«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп, Компания) басшылығы Алматыдағы «Ядролық физика институты» РМК-ға (бұдан әрі – Ядролық физика институты, ЯФИ) барды. Сапар аясында Компания делегациясы ЯФИ ғылыми және өндірістік қызметінің негізгі бағыт-бағдарымен танысты.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстандағы жалғыз ғылыми-зерттеу ұйымы саналатын Ядролық физика институтында ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклі, атап айтқанда іргелі, қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, технологиялар мен өндірістер әзірленеді. ЯФИ базасында Қазақстанда іргелі зерттеулер, реакторішілік материалтану сынақтары, нейтрондық-активациялық талдау жүргізілетін, сондай-ақ өнеркәсіп үшін медициналық радиоизотоптар мен гамма-көздер өндірілетін жалғыз ВВР-К стационарлық ғылыми-зерттеу атом реакторы жұмыс істеп тұр.
Сапар барысында делегацияға радиоактивті материалдармен қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қашықтан басқарылатын манипуляторлармен жабдықталған «ыстық камералардың» жұмысы таныстырылды. Қонақтарға қатерлі ісік ауруларын диагностикалауға және емдеуге арналған радиофармпрепараттар өндірісі көрсетілді.
Сонымен қатар, делегация радиоэкологиялық мониторинг саласындағы жетекші орталықтардың бірі болып табылатын ЯФИ кешенді экологиялық зерттеулер орталығына барды. Қонақтарға радионуклидтік құрам мен сирек жер элементтерін талдаудың жабдықтары мен әдістері ұсынылды.
Кездесу барысында Қазатомөнеркәсіп пен Ядролық физика институтының өкілдері атом саласын да, сирек және сирек кездесетін жер металдарының бағыттарын да қамтитын бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының перспективаларын талқылады. Тараптар инновациялық технологияларды дамытуға және ғылыми базаны нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
«Біз Ядролық физика институтымен одан әрі ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер біздің позициямызды едәуір күшейтіп, атом өнеркәсібіне озық технологияларды енгізуге ықпал етуі мүмкін. Бұл серіктестік сонымен қатар біздің компаниямыздың дамуына да, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға да ықпал ететін білім мен тәжірибе алмасу үшін платформа жасайды», - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев ЯФИ бейбіт атомды пайдалану саласындағы технологияларды белсенді енгізіп, қолданатынын атап өтті. Институт отандық радиофармацевтикалық препараттардың шамамен 75% өндіріп, оларды еліміздің медициналық мекемелеріне жеткізіп береді. Осы жылдың маусым айынан бастап АЭХА-мен жасалған шарт шеңберінде Қырғызстанға молибден-99/технеций-99 генераторларын жеткізуге кірісті. Сонымен қатар, институт өнеркәсіптік мақсаттағы кобальт-57 изотопын өндіріп, оны Ресей, Германия, АҚШ және Францияға жеткізеді, ал Түркияға жеткізілімдерді кеңейту жоспарланып отыр.
Қазатомөнеркәсіп ядролық технологиялар саласындағы өз мүмкіндіктерін арттыруға және ғылыми зерттеулерде ілгерілеуге ұмтыла отырып, жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестік қатынастарды белсенді дамытуды жалғастырып келеді, мұның бәрі Компанияның инновациялар мен тұрақты дамуға бейілділігін дәлелдейді.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: ir@kazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.
Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді, болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.