| (AIX)    KZT 18195   %   -0.71 USD 39.87   %   1.14

АЭЖХА басшысы Юкия Амано «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің атом павильонында болды

28 тамыз 2017
АЭЖХА басшысы Юкия Амано «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің атом павильонында болды

Астанаға сапары барысында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭЖХА) Бас директоры Юкия Амано «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағындағы «Атом энергиясының әлемі» павильонын аралады.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев АЭЖХА басшысына 9 тақырыптық аймақтан тұратын тұтас кластер түріндегі атом павильонының экспозицияларын таныстырды. Қазатомөнеркәсіп өзінің серіктестері - Cameco, Areva және Росатом сияқты әлемнің жетекші компанияларымен бірге құрған павильон ядролық отын циклының барлық буындары, атом энергетикасының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығы туралы мол мәлімет береді.

Ю. Амано сондай-ақ, виртуалды шындық көмегімен жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру процесін тамашалады. Бұл әдісті АЭЖХА уран өндірудің әлемдегі ең озық және экологиялық қауіпсіз әдісі деп таныған.

АЭЖХА басшысы мазмұнды экскурсия үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, «Атом энергиясының әлемі» павильоны ядролық энергетиканың артықшылықтарын жұртшылыққа толық түсіндіруге үлкен септігін тигізетінін атап көрсетті.

Пікір қалдыру