| (AIX)    USD 39   %0      KZT 20750   %0     

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер және 2019 жылғы жылдық есепті бекіту туралы ұсыныстар

17 сәуiр 2020
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама, дивидендтер және 2019 жылғы жылдық есепті бекіту туралы ұсыныстар

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп»  немесе «Компания»), нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Е10 к-сі, 17/12 үй,  осы арқылы Компания акционерлерін «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң) 35-бабының 1-тармағына, 37-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына және 41-бабына сәйкес Компанияның Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған (2020 жылғы 17 сәуірдегі отырыстың № 4/20 хаттамасы) Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – «Жиналыс») өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Жиналыс 2020 жылғы 18 мамырда (GMT+6) жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта, мына мекенжайда өтеді: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Е10 к-сі, 17/12 үй, 3-қабат.

Акционерлерді тіркеу (GMT+6) жергілікті уақыт бойынша Жиналыс өткізілетін жерде 2020 жылғы 18 мамырда 09 сағат 00 минуттан  бастап, 10 сағат 20 минутқа дейін жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға құқықтары бар акционерлердің тізілімі жергілікті уақыт бойынша 2020 жылғы 23 сәуірде 00 сағат 00 минутта (GMT+6) дайындалады.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің қайталанған жылдық жалпы жиналысы жергілікті уақыт бойынша 2020 жылғы 19 мамырда 10 сағат 30 минутта (GMT+6) бастапқы Жиналыс өтпей қалған жерде, сол күн тәртібімен өткізіледі. Акционерлерді тіркеу басталатын уақыт – жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 00 минут (GMT+6). Акционерлерді тіркеу аяқталатын уақыт – жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 20 минут (GMT+6).

Өткізілетін Жиналыс туралы хабарлама «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Компанияның Жарғысына сәйкес Компанияның сайтында және БАҚ қолжетімді болады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі

  1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының Төрағасын және Хатшысын сайлау туралы.
  2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру формасын анықтау туралы.
  3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
  4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы жылдық қаржылық (жеке және шоғырландырылған) есептілігін бекіту туралы.
  5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы таза табысын бөлу тәртібін, жай акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдауды бекіту және 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  6. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері туралы ақпарат және оларды қараудың нәтижелері.
  7. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.
  8. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
  9. Жаңа редакциядағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту туралы.
  10. Жаңа редакциядағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 43-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібіне өз бетінше немесе бірлесіп Компанияның дауыс беруші акцияларының бес және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер немесе Директорлар кеңесі ұсынған толықтырулар осындай толықтырулар туралы Компания акционерлеріне Жиналыс өтетін күннен 15 күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей хабарланған болуы шартымен енгізіле алады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдар акционердің сұрауы бойынша танысу үшін Компанияның нақты орналасқан жері бойынша Жиналыс өтетін күннен 10 күнтізбелік күн бұрын мерзімнен кешіктірілмей дайын болуы тиіс.

Акционердің сұратуы бойынша Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығындарын акционер көтереді. Компания акционерлерінен сауалдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Компанияның нақты орналасқан жері бойынша қабылданады.

Қоғам акционерлерінің және олардың отбасыларының денсаулығын қорғау мақсатында, COVID-19 пандемиясының қазіргі жағдайын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары енгізген шектеу шараларын ескере келе, Citibank N.A қызметін депозитарий ретінде пайдалана отырып, Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында дауыс беру құқығын іске асыруды немесе «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының 41-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орталық депозитарийге жүгінуді ұсынамыз.

Жиналыс туралы толығырақ ақпарат алу үшін +7 7172 45 81 63 телефонына хабарласуды сұраймыз.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Осымен акционерлерге Жиналысты өткізудің келесі тәртібімен танысуды ұсынамыз.

  • Жиналысқа қатысатын акционерлер немесе олардың өкілдері (бірлесіп «акционерлер») Жиналыс басталғанға дейін тіркеуден өтулері тиіс болады. Акционерлер жеке бастарын куәландыратын құжатты көрсетулері тиіс. Акционерлердің өкілдері олардың Жиналысқа қатысу және дауыс беру өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүдделерін сенімхатсыз білдіруді растайтын құжатұсынулары қажет.
  • Citibank N.A. арқылы «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ-на Citibank N.A. арқылы Депозитарий ретінде осындай бенефициарлық иелік етушілерге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен талап етілетін сәйкестендіру және өзге ақпаратты ұсынған жағдайда, Компанияның акцияларын білдіретін Жаһандық депозитарлық қолхаттардың (бұдан әрі – «ЖДҚ») ұстаушылары Жиналыста дауыс беру және бенефициарлық иелік етушілер атынан Citibank N.A. арқылы Депозитарий ретінде өткізілетін депозиттелген акцияларға қатысты дауыс беру құқығына ие.
  • Тіркеуден өтпеген акционер кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
  • Жиналыс кворум бар болған жағдайда, мәлімделген уақытта ашылады.
  • Жиналыста Жиналыстың Төрағасы мен Хатшысын сайлау өткізіледі және дауыс беру формасы – ашық немесе жабық (бюллетеньдер бойынша) – анықталатын болады.
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезіндегі кумулятивті дауыс беруді және Жиналысты өткізудің процедуралық сұрақтары бойынша Жиналыста дауыс беру құқығына ие әрбір тұлғаға бір-бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
  • Төрағаның күн тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысу құқығы бар тұлғалардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөз сөйлеулер Жиналыс регламентін бұзуға әкелетін немесе бұл сұрақ бойынша жарыссөздер тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге құқығы жоқ.
  • Жиналыс тек күн тәртібінің барлық сұрақтары қаралғаннан кейін және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жарияланатын болады.
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес, Жиналыстың хаттамасы Жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде дайындалады.

Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы дивидендтері бойынша ұсыныстар

2019 жылғы қаржылық көрсеткіштердің негізінде Директорлар кеңесі дивиденд мөлшерін бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 2019 жылғы пайдадан төленетін 381,72 теңге сомасында ұсынды. Сонымен, жалпы дивидендтер сомасы шамамен 99 млрд теңгені құрайды. Дивидендтер төлеу туралы шешім 2020 жылғы 18 мамырдағы Жиналыста акционерлердің мақұлдауына жатады. Мақұлданған жағдайда, 2019 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің тізіліміне жергілікті уақыт бойынша 2020 жылғы 27 мамырда 00 сағат 00 минуттағы (GMT+6) жағдай бойынша тіркелген акционерлерге 2020 жылғы 28 мамырдан басталады.

Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы біріктірілген жылдық есебі

Директорлер кеңесі Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Лондон қор биржасының, Astana International Exchange биржасының және Қазақстан қор биржасының листингтік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Есептілік бойынша жаһандық бастаманы (GRI) тұрақты дамыту саласындағы есептілік стандарттарына және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес  дайындалған біріктірілген жылдық есебін (бұдан әрі – Есеп) бекітті. Қор биржасының листингтік қағидаларының талаптарына сәйкес Есептің мәтіндік нұсқасы  2020 жылғы 30 сәуірден кешіктірілмей қор биржасының реттеуші жаңалықтар сервисінде және Компанияның интернет-ресурсында жарияланатын болады. Есептің толық электрондық нұсқасы 2020 жылғы 30 мамырдан кешіктірілмей Компанияның интернет-ресурсында қолжетімді болады.

Толық ақпарат алу үшін хабарласу:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR және PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша 

Торғын Мукаева, IR және PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат алу үшін біздің жаңартылған сайтымызға кіріңіз http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру