
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ рейтингін «BBB-» деңгейінде бекітті, болжам «Тұрақты»
2015 жылғы 30 қазанда Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингін «ВВВ-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады.
Fitch Ratings «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-н түпкілікті акционер Қазақстан Республикасымен шектеулі құқықтық, операциялық және стратегиялық байланыстары болғандықтан дербес компания ретінде бағалайды (ВВВ+/Stable).
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағалау барысында Компанияның әлемдік табиғи уран өндірудегі көшбасшылық орны, тұрақты операциялық бағдары, орта мерзімді болашаққа уран сатудың келісілген көлемі, сондай-ақ ғаламдық деңгейдегі ұқсас компаниялармен салыстырғанда өндірістің өзіндік құнының төмендігі ескерілген. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ рейтингі шектеулі әртараптану және уран бағасының құбылмалығымен тежеледі.