| (AIX)    USD 83   %0      KZT 39990   %0     

Қазақстан Республикасында уран барлау жобаларына қатысты Laramide Resources Ltd. туралы бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ресми түсіндірмесі

22 қаңтар
Қазақстан Республикасында уран барлау жобаларына қатысты Laramide Resources Ltd. туралы бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ресми түсіндірмесі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Laramide Resources Ltd және Aral Resources Ltd компанияларымен бірлескен кәсіпорындары, шарттық қатынастары немесе ортақ жобалары жоқ екенін және бұрын да болмағанын ресми түрде мәлімдейді.

Жарияланымда аталған жобалар мен шешімдер үшінші тараптардың бастамалары болып табылады және Қазатомөнеркәсіптің қызметіне қатысы жоқ. Қазатомөнеркәсіп материалда көрсетілген уран барлау жобаларының қатысушысы болып табылмайды және серіктестік немесе шарттық қатынастары жоқ компаниялардың коммерциялық шешімдері мен мәлімдемелеріне түсініктеме бермейді.

Еліміздегі уранның минералдық-шикізаттық базасын дамыту, сондай-ақ болжанған геологиялық-барлау жұмыстарының ауқымы туралы ақпаратқа қатысты төмендегіні хабарлаймыз.

Жарияланымда сөз болып отырған, Laramide Resources Ltd компаниясы опциондық келісім жасасқан «Aral Resources Ltd» компаниясының жалпы ауданы 5,5 мың км² аумақты қамтитын барлау лицензиялары (https://laramide.com/laramide-resources-to-pursue-large-greenfield-exploration-opportunity-in-kazakhstan-acquires-option-on-6000-km%c2%b2-land-position-in-prolific-chu-sarysu-basin/) қатты пайдалы қазбаларға (ҚПҚ) берілген және ықтимал уран ресурстарына айрықша құқықтарды көздемеген.

Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасында уран өндіруге басым құқыққа бұрыннан бері ие. Яғни, үшінші тарап уранды барлауды бастаған кезде, кейін оны өндіру жұмыстарына қатысты шектеулердің бар екендігін білген.

Қазақстандағы уран кен орындарында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу технологиялық сараптаманы және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауды талап ететін әрі бірнеше кезеңді қатитын күрделі процесс. Жекелеген компанияның мәлімделген жоспарларын іске асыра алмауы нарықтың басқа қатысушыларының, соның ішінде Қазатомөнеркәсіптің қызметіне қатысты жалпылама қорытындылар немесе бағалар жасауға негіз бола алмайды.

Компания уран қорларының орнықты өсімін және барланатын аумақтардың ұлғаюын қамтамасыз ету арқылы уранның ресурстық базасын толықтыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Қазатомөнеркәсіп ұлттық оператор ретінде «value over volume» стратегиясына сәйкес еліміздің уран қорларын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Соңғы үш жылда Қазатомөнеркәсіп жаңа геологиялық-барлау жобаларының портфелін едәуір кеңейтті, олардың нәтижелері бойынша алдағы ондаған жылдарға жеткілікті көлемде қосымша уран ресурстары мен қорларын анықтау күтілуде. Осы перспективалы учаскелерге жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі.

Компания геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті қаржылық ресурстарға, білікті кадрларға, технологиялық құзыреттер мен өндірістік инфрақұрылымға ие. Игеру қарқыны мен көлемі жөніндегі шешімдер саланың ұзақ мерзімді мүдделері мен минералдық-шикізаттық базаны ұтымды пайдалану қағидаттарын ескере отырып қабылданады.

Осыған байланысты Қазатомөнеркәсіп ақпарат кеңістігінде айтылған жекелеген мәлімдемелерді негізсіз және шындыққа сәйкес келмейді деп санайды.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзал бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қол жетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2024 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 21% мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің корпоративтік орталығынан сатады. Астана, Қазақстан, сондай-ақ Швейцариядағы Trade House KazakAtom (ТҰК) еншілес сауда компаниясы арқылы.

Неғұрлым толық  ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз.

 

Пікір қалдыру