«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған екінші тоқсан мен бірінші жартыжылдықтағы қызметтің мынадай операциялық нәтижелерін жариялайды.
Бұл нәтижелер уран саласындағы соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ 2026 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығындағы операциялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша алдын ала ақпаратты көрсетеді. Осы операциялық нәтижелердегі ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін.
Нарыққа шолу
АҚШ Энергетика министрлігі азаматтық атом энергетикасы саласындағы ұлттық жеткізу тізбегін нығайту шеңберінде дайындалу мерзімі ұзақ жиынтықтауыштарға тапсырыс беру үшін $17,5 млрд сомасына несиелік кепілдіктерді бекітті. Бұл қаржыландыру 2030 жылға қарай мемлекетте бес алаңда Westinghouse компаниясының он AP1000 реакторынан тұратын паркті бір мезгілде өрістету кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Бұл бастама ядролық-отын циклінің коммерциялық жеткізу тізбегін қолдауға бағытталған соңғы бірнеше онжылдықтағы ең ірі тікелей федералдық қаржыландыру болып табылады.
Шағын модульдік реакторлар (бұдан әрі – «ШМР») нарығында концепциялық сатыдан коммерциялық іске асыру және реттеушілік мақұлдау сатысына өту байқалуда:
- Америкалық TerraPower компаниясы Вайоминг штатында флагмандық Natrium ШМР құрылысына кірісті. Құны $4 млрд құрайтын жоба натрийлі жылу тасымалдағышы бар, қуаты 345 МВт жылдам реактор салуды көздейді. Бұл іс-шара АҚШ-тағы алғашқы өнеркәсіптік ауқымдағы озық коммерциялық (жеңіл су типтегі емес) реактор құрылысының басталуы болып табылады.
- Өзбекстанда Орталық Азиядағы алғашқы шағын атом электр станциясының іргетасына «алғашқы бетон» құю рәсімі өтті. Жоба «Росатом» МК әзірлеген екі интегралды су-сулы РИТМ-200Н реакторын (әрқайсысы 55 МВт), сондай-ақ ВВЭР-1000 реакторлары базасында үлкен қуатты екі энергоблок салуды көздейді. ШМР бар алғашқы энергоблокты іске қосу 2029 жылға жоспарланған.
- Америкалық Kairos Power компаниясы Теннесси штатында Hermes 2 демонстрациялық қондырғысының құрылысы басталғанын жариялады. Қуаты 50 МВт тұзды жылу тасымалдағышы бар жоғары температуралы реактор Kairos Power компаниясының Google және Tennessee Valley Authority энергетикалық компаниясымен деректерді сақтау және өңдеу орталықтары үшін электр энергиясын өндіруге 500 МВт жаңа ядролық қуаттарды орналастыру туралы келісімі шеңберіндегі алғашқы нысан болып табылады.
- Америкалық X-Energy Inc. компаниясы Nasdaq Global Select Market алаңында $1,02 млрд көлемінде акцияларды бастапқы жария орналастыруды (IPO) аяқтады. Бұл мәміле қуаты 80 МВт Хе-100 жоғары температуралы газбен салқындатылатын реакторлар сериясын орналастыру үшін, озық ядролық технологиялар саласындағы жария өтімділікті қамтамасыз ететін бүгінгі күнге дейінгі ең ірі IPO болды.
Ұлыбритания үкіметі ресейлік уранды тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға және жеткізуге жаппай тыйым салды. Сауда шектеулері ресми түрде 2026 жылғы 20 мамырда күшіне енді. Ядролық отынның жаһандық жеткізу тізбегіндегі қысқа мерзімді тәуекелдерді барынша азайту мақсатында, бұл тыйым келесі талаптарға сай келетін уран үшін ерекше жағдайларды (айрықша рұқсаттарды) қарастырады: i) үшінші мемлекетте орналасқан ядролық қондырғының үздіксіз және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қажет болса, және ii) ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін Ресейден заңды түрде сатып алынып, шығарылған және үшінші мемлекетте сақтауда тұрған болса.
Аустралия мен Үндістан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кепілдіктерімен аустралиялық уранды Үндістанға экспорттауға рұқсат беретін келісімге қол қойды. Аустралия әлемдік дәлелденген уран қорларының 27%-ына ие, осы елден жеткізілетін өнім Үндістанның атом инфрақұрылымын кеңейтудің ауқымды бағдарламасын қолдауға бағытталған. Осы бағдарламаның мақсаты — атом электр станцияларының (бұдан әрі — «АЭС») белгіленген қуатын қазіргі 8 ГВт-тан 2047 жылға қарай 100 ГВт-қа дейін арттыру. Осы келісіммен бір уақытта Үндістанның ең ірі мемлекеттік энергетикалық компаниясы — NTPC Limited үшінші елдердің аумағындағы уран жобаларына инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыру және бағалауды жүзеге асыратын тәуелсіз кеңесшілерді жұмысқа тарту бойынша тендер жариялады.
Қазақстан мен Ресей Қазақстандағы алғашқы ірі АЭС құрылысы үшін негізгі техникалық принциптер мен экспорттық кредиттеу шарттарын айқындайтын бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің бағалауы бойынша, ВВЭР-1200 реакторлары бар екі энергоблок құрылысының алдын ала құны шамамен $14,4 млрд құрайды, қауіпсіздік жүйелері мен әлеуметтік инфрақұрылымды құруға тағы шамамен $2 млрд қажет.
Швеция Парламенті уранның мәртебесін басқа металдар мен минералдарға теңестіру мақсатында оны өндіру мен қайта өңдеуге рұқсат алу процесін оңтайландыруға бағытталған ұлттық заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Салалық сарапшылардың бағалауы бойынша, Швецияда Еуропадағы дәлелденген уран қорларының шамамен 27%-ы шоғырланған.
Келесі оқиғалар есепті кезеңдегі сұраныстың негізгі өзгерістерін көрсетті:
- China General Nuclear компаниясының Taipingling АЭС-інің №2 энергоблогі желіге қосылды. Бұл блок Қытайдың Гуандун провинциясында орналасқан осы алаңда салынуы жоспарланған алты Hualong-1 (HPR-1000) реакторының екіншісі болып табылады.
- Үндістанның атом энергиясы жөніндегі корпорациясы пайдаланатын Tarapur АЭС-інің № 1 және № 2 энергоблоктары Үндістанның атом энергиясын реттеу кеңесінің мақұлдауын алғаннан кейін қайта іске қосылып, желіге қосылды.
- Аргентинаның ядролық қауіпсіздік жөніндегі реттеуші органы қуаты 693 МВт болатын қысымдағы ауыр сулы энергетикалық жалғыз реакторы бар Atucha II АЭС-на берілген лицензия мерзімін 2036 жылға дейін ұзартты.
- АҚШ-тың Ядролық реттеу комиссиясы Florida Power and Light компаниясының St. Lucie АЭС-інің № 1 және № 2 энергоблоктарын пайдалануға берілген лицензиялардың мерзімін тиісінше 2056 және 2063 жылдарға дейін қайта ұзартты.
- АҚШ-тың Ядролық реттеу комиссиясы Georgia Power компаниясының Edwin I. Hatch АЭС-інің № 1 және № 2 энергоблоктарын пайдалануға берілген лицензиялардың мерзімін тиісінше 2054 және 2058 жылдарға дейін қайта ұзартты.
Ұсыныс тарапынан:
- Orano Mining компаниясы Моңғолиядағы Zuuvch Ovoo кен орнында құрылыс жұмыстарына кірісті. Игеру кезеңі 4 жыл кезеңге, ал коммерциялық пайдалануға берілуі 2030 жылдардың басына жоспарланып отыр. Кен орнының номиналды өндірістік қуаты 30 жылдық жобалық пайдалану мерзімінде жылына 2 500 тонна уран (~6,50 млн фунт U3O8) деңгейінде күтілуде.
- «Навоиуран» МК Қызылқоқ кен орнында уранды жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен коммерциялық өндіруді бастады. Жоба 15 жылдық пайдалану мерзіміне және өндірістік қуаты жылына 1 200 тонна уран деңгейінде (~3,12 млн фунт U3O8) көзделген. Қызылқоқ — қоры көлемі жағынан Суграли (20 800 тонна уран немесе ~54,08 млн фунт U3O8) және Үшқұдық (14 800 тонна уран немесе ~38,48 млн фунт U3O8) кен орындарынан кейінгі «Навоиуранның» үшінші ірі кен орны болып табылады. Оның қоры 9 400 тонна уранды (шамамен ~24,44 млн фунт U3O8) құрайды.
- Denison Mines компаниясы Канаданың Саскачеван провинциясындағы Атабаска уран бассейнінде орналасқан Phoenix флагмандық ЖҰШ-кенішінде алаңды дайындау мен инфрақұрылымдық жұмыстарды бастады. Жоба 10 жылдық пайдалану мерзімі ішінде 56,7 млн фунт U3O8 (~21 800 тонна уран) өндіруге есептелген, ал коммерциялық өндірістің басталуы 2028 жылдың ортасына жоспарланған.
- Uranium Energy Corp. компаниясы Техас штатындағы Burke Hollow жобасында ЖҰШ әдісімен уранды коммерциялық өндіруді бастады. Осы жобада өндірістің іске қосылуы, сондай-ақ Вайомингтегі жұмыс істеп тұрған Christensen Ranch кенішіндегі қуаттарды жоспарлы кеңейту компанияның 2026 жылдың екінші жартыжылдығында уран концентратын өндіру көлемінің өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.
- Cameco корпорациясы McClean Lake қайта өңдеу зауытында күкірт қышқылының қолжетімділігіне қатысты іркілілеске байланысты Cigar Lake кенішінде уран өндіруді уақытша тоқтатты. Зауыт операторы болып табылатын Orano компаниясы 12 күндік тоқтаудан кейін қышқыл өндіру цехының жұмысын қайта жандандырды, бұл Cameco-ға өндірісті қайта бастауға мүмкіндік берді. Екі компания да бұл уақытша тоқтату Cigar Lake кенішінің 2026 жылға арналған өндірістік жоспарына әсер етпегенін растады, ол 17,5 млн-нан 18,0 млн фунтқа дейінгі U3O8 (~6 730 – 6 920 тонна уран) бекітілген диапазонда қалады.
Нарықтық белсенділік және баға белгілеу

* айдың соңындағы UxC және TradeTech баға белгілемелерінің орташа мәні
Есепті тоқсанда апта сайынғы спот бағасы $84,55/фунт U3O8 деңгейінде ашылды және сәуірдің аяғында 86,45$/фунт U3O8 -ге жетіп, тұрақты өсу тенденциясын көрсетті. Дегенмен, Sprott Physical Uranium Trust (бұдан әрі – «SPUT») қоры тарапынан белсенділіктің төмендеуі спот бағаларының бұдан былайғы динамикасына әсер етті. Нәтижесінде, мамыр айында апталық спот бағасы шамамен $85,50/фунт U3O8 деңгейінде тұрақтап, маусым бойы шағын ауытқулармен осы диапазонда сақталды.
Үшінші тараптардың бағалауы бойынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында спот нарығындағы мәмілелер орташа апталық $85,98/фунт U3O8 спот бағасы деңгейінде көлемі 30,1 миллион фунт U3O8 (~11 580 тонн уран) құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көлем 25,4 млн фунт U3O8 (~9 770 тонн уран) құрады, ал орташа апталық спот бағасы 69,11$/фунт U3O8 болды. Осылайша, спот нарығындағы мәмілелер көлемі есептеуде 19%-ға артты. Үшінші тараптардың мәліметтеріне сәйкес, мәмілелер көлемінің өсуіне негізінен SPUT қорының белсенділігі және соның салдарынан нарыққа қатысушылар тарапынан қызығушылықтың артуы себеп болды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ұзақ мерзімді нарықтағы белсенділік те оң динамика көрсетті. Үшінші тараптардың бағалауы бойынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдықта ұзақ мерзімді келісімшарт 32,5 млн фунт U3O8 (~12 500 тонн уран) құрап, 2025 жылдың бірінші жартыжылдық көрсеткіштермен 27 млн фунтов U3O8 (~10 385 тонн уран) салыстырғанда арта түсті. Келісімшарттар жасасу көлемінің өсуі аясында орташа ұзақ мерзімді баға жылдық есептеуде $15,50/фунт U3O8 -ге артып, $95,50/фунт U3O8 -ге дейін өсті (үшінші тараптар тек ай сайынғы негізде жариялайды).
Компания оқиғалары
2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу
Компания акционерлерге 2025 жылғы дивидендтерді төлеуді 2026 жылдың 29 шілдесінде аяқтады.
Төлемдердің жалпы сомасы 2026 жылғы 26 мамырда өткен акционерлердің жалпы жылдық жиналысында (АЖЖЖ) шешіміне сәйкес 335 158 763 820,16 теңгені (үш жүз отыз бес миллиард бір жүз елу сегіз миллион жеті жүз алпыс үш мың сегіз жүз жиырма теңге 16 тиын) немесе бір жай акцияға (бір ГДР бір жай акцияға тең) 1 292,27 теңгені (бір мың екі жүз тоқсан екі теңге 27 тиын) құрады.
Әртүрлі юрисдикцияларда дивидендтерді бөлу бойынша неғұрлым толық ақпарат алу үшін акционерлер тікелей өз брокерлеріне жүгіне алады.
Дивидендтер төлеу бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі тіркелген күнгі жағдай бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – «БҚОД») жүйесінде көрсетілген акционерлердің және/немесе номиналды ұстаушылардың банктік шоттарына жүзеге асырылады.
Белгіленген тәртіппен дивидендтер алу мақсатында акционерлер өздерінің банктік деректемелерінің дұрыстығын куәландыру үшін қызмет көрсететін брокерлік ұйымға жүгінуі, ал қажет болған жағдайда оларды өзектендіруі қажет. Акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, оған тиесілі дивидендтерді Компания БҚОД талап етілмеген ақшаны есепке алу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес БҚОД есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін арнайы шотқа аударатын болады.
ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) қатысты дивидендтер төлеу мақсатында Citibank, N.A. депозитарий-банкіне ақшалай қаражатты аудару аударылған күндегі (2026 жылғы 28 шілде) ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгедегі баламалы сомада АҚШ долларымен жүзеге асырылды, ол бір АҚШ доллары үшін 473,4 теңгені құрады. ЖДҚ-ға қатысты дивидендтерді кейіннен бөлуді Citibank депозитарлық банкі, егер бар болса, депозитарлық комиссияларды, салықтарды және егер қажет болса, басқа да ұсталымдарды шегергенде, DTC немесе Euroclear және Clearstream арқылы жүзеге асыратын болады.
Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында Компания Директорлар кеңесінің құрамын өкілеттік мерзімі үш жыл болатын сегіз адам санында сақтау туралы шешім қабылдады. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің құрамына бір бос орынды ескере отырып, келесі мүшелер қайта сайланды:
- Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – тәуелсіз директор;
- Сидиков Нодир (Nodir Sidikov) – тәуелсіз директор;
- Сәтжан Салтанат Ерболқызы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
- Рысқұлов Айдар Қайратұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
- Отыншиев Елжас Мұратұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
- Юсупов Мейіржан Бақытұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы.
Компанияның Директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің толық өмірбаяндарымен Компания сайтынан www.kazatomprom.kz танысуға болады.
Ұзақ мерзімді облигацияларды ішінара өтеу туралы
2 маусымда Қазатомөнеркәсіп Astana International Exchange биржасының ресми тізімінде орналасқан облигацияларының (ISIN KZX000003371) 100 000 000 АҚШ доллар сомасында ішінара өтелгені туралы хабарлайды.
Ақдала кен орнында уранды өндіруге арналған келісімшарт туралы
2026 жылғы 17 сәуірде «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС (Қазатомөнеркәсіп 100% қатысу үлесіне иелік етеді) мен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі арасында Ақдала кен орнында уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылды, ол қол қойылған күннен бастап Ақдала кен орнына жер қойнауын пайдалану құқығының Қазатомөнеркәсіптен «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС пайдасына өтуін көздейді.
Қазатомөнеркәсіптің 2026 жылғы 2-тоқсан және 1-жартыжылдықтағы операциялық қызметінің нәтижелері1
|
|
|
30 маусымда аяқталған үш ай
|
|
30 маусымда аяқталған алты ай
|
|
||
|
|
|
2026 |
2025 |
Δ% |
2026 |
2025 |
Δ% |
|
U3O8 |
тонна уран |
7 147 |
6 609 |
8% |
13 291 |
12 242 |
9% |
|
млн фунт U3O8 |
18,58 |
17,18 |
34,55 |
31,83 |
|||
|
U3O8 |
тонна уран |
3 807 |
3 467 |
10% |
7 054 |
6 431 |
10% |
|
млн фунт U3O8 |
9,90 |
9,01 |
18,34 |
16,72 |
|||
|
Топ бойынша U3О8 сату көлемі 4 |
тонна уран |
6 051 |
5 065 |
19% |
7 586 |
7 625 |
-1% |
|
млн фунт U3O8 |
15,73 |
13,17 |
19,72 |
19,82 |
|||
|
U3O8 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне қосылған)5 |
тонна уран |
4 548 |
4 429 |
3% |
6 083 |
6 987 |
-13% |
|
млн фунт U3O8 |
11,82 |
11,51 |
15,81 |
18,16 |
|||
|
Топ бойынша сатудың орташа бағасы 6 |
АҚШ долл./ фунт U3О8 |
70,79 |
60,36 |
17% |
67,88 |
58,54 |
16% |
|
ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы 7 |
АҚШ долл./ фунт U3О8 |
66,61 |
58,67 |
14% |
64,51 |
57,27 |
13% |
|
Айдың соңындағы спот бағасының орташа бағасы 8 |
АҚШ долл./ фунт U3О8 |
85,18 |
72,59 |
17% |
86,83 |
69,38 |
25% |
Компанияның болжамдарына сәйкес 2025 жылмен салыстырғанда 2026 жылға арналған өндірістік жоспардың ұлғаюына байланысты ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 100% негізде де, қатысу үлесіне пропорционалды да жоғары болды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдықта Топтың сатылым көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі нәтижелеріне сәйкес келіп, операциялық көрсеткіштердің жалпы тұрақтылығын дәлелдеді. Компания деңгейіндегі сату көлемдеріндегі айырмашылық (жылдық есептеуде -13%) негізінен ҚАӨ-тің сату портфеліндегі құрылымдық өзгерістерге емес, клиенттердің жеткізілімге сұраныстарының түсу мерзімдері мен өзгерістеріне байланысты. Сату көлемі тоқсаннан тоқсанға айтарлықтай өзгеруі мүмкін, ал тоқсандық сату көлемі клиенттердің сұраныстары мен физикалық жеткізу мерзімдеріне байланысты жылдан жылға өзгеруі мүмкін.
Есепті кезең ішінде спот бағасының 25%-ға өсуі 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Топ пен ҚАӨ сатудың орташа бағасының тиісінше 16%-ға және 13% өсуін ынталандырды. Компанияның ағымдағы сату портфолиосы уранның спот бағасымен байланысты ұзақ мерзімді келісімшарттарды қамтиды, дегенмен кейбір жеткізілімдер тұрақты баға элементтерін, соның ішінде басқа баға шарттарында қалыптасқан жоғарғы шекті бағаларды қамтитын ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында жүзеге асырылды.
Уран нарығында тоқсан сайынғы нәтижелер мен тоқсан сайынғы қызмет динамикасы жыл бойынша күтулерге қатысты көрсеткіштер болып табылмайды. Жылдық болжамдарды түсіну үшін бірінші жартыжылдықтың қаржылық нәтижелерін жариялау шеңберінде жаңартылатын уранды өткізу бағалары жөніндегі кестені қарау қажет.
Қазатомөнеркәсіптің 2026 жылға арналған болжамды көрсеткіштері
Қазіргі уақытта Компания бұрын жарияланған 2026 жылға арналған өндіріс пен сату көлемдері бойынша болжамды көрсеткіштерді өзгеріссіз сақтайды.
Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының айтарлықтай құбылмалылығына байланысты, Компания қазіргі уақытта бірінші жартыжылдықтың нақты қаржылық нәтижелерін талдап, сыртқы факторлардың Компанияның жылдық болжамды көрсеткіштеріне ықтимал әсерін бағалауда. Қайта қарау келесі болжамды көрсеткіштерді қамтиды: түсім, C1 ақшалай өзіндік құны (қатысу үлесі бойынша), күрделі шығындар (100% негізде) және өндіруші кәсіпорындардың ақшалай өзіндік құны + күрделі шығындары, AISC. Осыған байланысты, Компания бірінші жартыжылдықтың қаржылық нәтижелерін жариялау кезінде қаржылық көрсеткіштер бөлігінде өзінің 2026 жылға арналған болжамды күтулерін жаңарту құқығын қалдырады.
Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама-2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық нәтижелер (2025 жылғы 22 тамыз)
Қазатомөнеркәсіп 2026 жылдың 21 тамызында жарияланғаннан кейін 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Басталуы Астана қ. уақыты бойынша 18:00 / BST уақыты бойынша 14:00 / EDT уақыты бойынша 09:00. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде сұрақ-жауап сессиясы өтеді.
Ағылшын тілінде тікелей эфирге (вебкаст) қоңырау шалу нөмірлерін тіркеу және алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Орыс тілінде тікелей трансляцияға (вебкаст) тиісті қоңырау шалу нөмірлерінің мәліметтерін тіркеу және алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Конференц-қоңырауды тарату жазбасы (вебкаст) ресми интернет-ресурстағы www.kazatomprom.kz сілтеме арқылы, ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай қолжетімді болады.
Инвестициялық қоғамдастыққа арналған техникалық тур
Қазатомөндіріс мүдделі институционалдық инвесторлар мен талдаушыларды 2026 жылғы 6-7 қазанда өтетін Компанияның уран кеніштеріне екі күндік турға шақырады. Кеніштерді аралау туралы толығырақ ақпарат пен бағдарлама тіркелген қатысушыларға тур өткізілетін күнге жақынырақ ұсынылады.
Талдаушылар мен инвесторлардың қатысуын тиімді үйлестіру және ұйымдастыру мақсатында, қатысуды алдын ала жоспарлауды және күнтізбелеріңізде осы күндерді белгілеп қоюды сұраймыз. Техникалық турға қатысу үшін орын брондау мақсатында мүдделі институционалдық инвесторлар мен талдаушылардан 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өтуді сұраймыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп 2025 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелерге баса назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Азия, Еуропа және Америка мемлекеттері. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің корпоративтік орталығынан сатады. Астана, Қазақстан, сондай-ақ Швейцариядағы TH Kazakatom AG (THK) еншілес сауда компаниясы арқылы.
Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге "мақсат", "санау", "күту", "ниет ету", "мүмкін", "болжау", "бағалау", "жоспар", "жоба", "болады"сияқты сөздер қолданылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді, "болуы мүмкін"," мүмкін"," керек"," мүмкін " және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты өтініштер осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компания күтулеріндегі өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде жарияламайды Болашаққа немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелер.