| (AIX)    USD 39   %0      KZT 20750   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы 1-тоқсандағы қаржылық нәтижелері

21 мамыр 2020
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2020 жылғы 1-тоқсандағы қаржылық нәтижелері

2020 жылғы 31 наурызда аяқталған 3 ай қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») аудитордың шолып тексеруімен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 3 айға аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық есептілікті (қаржылық есептілікті) жариялады. Бұл құжат компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді:

www.kazatomprom.kz/ru/investors/finansovaya_otchetnost

Тоқсандық есептілікті жариялау Қазатомөнеркәсіпке қолданылатын листингтік талап болып табылмайды, алайда Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының реттеуші талаптарына сәйкес, сондай-ақ ағымдағы кредиттік келісімдер бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындау үшін 3 және 9 ай үшін қаржылық есептілікті шығаруы қажет. Қаржылық есептілікті жергілікті реттеуші органдарға ұсынғаннан кейін мұндай есептілік жария болып саналады. Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындау Қаржылық жай-күйін және қызмет нәтижелерін (OFR) талдауды талап етпейді.

Формалды мерзімді ашулар аясында 2020 жылы Қазатомөнеркәсіп инвестициялық қауымдастыққа мынадай есептілікті ұсынуды жоспарлап отыр:

  • әр есепті кезеңнен кейін шамамен бір айдан кейін қызметтің тоқсан сайынғы операциялық нәтижелері;
  • жылына екі рет жылдық аудиттелген және жарты жылдық аудиттелмеген, аудитордың шолып тексеруімен қаржылық есептер, Astana International Exchange (AIX) биржасының және Лондон қор биржасының (LSE) реттеуші талаптарымен айқындалған мерзімдерге сәйкес Қаржылық жай-күйін және қызмет нәтижелерін (OFR) талдай отырып, қаржылық есептер түріндегі қаржылық нәтижелер.

Компания 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша бірінші жартыжылдықтағы қаржылық есептілікке аудиторлық шолуды және Лондон қор биржасында (LSE) сауда-саттық ашылғанға дейін 2020 жылғы 27 тамыздағы Қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелеріне (OFR) тиісті талдауды жариялауды жоспарлап отыр.

Қазатомөнеркәсіп қызметіне COVID-19 әсері бойынша жаңартылған ақпарат

Қазатомөнеркәсіп, оның барлық еншілес және тәуелді ұйымдары COVID-19 таралуының алдын алу және қызметкерлер мен олардың отбасыларының, сондай-ақ жергілікті халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау жөніндегі кешенді шараларды қабылдауды жалғастыруда. Біздің барлық еншілес және тәуелді ұйымдар қызметкерлер санын мүмкіндігінше ең аз деңгейге дейін төмендетті, ал барлық қосалқы қызметкерлер үйлеріне қайтарылды.

Бұрын хабарланғандай, бұл шаралар үш ай бойы әрекет етеді деген болжам бар, мұның салдары кен орындарында тау-кен дайындық жұмыстары бойынша қызметті тоқтата тұруға және тиісінше 2020 жылы уран өндірісінің қорытынды көлемін қысқартуға әкеледі. Дегенмен, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында өндіріс көлемі 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының өндіріс көлеміне ұқсас болады деп болжануда, себебі бұл өндіріс көлемі ағымдағы шаралар енгізілгенге дейін тау-кен-дайындық және бұрғылау жұмыстары бойынша қызмет нәтижесінде алынды. Осылайша, екінші тоқсанда қабылданған осы шаралар 2020 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарындағы өндіріс қарқынына әсер ететін болады.

Сондай-ақ, өндірістің қысқаруы Қазақстанның барлық уран кеніштеріне әсер ететінін атап өткен жөн, алайда кәсіпорындар бөлінісінде қысқартылған өндіріс көлемі ерекшеленетін болады. Әрбір кәсіпорында өндіріске әсер ету қолданыстағы полигондардың (блоктардың) санын қоса алғанда, қызметкерлер санының төмендеуіне дейін бірқатар факторларға, сондай-ақ әрбір кен орнының геологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Белгісіздік сақталады, ал пандемияның қаншаға созылары әлі белгісіз. Компания ағымдағы жағдайға сәйкес бейімделетін болады, өйткені қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі – өндірістің жұмыс істеуін қауіпсіз жаңарту үшін қолайлы уақытты анықтаудағы біздің басты басымдығымыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR и PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, IR и PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2019 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ  ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ  ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

 

Пікір қалдыру