардың) ұлғаюы негізінен өткен кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемінің жоспарлы ұлғаюымен байланысты.

Есепті кезеңде спот бағасының 24%-ға төмендеуі Топ деңгейінде де, ҚАӨ деңгейінде де сатудың орташа бағасына шектеулі әсер етті. Нәтижесінде бұл көрсеткіштер 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 12% және 8%-ға төмендеді. Компанияның қазіргі сату портфелі уранның спот бағасымен байланысты ұзақ мерзімді келісімшарттарды қамтиды. 2025 жылы кейбір жеткізілімдер белгіленген баға белгілеу элементтерін, оның ішінде басқа баға шарттарында қалыптасқан жоғарғы шекті бағаларды қамтитын ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылды.

Уран нарығында тоқсан сайынғы нәтижелер мен тоқсан сайынғы қызмет динамикасы жыл бойынша болжамдарға қатысты көрсеткіштер болып табылмайды; жыл бойынша болжамдарды көру үшін Қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдамасының 10.1 Уранды сату бағасына сезімталдықты талдау бөлімінде жарияланған баға сезімталдығы кестесін қараңыз.

Уран өнімінің ақшалай құны және күрделі шығындары

 

 

30 маусымда

 

аяқталған 6 айға

(басқасы көрсетілмесе, миллион теңгемен)

 

2025

2024

Өзгерту

C1 Ақшалай шығындар (қатысу үлесіне пропорционалды)

АҚШ долл./
фунт

 17,86

 16,80

6%

Күрделі шығындар (қатысу үлесіне пропорционалды)

АҚШ долл./
фунт

 12,95

 11,26

15%

AISC Ақшалай шығындар + күрделі шығындар
(қатысу үлесіне пропорционалды)

АҚШ долл./
фунт

 30,81

 28,10

10%

Кен өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (100% негізінде)1

 160 546

 125 906

28%

1 Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды. Қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдамасының 6.0 күрделі шығыстарға шолу бөлімінде қорытынды нәтижелерге тарату қорлары мен тарату шығындары енгізілетініне назар аударыңыз.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ақшалай өзіндік құн (С1) қатысу үлесіне пропорционалды түрде 6%-ға өсті, ал «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (AISC)» көрсеткіші (АҚШ долларындағы баламасы) қатысу үлесіне пропорционалды түрде 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті. С1 көрсеткішінің өсуі негізінен ПҚӨС мөлшерлемесінің өсуіне, сондай-ақ күкірт қышқылының құнының өсуіне байланысты болды (Қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдамасының 4.5 Күкірт қышқылының құны мен қолжетімділігі бөлімін қараңыз).

Жалпы, AISC көрсеткішінің жоғарылауы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 100% негізде 160 546 млн. теңгені (2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 125 906 млн. теңге) құрайтын өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарының (қатысу үлесіне пропорционалды) ұлғаюымен байланысты. Күрделі шығындардың 28%-ға көбеюі кен орындарын игеру бойынша жұмыстардың ұлғаюымен, инфрақұрылымды салуға жұмсалатын шығындардың ұлғаюымен, сондай-ақ шикізатқа, материалдарға, жабдыққа сатып алу бағасының өсуімен және бұрғылау қызметтері құнының өсуімен байланысты (Қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдамасының 6.0 Күрделі шығыстарға шолу  бөлімін қараңыз).

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткіштері

Төмендегі кестеде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2025 және 2024 жылдардың бірінші жартыжылдығының нәтижелері көрсетілген:

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

 

Көрсеткіш

2025

2024

Ауытқу

Өнеркәсіптік апаттар 1

LTIFR (1 миллион адам-сағатқа) 2

0,06

0,12

(50%)

Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және near-miss туралы есеп беру

16,263

16 931

(4%)

Жазатайым оқиғалар саны 3

1

2

(50%)

Өлім жағдайлары

1

1 Бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың бұзылуы ретінде анықталады.
2 Миллион сағатқа Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) 
3 Нәтижесінде өндірістік жарақат, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы, оны еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуға не өлімге әкеп соқтырған жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі ретінде айқындалады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бақыланбайтын жарылыстарды, қауіпті заттардың шығарындыларын, ғимараттардың бұзылуын қоса алғанда, ірі өнеркәсіптік апаттардың алдын алуға мүмкіндік беретін өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы белсенді іс-шаралар жалғасты.

Топ әлі де жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздікті жақсартуға көп көңіл бөледі. Алайда, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданған іс-шаралар кешеніне қарамастан, «Волковгеология» АҚ жүргізушісі қаза тапқан жол-көлік оқиғасы салдарынан бір (1) адамның өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болды. ҚР заңнамасына сәйкес Түркістан облысының еңбек жөніндегі инспекторының төрағалығымен арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.

Арнайы тергеу аяқталғаннан кейін мұқият түрде ішкі тергеу жүргізіледі, негізгі себептер анықталады, түзету/алдын алу шаралары әзірленеді және болашақта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін рәсімдер қайта қаралады. Тергеу нәтижелері топтың барлық кәсіпорындарының назарына жеткізіледі, осылайша олар болған оқиғадан сабақ алып, өз процестерін сәйкесінше реттей алады. Компания өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде қызметкерлердің тартылу деңгейін және хабардарлығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Қазатомөнеркәсіптің 2025 жылға арналған жаңартылған болжамды көрсеткіштері

 

 

2025 жылға арналған жаңартылған болжам

2025 жылға арналған алдыңғы болжам

 

520 KZT/1 USD

520 KZT/1 USD

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндірісінің көлемі 
(100% негізде)1, 2

тонна уран

25 000 – 26 500

25 000 – 26 500

миллиондаған фунт U3О8

64,99 – 68,89

64,99 – 68,89

Өндіру кәсіпорындарының  U3O8 өндіру көлемі
(қатысу үлесіне пропорционал)2,3

тонна уран

13 000 – 14 000

13 000 – 14 000

миллиондаған фунт U3О8

33,79 – 36,40

33,79 – 36,40

4
-Топтың  сату көлемі (шоғырландырылған)

тонна уран

17 500 – 18 500

17 500 – 18 500

миллиондаған фунт U3О8

45,50 – 48,10

45,50 – 48,10

    оның ішінде Компанияның сату көлемі
(Топтың сату көлеміне енгізілген)5

тонна уран

13 500 – 14 500

14 000 – 15 000

миллиондаған фунт U3О8

35,10 – 37,70

36,40 – 39,00

Топтың жалпы кірісі (қаржылық есептілікке сәйкес)6

млрд. теңге

1 600 – 1 700

1 600 – 1 700

    оның ішінде U3О8 сатудан түскен кіріс (Топ бойынша)6

млрд. теңге 

1 400 – 1 500

1 400 – 1 500

C1 Ақшалай құны (қатысу үлесі бойынша)*

АҚШ долл./фунт

16,50 – 18,00

16,50 – 18,00

AISC ақшалай өзіндік құны +
өндіруші кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша)*

АҚШ долл./фунт

29,00 – 30,50

29,00 – 30,50

Күрделі шығындар (100% негізде)7

млрд. теңге

385 – 415

385 – 415

 
1 Өндіріс көлемі (100% негізде): компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындардың жиынтық өндіріс көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетілуі тиіс.
2 Ресей-Украина қақтығысына байланысты  санкциялық, бірақ онымен шектелмейтін қысымды  қоса алғанда және кейбір негізгі материалдарды алудың шектеулі болуына байланысты ұзақтығы мен толық ықпалы белгісіз болып отыр. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі ішкі күтілетін нәтижелерден өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды): Компанияның меншік үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) сату  туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК» ЖШС қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша әріптестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетілуі тиіс. «Буденовское» БК бойынша 2024-2026 жылдар аралығындағы өндіріс көлемі оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық жағдайларда Ресейдің азаматтық атом энергетикасы өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету үшін толық сақталған.
4 Топтың сату көлемі, тонна: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылатын еншілес кәсіпорындарының U3O8 сатуларын қамтиды (осы есептің бірінші бетіндегі топтың анықтамасына сәйкес). Топтың  U3O8 сату көлемі уранның басқа түрлерін (отын таблеткаларын және байытылған уран өнімін сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) сатуды  қамтымайды.
5 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның мен THK сыртқы сатылымы кіреді. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер қамтылмаған.
6 Күтілетін кіріс белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уран бағасына және теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарына негізделген. Пайдаланылған бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2025 жылғы түсім нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығына айтарлықтай дәрежеде әсер етуі мүмкін.
7 Күрделі шығындар (100% негізде): инвестициялық жобаларға қомақты күрделі шығындарды қоса алғанда, тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды. Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды. 2025 жылға «Буденовское» БК» ЖШС, «Катко» БК» ЖШС (Оңтүстік Төртқұдық) және «Орталық» ӨК» ЖШС (Жалпақ) бойынша кеніштердің инфрақұрылымын дамытуға шамамен 153 млрд теңге көлемінде шығындар енгізілді.
* U3О8 уранның кг фунтқа шағып есептеу  коэффициенті 2,5998 екеніне  назар аударыңыз.
** Кейбір БК бойынша серіктес өзінің өндіріс үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайда, Компанияның осындай қосымша көлемді (Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды өндіріс көлемінен тыс) сатып алуға құқығы бар.

2025 жылдың екінші тоқсанындағы қызметтің операциялық нәтижелерінде бұрын хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіп болжамды диапазоны 500 тоннаға төмендеген «Компанияның сату көлемі» көрсеткішінен басқа, 2025 жылға жасалған барлық болжамдық көрсеткіштерді сақтап қалды. Бұл түзету келісімшарт бойынша 2025 жылға жеткізу кестесінің өзгеруіне, атап айтқанда, клиенттің сұранысына сәйкес жеткізуді келесі жылға ауыстыруға байланысты.

Түсім бойынша, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC» көрсеткіштері бойынша күтулер компанияның жоғарыда келтірілген күтулерінен теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы және уранның спот бағасы компанияның болжамдарынан айтарлықтай өзгеше болады.

Компания тек операциялық факторларға және оның бақылауындағы ішкі өзгерістерге қатысты болжамды көрсеткіштерді жаңартуға ниетті. Сыртқы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын негізгі болжамдар, мысалы, айырбас бағамдары мен уран бағалары, Компанияның жылдық бюджетін қалыптастыру кезінде өткен жылы үшінші тарап көздерінің деректері негізінде белгіленеді. Мұндай болжамдар тек ерекше жағдайларда ғана аралық негізде жаңартылатын болады.

Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама – 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық нәтижелер (2025 жылғы 22 тамыз)

Қазатомөнеркәсіп 2025 жылдың 22 тамызында жарияланғаннан кейін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлап отыр. Басталуы Астана қ. уақыты бойынша 17:00 / BST уақыты бойынша 13:00 / EDT уақыты бойынша 08:00. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде сұрақ-жауап сессиясы өтеді.

Ағылшын тілінде тікелей эфирге (вебкаст) қоңырау шалу нөмірлерін тіркеу және егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз: https://sparklive.lseg.com/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/17cf86b5-f50b-4456-917f-8452ef2714db/2025-half-year-operating-and-financial-review-conference-call

Орыс тілінде тікелей трансляцияға (вебкаст) тиісті қоңырау шалу нөмірлерінің мәліметтерін тіркеу және алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

https://sparklive.lseg.com/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/22de6fed-41f8-434d-989b-40d64f104146/2025

Конференц-қоңыраудың жазып алынған көрсетілімін ол аяқталған соң көп ұзамай    www.kazatomprom.kz ресми интернет ресурсындағы сілтеме арқылы көруге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Данияр Оралов, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін www.kazatomprom.kz мекенжайы бойынша алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2024 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 21%  мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен бақылау құралдарына ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп - Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері - Атом генераторларының операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Азия, Еуропа және Солтүстік Америка. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom AG (THK) арқылы сатады.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер - болашаққа қатысты мәлімдемелер. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар  мәлімдемелер қолданылуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ, ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА  ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамдарындағы өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру